Реферат: Биология | Гуморалды иммунитет жүйесі » ZHARAR

0

«Гуморалды иммунитет жүйесі. В-лимфоциттердің дифференциялануы. Иммуноглобулин G-дің құрылысы»

2. Мақсаты: Студенттерді иммунитетің В-жүйесінің негізгі қызметтерімен таныстыру, иммуноглобулин G-дің құрылысын және қызметтерін қарастыру.

3. 3. Дәріс тезисі
1. В-жүйесінің негізгі қызметтері.
2. Иммуноглобулин G химиялық құрылысы.
3. Иммуноглобулиндердің Fab және Fc-фрагменттерінің қызметтері

Гуморалды иммунитет жүйесі – антигендерге қарсы антидене түзу қызметін атқаратын арнайы жүйе болып табылады. Оның функционалды белсенділігі иммунитетің Т-жүйесі және антигентаныстырушы жасушалармен тығыз қарым-қатынасына байланысты болады.
Гуморалды иммунитет жүйесінің негізгі жасушалары антидененің түзілуіне жауапты В-лимфоциттер болып табылады. Антидененің гуморалды иммундық жауапқа қатысуы еритін және корпускулалы антигендермен иммундық кешеннің түзілуіне байланысты. Иммундық кешеннің құрамындағы антигендер оқшаулауға және/немесе жойылуға ұшырайды.
Антидененің негізгі қызметі антигенді арнайы байланыстыру. Антиген мен антидененің арнайы бай ланысуы олардың арасындағы кеңістіктік сәйкесікке, немесе комплементарлыққа негізделген.
IgG молекуласында 4 полипептидтік тізбектер бар: 2 ауыр және 2 жеңіл. Антигенмен тікелей байланысатын V-доменінің гипервариабелдік аймағының аминқышқылдары. Белсенді орталығының қуысы ауыр және жеңіл тізбектерінің вариабелдік аймақтарында орналасқан және белгілі гаптендік тобына сай келеді. Ауыр тізбектерінің тұрақты домендерінен тұратын (2 СН2, және 2СН3) фрагменті Fc-фрагмент деп аталады.

Fab және Fc-фрагменттерінің негізгі қызметтері
Fab-фрагментінің негізгі қызметі – антигенмен байланысу, себебі оның құрамына ауыр және жеңіл тізбектерінің VH және VL-домендеріннен құрастырылған иммуноглобулин молекуласының белсенді антиген байланыстырушы орталық кіреді.
Fс-фрагментінің қызметтері:
1. Иммуноглобулиннің барлық кластары Fс-фрагментінің құрылысы бойынша ажыратылады. Осындай айырмашылықтар Fc-фрагментінің құрамына кіретін СН-доменінің санына да аминқышқылдарының құрамына да әсер етеді (қосымша домендер болуы мүмкін, мысалы, IgM және IgE-де СН4 домен). Соған байланысты Fc-фрагменттерінің құрылысында иммуноглобулин кластары қызметі бойынша ажыратылады.
2. Fс-фрагментінің көмегімен иммуноглобулин молекулаларының полимеризациясы жүреді. Мысалы, секреторлы IgA димерді және тримерді құрайды, сарысулық IgМ пентамер болып табылады (5 сурет).
3. IgМ, IgG1 және IgG3 Fc-фрагменттерінде антигенмен байланысқан кезде құрылымдық өзгерістер болады, нәтижесінде СН2-доменінің аймағында комплемент жүйесінің бірініші компонентін байланыстыратын белсенді орталық пайда болады. Сондықан имунологбулиннің бұл кластары комплемент жүйесінің классикалық жолмен активтенуін шақырады.
4. Fс-фрагментінің көмегімен иммуноглобулин молекулалары В-лимфоциттердің плазмалық мембранасына тіркеледі және антигентанушы рецептор болып табылады.
5. Ағзаның көптеген жасушаларының бетінде иммуноглобулиннің әр кластарына арналған рецепторлар бар. Егер осы рецепторларға иммуноглобулиндер немесе құрамына осы иммуноглобулиндер кіретін иммундық кешендер бекітілсе, онда осы рецепторлар арқылы сәйкес жасушалардың қызметтері белсенуі немесе тежелуі мүмкін.

4. Иллюстрациялық материал: №2 мультимедиялық дәріс

5. Әдебиет
1.А.А. Шортанбаев, С.В. Кожанова «Жалпы иммунология», Алматы, 2008, 54-77 беттер
2.А. Ройт «Основы иммунологии». М., 2007, 59-86 беттер
3.T.Y Kindt, R.A. Goldsby, B.A. Osborne «Kuby Immunology», N.Y., 2007.
4.A.L. De Franco at all «Immunity», London, 2007.

6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
1.Гуморалды иммунитет жүйесінің негізгі қызметі.
2.Қай жерде В-лимфоциттердің антигенге тәуелсіз және антигенге тәуелді диффренециялануы жүреді.
3.Адам иммуноглобулиндерінің кластарын және топшаларын атаңыздар.
4.Иммуноглобулин молекулалары қандай полипептидтік тізбек түрінен тұрады?
5.Иммуноглобулин молекулалары қандай фрагменттерден тұрады?
6.Негізгі сарысулық иммуноглобулинді атаңыздар.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com