Əр түрлі экономикалық жүйелердегі мемлекеттік қызметі туралы қазақша

0

Материалдық немесе басқа да игіліктерді қалыптастырудағы өндірістік күштердің бірігуі – экономикалық жүйе деп аталады. Экономикалық жүйелер өзінің ерекшеліктеріне байланысты түрлі қалыпта болады жəне бір уақыт аралығында əртүрлі елдерде, əртүрлі формада болу мүмкін. Экономиканың жүйенің негізгі екі түрі бар: 1) ашық; 2) жабық немесе автократтық.

Ашық экономикалық жүйе – халықаралық еңбек бөлінісінде жəне дүниежүзілік шаруашылық байланыстарға қатынасуға тұтастай негізделген жүйе болып табылады. Экономикалық жүйенің негізгі элементтеріне əлеуметтік-экономи-калық қатынастар жатады, оның негізінде: — ресурстарға меншік формасы; — шаруашылық қызметтің ұйымдастырушылық формалары; — шаруашылық тетіктері, яғни қызметті макроэкономикалық деңгейде реттеу əдісі; — шаруашылық субъектілері арасындағы экономикалық байланыстар бар. Экономикалық жүйелер мынадай негізгі белгілер бойынша ажыратылады: — өндіріс құралдарына меншік түрі; — экономикалық қызметті басқару жəне үйлестірудің əдістері мен тəсілдері.

Америкалық экономистер К.Макконнелл жəне С.Брю – атақты «Экономикс» кітабының авторлары – экономикалық жүйелердің төрт түрін бөліп қарастырады: — «таза» капитализм; — қазіргі нарықтық экономика, немесе аралас жүйе; — əкімшілік экономика; — дəстүрлі экономика.

Экономикалық жүйелер – құрылымдық жоспарында барлық қарапайым жəне күрделі өндірістік шаруашылық жəне оның құқықтық, салалық, кеңістіктік, ұйымдастырылуының жиынтығы, яғни оған кəсіпорындар, халықаралық сфералары мен экономикалық аймақтар енеді.

Қоғам жүзеге асырылатын барлық мүліктік қарым-қатынастардың жəне ұйымдастырылатын формаларының жиынтығы, сол қоғамның экономикалық жүйесін білдіреді. Экономикалық жүйенің негізгі элементі болып, əлеуметтік- экономикалық қарым-қатынастар шаруашылығының қызметінің ұйымдастырылатын формалары, макроэкономикалық деңгейін-дегі қызметті жүзеге асырудың шаруашылық тетігі мен шаруашылық субъектілер арасындағы экономикалық қарым-қатынастар жатады. Экономикалық жүйелерді бағалағанда үздік экономикалық жүйе адамдарды қажетті игіліктермен толық қамтамасыз етілетін жүйе болып саналады.

Нарықтық экономикада негізгі құрал-жабдықтар мемлекет үлесінде емес, экономиканы жүргізуші субъектілердің қолында болады. Нарықтық экономика мемлекеттің қызметін, ел байлығын қорғау мен бақылап отыру, ал сол байлықты өндіру мен жаңа байлықтар жасау оның азаматтық қолында деп саналады. Нарықтық экономика экономикалық таңдаудың еркіндігін қамтамасыз етеді. Нарықтық экономиканың негізгі шарттарының бірі еркін бəсекелестік пен еркін кəсіпкерліктік қорлау болып табылады. Нарықтық экономиканың мəні – сұраныс мен ұсыныс тетігінің тепе-теңдігін сақтау болып табылады. Сұраныс төмендегенде, дефицитке, ал ұсыныс төмендегенде, өндірістің жоғарылауына əкеледі. Осы тепе-теңдіктің бұзылмауын қамтамасыз ету мемлекеттің үлесі болып табылады. Мемлекеттің үлесі нарықтың экономикадағы бақылау немесе «көрінбейтін қол» болып табылады. Олардың негізінде нарықтың экономика негізін жеке инвестициялық субъектілердің мүддесін қорғаушы экономикалық қызмет саналады, яғни нарықтық экономикада жоғарыдағы мемлекеттік билік жоққа тəн. Яғни, таза «капитализм» дегеніміз, ресурстарға жеке меншік нарықтар жүйесі жəне экономикалық қызмет оларды басқару жеке меншік арқылы жүргізіледі деген сөз.

Жоспарлы экономикалық жүйенің негізгі мəні: 1. Өндірістің барлық материалдық құралдар мемлекеттік немесе қоғамдық меншік. 2. Басқару орталықтандырылады немесе əкімшілік реттеу жасалады. 3. Өндірістік ресурстар немесе өнімдер орталықтарын таратады. 4. Бағаны да мемлекеттік белгілеу.

Жоспарлы экономика негіздерін қалаушылар К.Маркс пен басқалар қоғамдық еңбек үдерісін мемлекеттік меншіктен қоғамның меншікке ауыстырудың қажеттілігі, сəйкесінше капиталистік мемлекеттеріне коммунистік мемлекеттеріне бəсекенің жоспарлы ауыстырылуы қажет деп тұжырымдады. К.Маркс бəсекелестіктің екі түрін көрсетеді: — салаішілік; — салааралық.

К.Маркс тауардың нарықтық құнын сол саладағы өндірісте орташа жағдайда өндірілген тауарға шыққан шығын арқылы есептеуге болады деп саналады, яғни тауардың нарықтық бағасын өндіріс саласы қажет деп көрсетеді. Маркс салааралық бəсекелестікті қоғам қажеттілігімен өндірілген тауардың көлемін сəйкестендірілетін тетік ретінде қарастырылады. Салааралық бəсекелестік салаларының арасындағы пайда нормасын реттейді, орталық пайда нормасын белгілейді. Ал бұл бағаны белгілейді. К.Маркс бойынша сұраныс мен ұсыныс арасында қарым-қатынасты реттеу түрлі сферадағы өндірістің пайдаларын бір деңгейде əкелу арқылы қол жеткізуге болады. Жоспарлы экономикаға тəн қатынастар мемлекеттік меншік мемлекеттік өндірістің монополизм экономикалық шешімдерді мемлекет чиновниктер қабылдайды. Өндірістер мен тұжырымдар таңдау еркіндігі жоқ шаруашылық тетіктер жоспарлы жүйе екендігін анықтаудың үш элементі бар: 1. меншіктік мемлекет; 2. бəсекелестіктің жоқтығы; 3. басқаруды мемлекеттік билік жүргізеді.

Аралас экономиканың мəні оның негізінде əртүрлі бір-біріне сəйкес келмейтін институттардың принципі мен қарым-қатынастарын жүзеге асырылу болып табылады: — еркін кəсіпкерліктің нарықтық принципі мен мемлекеттік реттеу; — еркін кəсіпкерлік нарық принципі түрлі шаруашылық меншік түрлерін қамтамасыз ету.

Американдық зерттеуші Самуэльсон ХІХ ғасырдың аяғында ХХғасырдың басында барлық елдерде мемлекеттің экономикалық функциясын кеңейтіле бастағанын айтады. Экономикалық функция аралас жүйеге, яғни еркін кəсіпкерлікпен қоғам мен мемлекет тарапынан сол қызметті жүзеге асыруға бақылау қол бастады. Мемлекет нарыққа өндіріспен тұтынуды реттеуге экономикалық бағаларды бекітуге əсер ете бастайды. Араласэкономиканың негізгі сипаттары нарықтық экономикамен салыстыр-ғанда, түрлі меншік пен кəсіпкерлікпен араласуы ғана емес, əлеуметтік үдерістерді реттеу болып табылады. Самуэльсонның анықтамасы бойынша аралас экономика ең алдымен, баға жүйесін қалыптастыруға ұмтылған жəне нарық кемшіліктерімен макроэкономикалық тұрақсыздықты жою үшін үкіметтің түрлі құралдарын қолдану сипатталады.

Экономикалық жүйе – бұл қоғамда əрекет ететін мүліктік жəне ұйымдастырушылық формалар негізінде жасалатын, барлық əлеуметтік- экономикалық үдерістердің жиынтығы.

Экономикалық жүйе түріне байланыссыз қоғамның шаруашылық өмірінде шаруашылық субъектілердің түрлі іс-əрекеттері қоғамда экономикалық хаос тудырмас үшін, белгілі бір жалпы ережелерді сақтау қажет, яғни ол халық шаруашылығының дамуын қамтамасыз ететін экономикалық үдерістердің қисындық жиынтығына айналуы тиіс. Мұндай ережелер тарихи даму барысында пайда болады жəне өзгереді, қабылданған жалпы тəжірибемен немесе экономикалық жүйенің басты мақсатына сəйкес əкімшіліктік тəртіппен белгіленеді.

Бұл ережелерді қоғамның қабылдауы жəне міндетті қадағалауы экономикалық жүйе қызмет етуінің басты шарттарының бірі болып табылады. Шаруашылық тетігі ұдайы өндірілетін жəне экономикалық ынталандыру, жазалау көмегімен барлық шаруашылық субъектілеріне оның ережелерін қадағалауды қамтамасыз ететін экономикалық тұрақты құрылым.

Нақты экономикалық құрылым келесі екі шарт болғанда ғана қалыптасады: 1. мемлекеттік шекарада белгілі бір аумағы болуы тиіс; 2. елдің аумақтық тұтастығын қамтамасыз ететін, ішкі тəртіпті сақтайтын, құрылыстың пайда болуы жəне даму сипаты мен тетігін анықтайтын ережелерді жасайтын, осы ережелерді қадағалауға көмектесетін орталық жəне жергілікті басқару органдары болуы тиіс.

Халықтың қалыпты өмірінің жəне экономиканың қызмет етуінің шектеулі шарттарын жасау жəне қолдау бойынша мемлекет қызметтері кейде «полицейлік» деп аталады. Мемлекеттің жүйені дамытудың шектеулі шарттарын қамтамасыз ету — əртүрлі экономикалық жүйелердегі мемлекеттің бірінші жалпы қызметі.

Еңбек бөлінісіне негізделген кез-келген экономикада шаруашылық етуші субъектілердің əртүрлі шешімдерін үйлестіру қажет. Мысалы, өндірушілердің жоспарын үйлестіру, олар тұтынушылар, капиталдың меншік иесі, жалдамалы жұмыскерлер мақсатымен сəйкес болуы қажет. Бұл шаруашылық қызметті үйлестірумен қамтамасыз етіледі.

Шаруашылық қызметті үйлестіру – əр түрлі экономикалық жүйедегі мемлекеттің екінші жалпы қызметі.

Үйлестіру – бұл жүйенің басым мақсаттарына сəйкес шаруашылық етуші субъектілер іс-əрекетіне əлеуметтік-экономикалық жүйенің мəжбүрлі əсер ету тетігі. Əкімшілік экономика жағдайында үйлестіру əкімшілік əдістермен жүзеге асырылды. Нарықтық экономикада шаруашылық субъектілері шешімдеріне əсер ету экономикалық əдістермен жүзеге асырылады (материалдық мүдде арқылы немесе материалдық шығын қаупі).

Мұндай əсер ету де мəжбүрлік сипатқа ие. Үйлестіру ақпарат жəне уəж жүйелері арқылы жүзеге асырылады. Мұнда ақпарат тиімді шаруашылық тəртіптің қажетті негізін құрайды. Ақпараттың шектеулі жағдайында тиімді тəртіп те шектеулі болады. Бұл кез келген шаруашылық субъектісіне қатысты болады, яғни, кəсіпкерлер қандай да бір тауарлар мен қызметтерге сұраныс қандай екені туралы, тұтынушылардың қалауы, нарықта шикізат, капитал жəне жұмыс күшінің болуы, жаңа технологиялар, сыртқы нарықтағы жағдай туралы ақпаратқа ие болуы тиіс.

Тұтынушыларға ұсынылатын тауарлар мен қызметтер, олардың сапасы, бағасы, сату шарттары туралы ақпарат қажет. Мемлекеттік басқару органдарына экономиканың жағдайы жəне болашағы, бюджеттің күтілетін табыстары мен қажетті шығындары, жұмыссыздар саны, жеке аудандар мен салалардағы жағдай, елдің сыртқы экономикалық байланыстарының жағдайы жəне келешегі туралы ақпарат қажет.

Орталықтан басқарылатын (əкімшілік) экономикада ақпараттың басты қайнар көзі барлық халық шаруашылығының мемлекеттік жоспарлары (орта мерзімді жəне жылдық). Нарықтық экономикада кəсіпорындар, тұтынушылар, отбасылар ақпаратты өздері тауып, шығынға ұшырайды. Кəсіпорындар үшін басты ақпараттық көрсеткіштер: — нарықтың ағымдық жəне келешектегі жағдайы туралы мəліметтер; — күтілетін сату көлемі; — пайда; — баға деңгейі; — еңбекақы; — пайыздық мөлшерлеме; — салықтар жəне т.б.

Отбасыларға жұмыспен қамтылу болжамы, еңбекақы деңгейі, баға, салықтар, əлеуметтік төлемдер мөлшерін білу маңызды. Қоғамды ақпаратпен қамтамасыз ету – түрлі экономикалық жүйедегі мемлекеттің үшінші жалпы қызметі.

Мемлекет қоғамды нақты, жедел қызмет ететін ақпаратпен қамтамасыз етуде жетекші рөлге ие: 1. Мемлекеттік органдар ақпаратты ұйымдастырушы жəне таратушы болып табылады. Олар елде тұтас статистикалық жүйені жасайды, ғылыми жобалау орталықтарын қаржыландырады, ақпараттық құжаттар дайындайды. 2. Мемлекеттік органдар салықтар, кедендік баж деңгейі сияқты маңызды ақпараттық көрсеткіштерді, ал кейбір елдерде электр энергиясы, коммуналдық қызметтер, теміржол көлігі тарифтерін, есептік мөлшерлемені анықтайды.

Бірақ əкімшілік саласында жəне нарықтық экономикада мемлекеттің қоғамды ақпаратпен қамтамасыз ету қызметін орындауында маңызды өзгешелік бар. Нарықтық шаруашылықта мемлекет ақпаратқа монополиялық билік жасамайды.

Тұтас экономика жəне оның жеке бөліктерінің қызмет етуіне жалғыз ақпарат жеткіліксіз. Шаруашылық субъектілері қызметіне уəждеу жүйесі қажет, яғни ол жағымды (сыйақы) жəне теріс (жаза) болуы мүмкін. Егер сыйақы жəне жаза қаржылық сипатқа ие болса, уəждеу материалдық болуы мүмкін. Бұл табыстың өсуі жəне төмендеуінде, шығынға, тоқырауға ұшырауында көрініс табады.

Нарықтық экономикада уəждемелік əсер етудің басқа əдістері-əкімшіліктік шаралар, соттық қуғындау, қоғамдық пікірлер, саяси қысым, діни ұстаным пайдаланылса да, материалдық уəждеу шаралары қолданылады. Мемлекет уəждеу жүйесінің қызмет етуінде маңызды рөл атқарады. Бірақ əрбір экономика өзінің ақпарат жəне уəждеу жүйелеріне ие, себебі оларсыз ұдайы өндірісті жасау мүмкін емес.

Ақпарат құралдары тұрақты түрде шаруашылық субъектілеріне уəждік əсер ету жүйесіндегі өзгерістерді хабардар етуі тиіс. Шаруашылық субъектілеріне уəждік əсер ету жүйесін жасау – түрлі экономикалық жүйедегі мемлекеттің төртінші жалпы қызметі. Меншік жүйесімен қатар ақпарат жəне уəждеу жүйелері экономиканы жалпы басқару жүйесінің негізін құрайды.

Экономикалық жүйелер басқару əдістерімен ерекшеленеді. Шаруашы-лық субъектілердің жеке жоспарларын үйлестіруді орталықтандыру арқылы, яғни мемлекеттік органдар негізгі міндетті жоспар жасаған жағдайда жүзеге асыруға болады (əкімшіл экономика немесе жоспарлы шаруашылық). Нарықтық шаруашылықта шешім қабылдау, жоспарлау шаруашылық субъектілерімен жүзеге асырылады, үйлестіру нарықтық тетік арқылы жасалады, яғни мемлекет нарыққа қатысушыларды ақпаратпен қамтамасыз етеді жəне олардың қызметін ынталандыру жүйесін жасайды. Осылайша, үйлестіру түріне сəйкес жүйе орталықтан басқарылатын экономика немесе нарықтық шаруашылық ретінде көрініс табуы мүмкін.

Қазір кез келген мемлекетте экономикалық жүйе түріне тəуелсіз мемлекеттік органдар экономикалық қызметтерді орындайды. Бұл қызметтер əрбір ел үшін экономикаға мемлекеттің араласу қажеттілігін туғызатын жағдайды жəне оның мақсаттарын қалыптастырады. Барлық елдер үшін мемлекеттің экономикалық қызметтерін тарихи анықтайтын жалпылама факторларды бөліп қарастыруға болады: — экономикалық жүйенің түрі; — осы жүйе экономикасын дамыту мақсаттары; — экономикалық мүмкіндік жəне меншіктік қатынастар жүйесі; — экономикалық қатынастардың даму дəрежесі; — халықаралық қатынастардың сипаты жəне аймақтардың даму деңгейі; — əлемдік шаруашылық жəне халықаралық еңбек бөлінісінде осы мемлекеттің алатын орны.

Экономикалық жүйенің түрі ұдайы өндіріс барысында туындайтын негізгі экономикалық қатынастардың елдегі тарихи қалыптасқан қағидалар, ережелер, нормалар сипатына байланысты қалыптасады.

Экономикалық жүйе түрлеріне байланысты мемлекеттің қызметтердің нарықтық экономика, аралас экономика, дəстүрлі, əміршіл-əкімшіл экономика пайда болады. Яғни, еркін бəсеке жағдайында экономикалық дамудың негізгі мақсаттары нарықтық тетік əрекетімен қамтамасыз етіледі, ал мемлекет нарыққа қолайлы жағдай жасауға бағытталған «түнгі қарауыл» қызметін атқарады.

Қазіргі нарықтық экономикада немесе аралас экономика жағдайында, мемлекет қызметі ауқымды жəне олар нарықтық субъектілер тəртібінің жалпы ережелерін жасап қана қоймай, ұлттық ресурстарды, табыстарды қайта бөлу, экономикалық үдерістерді реттеу, болжау жəне жоспарлау сияқты мəселелерді қамтиды. Бірақ мұнда экономиканың берілген үлгісінің даму мақсатына байланысты əр түрлі елдегі мемлекеттің экономикалық қызметтерінің тізімі ерекшеленеді.

Дəстүр, əдет-ғұрып, діни құндылықтар басым болатын дəстүрлі жүйеде негізгі экономикалық міндеттер əр түрлі шаруашылық шеңберінде шешіледі. Сондай-ақ, мұндай жүйеде мемлекет табыстарды қайта бөлу қызметін белсенді жүзеге асырады.

#Əр #түрлі #экономикалық #жүйелердегі #мемлекеттік #қызметі

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз