Мемлекеттің экономикаға араласу шектері | туралы қазақша

0

Нарық экономикасы жағдайында мемлекеттің араласу шектері жайында айтсақ, алдымен еркін бəсеке нарығынан бастауға тиіспіз. Экономикада шаруашылық қызмет шексіз еркіндікке ие болса да, мемлекеттің экономикаға араласуы бойынша кем дегенде үш проблема бар.

Біріншіден, нарық тетігі экономиканың дамуын қажетті қаржы көлемімен қамтамасыз етпейді, сондықтан да қаржы айналымымен мемлекет араласуы керек.

Екіншіден, нарықтық қызмет барысында туындаған нарықтық тетік сыртқы салдарды өзі реттей алмайды. Бұл мемлекеттік басқару саласына жатады.

Үшіншіден, нарықтық тетік халықты қоғамдық əл-ауқатпен қамтамасыз етпейді. Олардың өндірісі мемлекет қызметіне жатады.

Демек, еркін бəсеке экономикасында шаруашылық тетігінің екі жетекші тізбегін анықтауға болады – еркін нарық жəне мемлекет. Мемлекеттің экономикалық қызметінің мағынасы: ол «фиаскоға» ұшыраған жерде нарықты толтыру. Нарық экономикасы ақшамен өлшенбейтін қажеттіліктерді қанағаттан- дырмайды, себебі олар халық үшін тегін, сондықтан да, оны өндірушілерге пайда əкелмейді. Мұндай тауар мен қызметке жататындар: ішкі тəртіпті күзету, ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару, фундаменталды ғылым, білім, коммуникацияның ұлттық желісі жəне т.б. Оларды нарықтық экономика үшін мемлекет өндіреді жəне ол қоғамдық қызмет деп аталады.

Негізінен, қоғамдық қызмет –орталық жəне жергілікті билік күшімен мемлекеттің барлық азаматтарына көрсететін қызметі. Ол салық жəне өзге де төлемдерден түскен ақша арқылы қаржыланады. Қоғамдық қызметті елдің бар азаматтары тең дəрежеде жəне тегін пайдаланады.

Жоғарыда көрсетілген мемлекеттің қызметтері қазіргі нарықтық шаруашылық үшін мемлекеттің экономикаға араласу шегінің минималды қажеттілігін құрайды. Осы шектен мемлекет қызметі төмен түсе алмайды, олай болғанда нарық тетігінің жұмысына қауіп төнеді.

Сонымен қатар, экономикаға мемлекеттің максималды араласу деңгейі де бар. Ол қазіргі нарық шаруашылығында əлеуметтік жəне экономикалық проблемалармен анықталады. Олардың шешімі нарық тетігінің қызметі арқылы қамтамасыз етіледі жəне жоғарыда көрсетілген минималды басқару шекарасын қамтиды. Мемлекеттің нарықтық экономиканы басқаруының максималды шекарасына мемлекеттің келесі қызметтері жатады: кірісті қайта бөлу саясаты; жұмыспен қамтамасыз етуді мемлекеттің басқаруы; экономикалық өсуді, экономикадағы прогрессивті қүрылымдардың, ғылыми-техникалық прогресстің дамуын мемлекеттің ынталандыруы; мемлекет аймақтарының дамуына жағдай жасау, немесе мемлекеттің аймақтық саясаты; мемлекеттің құнсыздануға қарсы саясаты; монополияға қарсылық.

Қазақстан Республикасындағы шаруашылық реформалары мемлекетті экономикадан алшақтату жəне жиналған тəжірибені негативті түрде қарау ұранымен басталды. Бірақ, реформалардың басында-ақ нарықтық экономикаға көшу мемлекеттің көмегінсіз мүмкін емес екені анықталды.

Нарықтық реформалар басынан бастап ұзақ мерзім ішінде барша мойындаған жаңа экономикалық басқару тұжырымдамасы əлі күнге дейін нəтиже берген жоқ. Экономикалық өмірге мемлекеттің араласу бағасын беруде ойлар сан алуан: оны толыққанды мойындамау жəне жаңа мемлекеттік диктатураға шақыру.

Экономикалық əдебиеттерде экономиканы мемлекеттік реттеу мазмұны мен проблеманы шешу əдістері жайында бірыңғай ой жоқ. Егер қазақстандық тəжірибе жайында сөз қозғасақ, онда мынадай картинаны көреміз: уақыт өте келе негативті көзқарас ұстанушылардың, мемлекетті жəне мемлекеттік құрылымдарды толыққанды мойындамаушылардың ұстанымдары əлсіреп келеді.

Экономикалық бюрократизм проблемаларымен бірге, шаруашылық бастамаларын басып тастау жəне экономикалық өмірді қатаң түрде регламенттеу арқылы мемлекет экономиканы басқаруда қиындықтарға кездесіп қалуы мүмкін.

Жалпы, мемлекеттің экономикаға араласу себептері мыналар: — қоғамдық еңбек бөлінісін тереңдету жəне өндіріс үдерістерін жалпылауды күшейту; — əлемдік шаруашылық байланысын дамыту жəне өндірісті интеграцияландандыру; — монополиялардың пайда болуы жəне бəсеке тетігі қаупін жою; — экономикалық дағдарыстың кері ықпалының күшеюі; — жұмыссыздық көлемінің артуы жəне əлеуметтік проблемалардың шиеленісуі; — кəсіпкерлер құрылымы жəне қоғам мүдделері арасындағы қарама- қайшылықтың тереңдеуі.

Əлемдік тəжірибе көрсеткендей, өзін-өзі реттейтін нарықтық əдістер қаншалықты таралса да, экономикада жеке сектор бөлшегі қаншалықты жоғары болғанымен де, мемлекет əлеуметтік-экономикалық дамудың шешуші факторы болады. Сонымен қатар, мемлекеттің экономикаға араласуының дамуы əр кезеңде əр түрлі болып, жанама немесе тікелей дəрежеде болады. Белгілі бір кезеңде нарықтың өзін-өзі реттеуінің күшеюі экономикалық үдерістерде мемлекет рөлінің төмендеуі дегенді білдірген жоқ.

Мемлекеттің экономиканы реттеуге белсенді қатысуының объективті, ауыспайтын себептері бар. Экономиканың сəтті дамуы оның аумақтық кеңістігін айқындамаусыз мүмкін емес. Экономикалық қарым-қатынастың кез келген субъектілерінің мүдделері соңғы пайдалану негізінде жүзеге асады. Ал ол аумақтық ұйымға ие əлеуметтік ортамен байланыстырылады. Шаруашылықтың аумақтық тұтастығы мен анықтылығын мемлекет анықтайды. Қазіргі жағдайда оның халықаралық шаруашылықпен ел шаруашылығы байланысын орнату жəне оның субъектілерін əлемдік нарықта қорғауы маңызды. Елде экономикалық тепе- теңдікті құру, осындай тепе-теңдікті мемлекеттің қолдауы қоғамда тұрақтылық, тең дəрежелілікті орнатады жəне жүйені дамытады. Егер де ол бір əлеуметтік- саяси топтың мақсатына тəуелді болса, немесе, мысалы, ел азаматтарының мықты тобымен жасалынса, онда ол экономикалық жəне əлеуметтік қиыншылықтарға əкеледі.

Мемлекет экономикалық үдерістерді басқарып, халықты əлеуметтік қорғау жөнінде іс-шаралар атқарады. Сөз мемлекеттің қоғам өмірінің экономикалық жағына араласуы жайында емес, араласу қалай жасалауы керек жəне қандай көлемде жасалынады деген сұрақ туындайды.

Экономиканы мемлекеттің басқаруы қоғам өміріндегі əлеуметтік-экономика саласының қарама-қайшылықтары мен қиындықтарына мемлекеттің жауабы ретінде білінеді. Бірақ мемлекеттің экономиканы басқаруы деңгейі мен нақты нысандары тарихи даму ерекшеліктеріне байланысты.

Экономиканы реттеу кезінде мемлекет басқарудың барлық əдіс-тəсілдерін пайдаланып, бірқатар əлеуметтік жəне шаруашылық проблема-ларын шешуге ұмтылады: экономика белсенділігін тұрақтандыру, дамудың жоғары деңгейін ынталандандыру, əлеуметтік жылжуларды қамтамасыз етеді, бағаның өсуін шектеу, əлеуметтік шиеленістер деңгейін əлсірету жəне т.б. Мемлекет əрдайым тепе-теңдікте болуы керек: елдің экономикалық өміріне араласу деңгейі бірде жоғарылап, бірде төмендеп отыруы тиіс.

Мемлекеттік реттеу нарықта болып жатқан өзгерістерден қалмауы керек, ал егер қалып бара жатса, онда ол тиімді тұрақтандырушыдан экономиканың дамуын тежейтін бюрократиялық қосымшаға айналады. Сонымен қатар, экономиканы реттеушілерді абайлап пайдаланған жөн: оларды əлсіретпеу, нарықтық ынтаны алмастырмау қажет. Егер де мемлекет осы талапқа немқұрайлы қараса, онда нарықтық тетіктер жұмысы бұзылады.

Мемлекеттің экономикалық саясатының негізгі принциптері: мемлекет өзіне тек қана жеке бизнес атқара алмайтын қызметтерді ғана алады. Кей кездері мемлекет өндірісті, толыққанды саланы пайдамен қамтамасыз ету үшін өз мойынына елеулі шығынды алады. Бұл мемлекеттің экономикаға аз мерзімде (конъюнктуралық) əсер ету əдісі. Сонымен қатар, мемлекет экономиканы узақ уақыт бойы басқаруы үшін тиісті құрылымдық саясат жүргізіп, түрлі нысандарды пайдаланады. Оның негізгі мақсаты – мемлекеттің елдің өндірістік əлеуетінің дамуына қатысуы.

Демек, мемлекеттің экономиканы басқаруы конъюнтуралық сипатпен қоса стратегиялық сипатқа ие болады. Қазіргі индустриалды дамыған мемлекеттер үшін, кем дегенде, азаматтық қоғам, шаруашылық-өндіріс, немесе саяси-экономикалық жүйелер арасында жіктеу қажет. Себебі, олардың əрқайсысы тек өзіне ғана тəн ерекшелікке ие.

Белгілі Ресейлік ғалым И.Г.Солодкова бойынша мемлекет өзінің негізгі қызметі мен мақсаттарын жүзеге асыру үшін экономика саласында бірнеше бағытта жұмыс жасайды: — біріншіден, экономикалық іскерліктің инфрақұрылымы мен ортасын жасайды; — екіншіден, экономикалық іскерліктің негізгі нормалары мен тəртіп-терін қамтамасыз ететін институционалдық құрылымды қалыптастырады; — үшіншіден, қолайлы əлеуметтік ортаны жасайды; — төртіншіден, белгілі бір экономикалық саясатты қалыптастырады жəне оны жүзеге асырады (мысалы, экономикалық дамудың басым бағыттарын анықтайды); — бесіншіден, экономикалық іскерліктің белсенді субъектісі ретінде өзінің экономикалық қызметін жүзеге асырады; — алтыншыдан, мемлекеттік тапсырысты орнатады жəне мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады. Оны дамыған елдерде «келісім-шарт жүйесі» деп атайды.

#Мемлекеттің #экономикаға #араласу #шектері

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз