Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер, қызыл кітап

0
821
Сабақтың тақырыбы: Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8. 5. 1. 1. Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау.
8. 5. 3. 1. Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану.

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
Сәлемдесу, сабаққа дайындық;
Бейнематериал тамашалау;
Сабақтың тақырыбын болжау, мақсаттары мен бағалау критерийлерімен танысу.

Сабақтың ортасы
Оқылым алдындағы жұмыс
«Ақылды микрофон» стратегиясы арқылы оқушылармен сұхбат.
• Аң құстардың, өсімдіктердің қорықта болу себебі туралы не ойлайсыздар?
• Сирек кездесетін жануарлар, құрып бара жатқан өсімдік түрлері туралы не білесіздер?
Сынып екі топқа бөлінеді.
Оқылым алды жұмыс
1 – тапсырма.
• Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты қалай анықтауға болады?
• Негізгі ақпараттың мәтіндегі орны қайда болады?
• Қосымша ақпараттар автор ойын ашуға қалай көмектеседі?
• Қандай ақпараттар қосымша ақпарат болып саналады?
2 – тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтаңыздар.
Мұғалім мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды білдіретін сөйлемдерді жеке парақшаларға жазып, араластырады. Оқушылар қайсысы негізгі, қайсысы қосымша ақпарат екенін, неге олай ойлайтынын топта талқылайды, түсіндіреді.
Оқушылар мәтінді тұтас көлемде оқып, негізгі ақпарат пен қосымша ақпарат туралы өз пікірлерімен салыстырады.
(Мәтіндегі негізгі ақпарат: «Қызыл кітап» – жәндіктер мен жануарларды қорғауға арналған мемлекеттік шара.
Мәтіндегі қосымша ақпарат. Міндет – «Қызыл кітапқа» тіркелген түрлер мен түршелерді ғана қорғау емес. Жергілікті жерлердегі белгісіз түрлерді тауып, зерттеу.)

Қазақстанның Қызыл кітабы
Қызыл кітап – жәндіктер мен жануарларды қорғауға арналған мемлекеттік шара. Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына тіркелген жануарлар 5 санатқа бөлінеді.
I санат – жойылып бара жатқан түрлер мен түршелер;
ІІ санат – саны азайып бара жатқан түрлер мен түршелер;
ІІІ санат – сирек кездесетін түрлер мен түршелер;
IV санат – белгісіз түрлер мен түршелер;
V санат – қалпына келтірілген түрлер мен түршелер.
Міндет – Қызыл кітапқа тіркелген түрлер мен түршелерді ғана қорғау емес. Жергілікті жерлердегі белгісіз түрлерді тауып, зерттеу. Қызыл кітаптан тұңғыш рет жәндіктердің (омыртқасыз жануарлардың 105 түрі орын алды). Әсіресе бунақденелілердің (насекомые) ауыл шаруашылығына зиян келтіретін түрлері көп. Дақылдарда ауруға душар етеді, паразиттік жолмен өмір сүреді, түрлі аурулар таратады. Сондықтан оларға қарсы күрес шараларын ұйымдастырып, әдістерін пайдалана білу керек.
Республикамызда тек Сырдария өзенінің Арал теңізіне таяу су алабында тіршілік етеді. Ғылымға 1979 жылы ған белгілі болды Қазақстанда мекендейтін ең ірі денелі шекшек. Қанаты жоқ. Ол шырылдамайды және жыртқыш жәндік. Табиғатта кергілердің аталықтары көп кездеспейді, сол себепті олар партеногенезді жолмен көбейеді.
Маңыздылық аймақ» тәсілі арқылы берілген сөйлемдерді мәтін бойынша ең маңыздыдан маңызы аз деңгейге орналастыру.
1. «Қазақстанның Қызыл кітабы» алғаш рет 1978жылы шықты
2. «Қызыл кітап»деген атауды ағылшын ғалымы Питер Скотт ұсынды.
3. Әрбір тіркелген жануарлар суреті, Қазақстанның аумағында таралу картасы және ол туралы ақпарат көрсетілген.
4. Олар азайып барады. Қазір олар қорғауға алынған.
«Қызыл кітапқа» енген жануарлар мен өсімдіктердің кейбіріне тоқталып өту.
Құлан – сырт пішіні жылқы мен есекке ұқсайды. Бұрын далада еркін жүрген, қазір бұлардың саны азайған, қорғауға алынды.
Арқар – тау ешкісі, түсі қоңыр сұр, мүйізі үлкен иілген. Еті дәмді болған соң көп ауланған, қазір саны өте аз, қорғауға алынған.
Дуадақ – қазақ даласының көркі. Өсімдіктермен, жәндіктермен қоректенеді. Тез жүгіреді. Адамдар көп аулап азайған, қазір қорғауға алынған.
Жабайы қызғалдақ – Қазақстанның қалалары мен шөлдеріне сән береді. Көше қызғалдағының арғы тегі. Сонымен бірге, Қызыл кітапқа барыс, аққу, бүркіт, бірқазан, тырна, қызыл қасқыр, т. б. аңдар мен құстар кіреді.
Бүгінгі күні Қазақстанның Қызыл кітабына балықтардың – 16 түрі, қосмекенділердің – 3 түрі, жорғалаушылардың – 10 түрі, құстардың – 56 түрі, сүтқоректілердің – 40 түрі енгізілді.
Қара кітапқа мәңгілікке жойылғандар жазылады. Дронт, қанатсыз гагара, кезбе көгершін, мамонт, жойылып кетті.
Осы жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер қорықтарда қорғалып, сақталады. (Тақтадан Қазақстанның қорықтарын көрсету.)
Біздің табиғатымыз өте бай. Бірақ оның байлығы шексіз емес, сондықтан оларды қорғау, сақтау керек! Қазақстанда он қорық бар.
Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/