Қысым тақырыбын қайталау

0


Бағыты: Физика Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: 7 сынып

Сабақтың тақырыбы: Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қысым, қысымның бірліктері мен Паскаль заңы туралы түсініктерін арттыру, бекіту.Білімділік: Қысым, қысымның қатты денелер, сұйықтар, газдар арқылы берілуі Паскаль заңы туралы түсініктерін кеңейту.Дамытушылық: Ойын технологиясы арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, есептер шығару арқылы ойлау қабілетін дамыту.Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.Сабақтың әдісі: Сұрақ, жауап.Сабақтың технологиясы: ойын технологиясыСабақтың көрнекілігі: Кеспе қағаздар, слайд, эстафеталық білім картасы.Құрал жабдықтар: Шыны бөтелке, балауыз шам, шыны ыдыс, жұмыртқа, су, тұз. Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысымымен даярлығын тексеру.Топтардың сәлемдесуі. “Сөре” топтар өз атын, ұранын таныстыру.ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: “Жылдам сұрақ, тез жауап”Әр топқа 10 сұрақтан қойылады.Шығармашылық жұмыс: Ғалымдар өмірі. Әр топ өздері дайындаған ғалымдар туралы жұмыстарын көрсетіп қорғайды.ІІІ. “Ойлан тап”Есептерді бөгелмей шығарып үйренейік.ІV. “Ой сергіту” логикалық тапсырмалар.V. “Физикалық жұмбақ шешу”Әр топқа 3 жұмбақтан беріледі.VІ. “Бәйге”жарысы. Эстафеталық білім картасы.Бұл жарыста оқушыларға өткен тақырыптарды қайталап, пысықтау мақсатында эстафеталық білім картасы таратылады. VІІ. “Полиглот” бөлімінде физикалық шамалардың белгіленуі беріледі, оқушылар осы физикалық шамалардың қандай шама екенін тауып, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жазып, оны тақтаға шығып оқып береді.VІІІ. “Зертхана қаласы”ІХ. Қорытындылау. “Физикалық тест” 10 сұрақтан тұратын тест таратылып, алынады.Х. Үйге тапсырма: ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: “Жылдам сұрақ, тез жауап”Әр топқа 10 сұрақтан қойылады.І топ.Табиғат құбылыстары – Физика – Астраномия – Материя – Табиғатты зерттеудің негізгі әдістері:Гипотеза – Физикалық теория – Өлшеу – Физикалық шама – Сандарды стандартты жазу – ІІ топ.1. Атом дегеніміз не?2. Малекулалы – кинетикалық теорияның негізгі қағидалары:3. Молекула дегеніміз не?4. Диффузия – 5. Броундық қозғалыс – 6. Заттың күйлері – 7. Температура – 8. Масса дегеніміз не?9. Заттың тыңыздығы – 10. Күш — ІІІ топ.Механикалық қозғалыс – Материялық нүкте – Қозғалыс траекториясы – Орын ауыстыру – Бір қалыпты қозғалыс – Бір қалыпте емес қозғалыс – Жылдамдық – Диформация – Гук заңы – Ауырлық күші – ІІІ. “Ойлан тап”Есептерді бөгелмей шығарып үйренейік.1. Биіктігі 10 см, тығыздығы 1800 кг/місұйықтың цилиндр пішіндес ыдыстың түбіне түсіретін қысымын есептеңдер.2. 100 смІ ауданға 50 Н күш әрекет етеді. Қысымды анықтаңдар3. Қар үстінде тұрған шаңғышының салмағы 780 Н. Оның әр шаңғысының ұзындығы 1,95м, ал ені 6см. Шаңғышының қар бетіне түсіретін қысымын табығдар.4. Шынжыр табанды ДТ – 75 М трокторының массасы 6610 кг, ал оның екі шынжыр табанының тіреу ауданы 1,4мІ. Осы трактордың топырақ бетіне түсіретін қысымын анықтаңдар.5. 200 смІ ауданға 100Н күш әрекет етеді. Күштің түсіретін қысымын анықтаңдар. 6. Көлемі 25 л бензиннің салмағын есепте. Бензиннің тығыздығы 700 кг/мі.7. Адам суда 9 м тереңдікке дейін жүзіп баралады. Осы тереңдікте адамға әрекет ететін судың қысымын есепте. Теңіз суының қысымы 1030 кг/мі. ІV. “Ой сергіту” логикалық тапсырмалар.Қандай мақсатта темір жол рельстері жалпақ келтек ағашқа қойылады? Рельспен келтек ағаш арасына болат төсеніштер салады? Және келтек ағаш сусымалы материалдардың үстіне қойылады осыларды түсіндіріңдер.Неліктен аңшы шаңғысы спортшы шаңғысына қарағанда жалпақтау болады?Еденде тұрған адам ешқендай қосымша жүк көтермей – ақ, еденге түсіретін қысымын қалайша арттыра алады?Жануарлардың жер бетіне түсіретін қысымы тыныш тұрғанда және жүгіргенде бірдей болама?Неге кескіш саймандарды шарлайды?Күректің аяқ басатын тұсын жалпақ етіп жасайды. Неге?Неге батпақты немесе жұқа мұздан өткенде жалпақ тақтай қолданамыз?Инемен тігіс тіккенде бармаққа оймақ киеді.Неліктен? Логикалық тапсырманың жауаптарыҚысымды кеміту мақсатында, себебі тіреуіш ауданын үлкейткен сайын қысым да азаяды. Аңшы шаңғысының қар бетіне түсіретін қысымын кеміту үшін.Бір аяғымен тұруы керек.Жоқ. Жүгіргенде джерге түсірілген қысым артады, себебі тіреу ауданы азаяды.Шарлау арқылы бет аудандарын азайтады, бұл қысымның артуына мүмкіндік туғызады.Аяққа түсетін қысымды кеміту үшін, яғни аяқты ауыртпау үшін.Қысымды кеміту мақсатында.Бармаққа аз қысым түсіру үшін. V. “Физикалық жұмбақ шешу”Әр топқа 3 жұмбақтан беріледі.І топ.Жердің жүзін шарлайсың,Онсыз еш жерге бармайсың.Көлікпен де, жаяу да, Саралайсың, таңдайсың.2. Көп болса асықпайсың,Мезеттен қашықтайсың,Асықсаң аз болады,Табасың мұны қайсың?3. Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,Тағы да бір белгісіз шама шықты.Ол болмаса денелер қозғалмайды,Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты? ІІ топ.Жылдамдықты өзгертеді,Қозғалысты тездетеді.Қарсы шықса қозғалысқа,Тоқтарына көз жетеді.2. Қозғалысқа келтіріп,Жылдамдығын береді.Өлшемдерін қарасаң,Ньютонға ол келеді.3. Өзі затты құрайды,Теңдеуге таразыны сұрайды. ІІІ топ.1.Бірдей көлемдегі масса кейде көп,Аз болса да кейде дөп.Делінеді бұл шама,Аталуын тапшы тек.2. Аса қажет өмірге,Халық үшін, пайдаланам.Күн сайын жарық үшін.3. Барлық денелерге тән,Онсыз болмайды сән.Әр затта болады әр түрлі,Өлшеуге болады дәл. № Физикалық шамалар Математика – халық өрнегі Өлшем бірлігі Өлшейтін құрал 1 Жылдамдық v =l/t м/с Спидометр 2 Уақыт t= s/v с Сағат, секундомер 3 Масса m = pV кг Таразы 4 Көлем V = m/p м3 Мензурка, сызғыш 5 Ауырлық күші Fa=mg Н Динамометр 6 Салмақ P =mg Н Динамометр 7 Қысым P =F/S Па Барометр VІ. “Бәйге”жарысы. Эстафеталық білім картасы.Бұл жарыста оқушыларға өткен тақырыптарды қайталап, пысықтау мақсатында эстафеталық білім картасы таратылады. VІІ. “Полиглот” бөлімінде физикалық шамалардың белгіленуі беріледі, оқушылар осы физикалық шамалардың қандай шама екенін тауып, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жазып, оны тақтаға шығып оқып береді. № Физикалық шамалар Қазақ тілінде Орыс тілінде Ағылшын тілінде 1 V Көлем Объем Volume 2 Fүйк Үйкеліс күші Сила трения The working power 3 t Уақыт Время Time 4 p Тығыздық Плотность The mass 5 Fa Ауырлық күші Сила тяжести Power weight 6 h Биіктік Высота Higher 7 s Жол Дорога Waу 8 FA Архимед күші Сила Архимеда Archimedespower 9 I Ұзындық Длина The ijng ( length) 10 P Салмақ Вес Weight 11 v Жылдамдық Скорость The speed 12 S аудан полщадь square VІІІ. “Зертхана қаласы” 1 – тәжірибе:Кефир шынысының ішінен қағаз жағып салып, оның аузына ашылған (піскен) жұмыртқаны тез қоя салсақ, ол бірте – бірте шынының ішіне тартылып барып түсіп кететіндігіне тәжірибе жасалады.2 – тәжірибе:Таңғажайып жұмыртқа деген тәжірибе жасалады: Жартылай су құйылған шыны ыдысқа саламыз. Ол сұйық бетінде жүзіп жүреді. Егер ыдысқа тағыда су құйсақ жұмыртқаның бату тереңдігінде өзгерістер болама? ІХ. Қорытындылау. “Физикалық тест” 10 сұрақтан тұратын тест таратылып, алынады1. Ауырлық күшін өлшейтін құрал? А) Манометр В) Спектрометр С) Динамометр Д) Ареометр Е) Барометр2. Жылдамдықтың 72 км/сағ – пен берілген мәнін м/с – пен өрнектеңдер: А)7200 м/с В)20 м/с С) 200 м/с Д)72000 м/с Е)3600 м/с3.Төмендегі құбылыстардың механикалық құбылыстарға жататыны: А) Автомашинаның қозғалысы В) Жапырақтардың сарғаюы С) Картоптың бүлінуі Д) Найзағайдың жарқырауы Е) Судың қайнауы4.Тіректің денеге әрекет ететін күші…………………….. күші деп аталады. А) Үйкеліс күші В) Ауырлық күші С) Тіректің реакция күші Д) Тартылыс күші5. Ауырлық күші ———————————— А) Денелердің жерге тартылу күші В) Бір дененің екінші денеге әсер етуі С) Үйкеле жанасатын Д) Тіректің реакция күші Е) Дененің тірекке немесе аспаға түсіретін күші6. Ең алып планета? А) Жер В) Марс С) Юпитер Д)Меркурий Е) Шолпан7. Плутон планетасы қай жылы ашылды? А) 1930 18 ақпан В) 1931 20 ақпан С) 1932 18 ақпан Д) 1935 18 ақпан Е) 1930 25 ақпан8. Плутон Күнді толық қанша жылда айналып шығады? А) 248 жыл В) 10 жыл С) 20 жыл Д) 30 Жыл Е) 180 Жыл9. Юпитердің Күнді айналу периоды А) 12 жыл В) 10 жыл С) 20 жыл Д)5 жыл Е) 8 жыл 10. Құралсыз көзбен неше планетаны көруге болады? А) 5 В) 1 С) 2 Д) 6 Е) 3 Х. Үйге тапсырма: § 33,34 оқу. Х. Үйге тапсырма: § 33,34 оқу.


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.