Деформация түрлері, деформация деген не

0

Осы сабақта деформация түрлері қарастырылады. Бірақ деформация деген не? Дене пішінінің не көлемінің өзгеруің деформация деп атайды. Мысалы сіз ағаш таяқшаны қолмен сындырсаныз бұл деформацияға жатады, себебі ағаштың пішіні өзгерді.


Я болмаса серіппені қыссаныз да деформация пайда болады, себебі серіппенің ұзындығы қысқарады.


Деформация түрлері


Деформация түрлері екеу пластикалық және серпімді.


Серпімді деформация


Сыртқы күштің әсері тоқтағанда дене өзінің бастапқы көлемін және пішінің сақтаса онда деформация серпімді деп аталады.


Серпімді деформациялар серіппелерге тән:


Деформация түрлері


Осы суреттегі серіппе құлаған кірпішті итеріп бірнеше рет тербеледі де өзінің баяғы қалпына оралады. Серіппе бастапқы пішінің сақтайды.


Пластикалық деформация


Сыртқы күштердің әсері тоқтағанда дененің бастапқы пішіні мен көлемі сақталмаса онда деформация пластикалық деп аталады. Пластикалық деформацияның мысалына пластилиннің иілун жатқызуға болады:


Пластикалық деформация


Сіз пластилинге кез келген пішін бере аласыз, бұл пішінді пластилин сақтайды, пластилин өзінің бастапқы қалпына серіппе сияқты келмейді.


Серпімділік күші


Денені деформациялағанда, деформацияға қарсы әсер ететің күштін пайда болуы байқалады. Осы күш серіппенің пішінің сақтауға себепкер болады. Бұл серпімділік күші.


Серпімділік күші Гук заңы көмегімен есептелінеді.

Пән: Физика