Қысқы киімдер, киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік

0
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Қысқы киімдер.
Мақсаты: Балаларға киім, киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру.
Әр мезгілде киетін киімдерді атай білуге, сауалнамалар өткізу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
Киімді ұқыпты, таза киюге тәрбиелеу.
Алдын – ала жұмыс: Санамақ жаттап келу.
Көрнекілігі: Жылдың әр мезгілдерінің киімдері, ұлттық киімдер, әліппе дәптері.

Мотивациялық — қорғаушы
Жылулық шеңбері. Қонақтармен амандасу.
Өткен тақырыпты қайталау.
— Өткен сабақтағы ертегі қалай аталады?
— Жыл басы қай жануар болды?
— Жыл аттарын рет – ретімен атайықшы

Ұйымдастыру — ізденушілік
— Бүгін аптаның қай күні?
— Бүгін нешесі?
— Желтоқсан айы қай мезгілдің айы?
— Қыс мезгілінің тағы қандай айлары бар?
— Қыс мезгілінде қалай киінеміз?
— Дұрыс айтасыңдар, қыс мезгілінде жылы киінуіміз керек.
Олай болса, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Қысқы киімдер». Қыс мезгілінде қандай киімдер киеміз?

«Мынау кімдікі?»дидактикалық ойыны.
Шарты: киімдердің қайсысы ер баланыкі, қайсысын қыз балаға кигізу керек?

Дәптермен жұмыс.
«Балаларға арналған киім дүкені» атты сурет бойынша әңгіме құрастырамын.

«Менің киімдерім» атты санамағын жаттатамын.
«1»дегенім — бөрік,
Кисең бойға көрік.
«2»дегенім — етік,
Киер сәнді етіп.
«3»дегенім — ішік,
Теріден тігер пішіп.
«4» дегенім — тымақ,
Қыста кисең жылы — ақ.
«5» дегенім — байпақ,
Іші жылы тайпақ.

Сергіту сәтін жасатамын.
«Қайсысы артық?»дидактикалық ойынын ойнатамын.

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Мамырсу ауылы,
«С. Ғаббасов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
«Ақбота» шағын орталығы, тәрбиеші: Омарова Гульнур Оразгалиевна
Қысқы киімдер жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/