Алматы әуежайының президенті Ерсой Альп Эр Тунга қызметінен кетеді

0

Алматы әуежайының президенті Ерсой Альп Эр Тунга өз қызметінен кетеді.

«Жоспарланғандай, Альп Эр Тунга Ерсой жаңа халықаралық әуежай терминалының құрылысы аяқталғаннан кейін Алматы халықаралық әуежайының президенті қызметінен кетеді. Ол осы саладағы мансабын жаңа рөлде жалғастырады», — деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Басшылықты ауыстыру туралы ресми хабарландыру 5 маусымда жасалады.
1 маусымда Алматы әуежайында жаңа терминал іске қосылды.
Алматы әуежайының жаңа терминалының құрылысы 2021 жылдың мамыр айында басталды, жоба толығымен жеке инвестициялар есебінен іске асырылды.
Эрсой Альп Эр Тунга 2021 жылдың қыркүйегінен бастап әуежайдың президенті болды.

Фото Informburo.kz