Қыс қызығы балабақшадағы ашық сабақтар
Дәлелдеу ояту
-Балалар, маған қараңдаршы менің қолымдағы не?
— қардың түсі қандай ?
— қар қатты ма, әлде жұмсақ па?
-балалар бүгінгі көңіл – күйлерің осы қардай аппақ болсын.(балалар бір – бірлеріне ақ тілектерін ұлпа қарды беріп тұрып айтады) Көрдіңдер ме балалар?
Жылы сөздер айтып едік қолымыздың жылуынан қарда еріп кетті.Енді бізге қонаққа апайлар келіп жатыр, барлығымыз амандасайық.
-қар
— аппақ
-қар жұмсақ
-Денсаулығымыз мықты болсын
— заманымыз тыныш болсын
— білімді болайық
— аспанымыз ашық болсын
— барлығымыз тату – тәтті болайық.
Ұйымдастыру – іздену
Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс — әрекетінде «Қыс қызығы» деген тақырыпты өтеміз.
Балалар жылдың неше мезгілі бар?
Жыл мезгілдерін атайық?
Қазір жылдың қай мезгілі?
Желтоқсан қыс айларының бірі, осы айда қандай мерекелерді тойлаймыз?
-Жаңа жылда бізге кім келеді?
— не әкеліп береді?
— қыста қандай өзгерістер болады, қандай ойындар ойнаймыз?
— балалар қыста біздер қалай киініп жүреміз?
— сырт киімдерді атайық?
Ойын: « Сыңарын тап»
қыс жыл мезгілдерінің ішіндегі суық мезгіл, қыста барлық дала құстары жылы жаққа ұшып кетпейді, кейбір суыққа төзімді құстар қыстап қалады.Бұлар сауысқан,қарға, торғай.Қыста құстардысуықтан қорғануға сыртқы жүндері де көмектеседі.
-балалар қыс мезгілі сендерге ұнай ма?
-қыс туралы қандай тақпақтар білеміз?
жылдың төрт мезгілі бар
қыс, көктем, жаз, күз
қыс мезгілі
-Тәуелсіздігіміздің 20 –жылдығы, Жаңа жыл мерекесін тойлаймыз.
— Аяз ата келеді
— сыйлық әкеледі
— қар жауып жердің беті ақ болады, шанамен сырғанаймыз,шаңғы тебеміз, аққала жасаймыз.
— жылы киініп жүреміз
— малақай,тон, етік, қолқап, шәлі.
— балалар ойын барысында қолқаптың ,етіктің түр – түсіне, ондағы өрнектердің орналасуына қарай сыңарын табады.
— сұрақтарға жауап беріп, өздері білетін тақпақтарын айтады.