Жазира Байырбекова: Жанболаттың маған ғашық екенін алғаш автобуста түсіндім – Қазақстан жаңалықтары

0
166

Нәзік те биязы болмысымен көптің жүрегіне жол тапқан Жазира Байырбекова жары Жанболатпен танысқан шағын еске алды. Ол осыдан 25 жыл бұрын студенттік шағында болған қызықты естеліктерімен бөлісті, деп жазады Stan.kz.

Жанболат пен Жазира

«1994 жыл еді. 1-курс студентімін. Жасым 16-да. Жатақxанада тұрамыз. Біздің бөлмеде бір жігіт қайта-қайта есік қағып келіп, кілтін беріп кетеді «тұра тұрсыншы» деп, 10-15 минуттан кейін қайта алып кетеді. Әйтеуір сылтау тауып келе берді. Мен «осы жігіт біреуіңе ғашық» деп күліп қоям.

Бөлмеге менен жасы үлкен қыздардың дос жігіттері қонаққа келіп отыр еді. Әлгі жігіт есікті қағып мені шақырып «сен кішкентай қызсың, саған жігіттер бар жерде отыруға болмайды. Мен далаға шығып серуендеуге бара жатырмын. Жүр одан да таза ауада жүр қонақтар кеткенше» деп далаға серуендеп келдік.

Тағы бір күні сабақтан шығып аялдамада тұрсам әлгі жігіт те аялдамада бола қалады. Күнде солай. Бір күні автобус ішінде жаныма келіп тұрып Абай даңғылында орналасқан неке сарайының алдынан өтіп бара жатып «екеуміз кейін осында келеміз» деді.

Оның маған сөз айтқанының басы солай болды. Мен сонда ғана түсініппін ғой оның маған ғашық екенін. Сол жігіттің жанында жүргеніме … жыл болыпты. Есімі Жанболат!» – деп баяндады Жазира.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

stan.kz