Қуыршақты серуенге шығару балабақшадағы ашық сабақтар

0

Сабақтың тақырыбы :«Қуыршақты серуенге шығару»

Сабақтың мақсаты:Бір – бірінен ажыратып дұрыс атын тай білуге, 
эстетикалыққа тәрбиелеу.
Сабаққа керекті құралдар: Ұлттық кейінген қуыршақ, қуыршақтың жылы 
киімдері (шапка, шалбар, пальто) ойын 
атрибуттары.
Әдіс тәсілдері:Әңгімелеу, көрсету, нұсқау беру.
Сөздіктер: Кәжекей, сәукеле, мәсі.
Сабақтың барысы:Балалар бүгін бізге қуыршақ қонаққа келді. 
Балалар қане қуыршақпен амандасайық.
Балалар:Саламатсыз ба.
Тәрбиеші:Балалар біз қуыршаққа ат берейік.
Қуыршақтың аты Сауле.
Аты, кім балалар?
Балалар:Сауле
Тәрбиеші: Сәуле қандай тамаша кейініп келген. 
Қарандаршы басында сәукеле, ал мыңау 
көйлегі, ал мынау кәженкейі, ал аяғында мәсісі           
                                                   бар. Енді балалар біз Сәулеге ранап ән 
тақпақтарымызды айтып берейік.
Тақпақ:1. Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді.
Көп ертегі біледі.
Маған айтып береді. Әсел.
2. Мен гүлдерді жұлмаймын.
Торғайларды қумаймын.
Айтқан сөзін тыңдаймын.
Анашымды сыйлаймын. Айхан.
3. Айналайын анашым.
Әлпештеген анашым.
Еміп өскен баламыз.
Маматайдың мамасын
4. Саяхаттап шырақты.
Орман тауға барамыз.
Бөгеп тастап бұлақты .
Көпшік жасап аламыз.
Ән: «Ойыншықтар».
Сауле: Бұл топтың балалары шетінен әнші екен,
Қандай жақсы балалар.
Рахмет балалар. Жарайсындар.
Тәрбиеші:Енді, балалар, қазір бәріміз Сәулемен серуенге 
шығайық . Алдыменен Сәуленің жылы киімдерін 
кигізейік. Бірінші қайсы киімін кигіземіз.
Балалар:1. Шапка, 2. Кофтасын, 3. Пальто.
Тәрбиеші:Енді балалар бәріміз серуенге шығып ойын 
ойнайық.
Ойын: «Аңшы мен қояндар».
Мақсаты: Балаларды ептілікке, шапшандыққа, тәрбиелеу.
Мазмұны: Балалардың ішінде бір бала немесе тәрбиеші, әнші 
болады. Ал, қалған балалар қояндар болады. 
Қояндар орманда серуендеп қос аяқпен секіріп, 
Бұтақтардың арасыменжүгіріп жүреді. Олар 
аңшыны байқамайды. Тәрбиеші аңшы деп сигнал 
береді. Сигнал бергенде қояндар өз үйлеріне тура 
аңшыдан қашады. Ал аңшы қолындағы 
мылтығымен серуендеп жүрген. Қояндардың 
біреуін атып алады. Соңында аңшыдан неше атып 
алғаның санатамыз. Ойын 3-4 рет қайталанады.
Тәрбиеші:Балалар бүгін өте жақсы қатыстындар. Әсель,     
                                              Рустем, Айхан, Айда. Келесі сабақта бұдан да    
                                              жақсы қатысамыз.Қане, балалар Сәулені шығарып            
                                              салайық. 
                                              Сәулеге не айтамыз балалар.
Балалар:                             Сау болыңыз.
Тәрбиеші:                            Біздерге тез – тезден қонаққа келіп тұр.

 

 

 

 

 

 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!