Құқық жүйесі | туралы қазақша
Егерде жоғарыда көрсетілгендей құқықтың қайнар көздері құқық нысанының сырт жағын бейнелесе, оның ішкі нысаны өте күрделі құқық құрылымының жүйесін, яғни құқық жүйесін құрайды. Кез келген жүйе тәріздес құқық жүйесі мыналармен сипатталады: ол қандай элементтерден немесе бөліктерден тұратындығымен, бұл бөліктер бір-бірімен қалай байланыста және өзара әрекетте болатындығымен. Бұрын біз құқық жүйесінің бастапқы клеткасы, кірпіші болып табылатын құқық нормасы туралы сөз еткен болатынбыз (2.3 қараңыз). Сондықтан құқық жүйесін образды түрінде кірпіштен қаланған үйлермен салыстыруға болады, оларды түрғызған кезде, әрине, әрбір қаланған кірпіш өз орнына дүрыс орнығып, тиісті жерінде жатса, әрі басқа іргелес жатқан кірпіштермен нығыздалып байланса, сонда ғана құрылысымыздың өзі сымбатты да сұлу және түзу болып шығатынына ешкімде күмән келтіре алмайды.
Бірақ нақтылы істі қарап, шешу үшін көптеген құқық нормаларының ішінен бізге қажетті норманы табуымыз қажет. Оны оңай табу үшін туысқан құқық нормаларының топтарын, ірі бөліктерге біріктірілген құқық жүйесінің блоктарын білуіміз қажет. Оны құқық салалары және институттары деп атаймыз. Бұл жүйеліктің бірнеше деңгейі болады.
Бірінші деңгейі — заң нормалары болып табылады, олардың өздері ішкі байланыста болады. Бұрын айтып кеткендей, норма — нақтылы құқық қатынастарын реттейтін мінез-құлық (тәртіп) ережесі, бірақ бұл құқықтық қатынас бір емес бірнеше құқық нормаларымен реттелінеді, әрі қорғалады. Осындай нормаларды ірілендіріп бір кешенге біріктірудің негізін құқықтық институт дейміз. Мысалы, еңбек қатынастарында жеке еңбек шартын жасасу, жалақы тағайындау мен төлеу, еңбек және өндірістік тәртіпті бүзғандығы үшін кінәлы қызметкерді жауапкершілікке тарту, т.б. мәселелер қамтылады. Осыған байланысты еңбек құқығында еңбек шарты, жалақы, еңбек тәртібі, т.б. жеке институттар құрылады. Осылайша құқықтық институттың өзге де түрлері бөлектенеді.
Құқықтық институт құқық жүйесінің екінші деңгейін құрайды. Ол дегеніміз бір ғана қатынасты емес қоғамдық қатынастардың нақтылы топтасқан бірлескен түрлерін дербес реттеуге бағытталған құқықтар топтары. Демек, құқық институты, дәлірек айтсақ, салалар шеңберіндегі белгілі бір туыстас қоғамдық қатынастардың белгілі бір түрлерін реттейтін құқықтық нормалардың топтары. Осыдан келіп, нормалар жиынтығын нақтылы құқықтық институтқа біріктіретін белгілерін атауға болады: 1) құқық нормаларының зандық бірлігі (жалпы ережелер, құқықтық принциптер, құқықтық ұғымдар, т.б. түрінде көрінуі); 2) белгілі бір қоғамдық қатынастардың толық реттілігі (құқық институты әр қилы құқық нормалар түрін қамтиды, айталық, дефинитивтік нормалар, рұқсат етуші, тыйым салушы, ерік беруші және т.б. нормалар, бұлар жинақтала келе қоғамдық қатынастардың белгілі бір топтарын толық реттеуге қатысады. Сондықтан бұлар өзге құқық жүйелерінің құрылымдық бөліктерімен қабыспайды); 3) құқық институттарын құрайтын нормаларды бөлімдерге, бөліктерге, тарауларға, т.б. нормативтік актілердің құрылымдық құрылысына оқшауландырып бөлу.
Бірақта құқықтық жүйеде аралас институттар да бар. Айталық, Неке-отбасы қатынастарына азаматтық заңдарды қолдану туралы былай делінген: Неке-отбасы зандарымен реттелмеген отбасы мүшелерінің арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарға азаматтық заңдар қолданылады, өйткені ол неке-отбасы қатынастарының мәніне қайшы келмейді (ҚР Неке және отбасы Заңы, 5-бап, 1-тармақ).
Азаматтық құқық заңдарымен реттелетін қатынастар белгілеріне сай келетін отбасылық, еңбек, табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау қатынастарында азаматтық заңдар қолданылатыны туралы ҚР Азаматтық кодексінің 1-бабының 3-тармақшасында тұжырымдалған.
Құқықтық институттардың ерекшелігі: 1) оны құрайтын нормалар біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін жалпы мазмұнымен біріктірілген; 2) оны құрайтын нормалар, біртектес пәндік реттілігіне қарамастан, әр түрлі болып келеді, өйткені қоғамдық қатынастардың біртектестігі олардың тараптарын жоққа шығармайды; 3) оның мазмұны белгілі ұғым топтарын, терминдерді, құрылымдарды тұжырымдайды; 4) институтты құрайтын нормалар тығыз байланысты, өзара іс-әрекет жасайды, бірін-бірі толықтырып тұрады; 5) зандарда, нормативтік құқықтық бөлек актілерде немесе нормативтік құқықтық актілердің қандай да болмасын бір бөлігінде бекітілген. Тек кездейсоқ жағдайда ғана институттардың нормалары әрқилы нормативтік құқықтық актілерде беріледі. Құқық институттарымен салыстырғанда нормалардың кесектеліп ірілендірілген топтарының реттелетін құқық жүйесінің үшінші деңгейі -құқық салалары болып табылады.
Құқық салалары — бұл құқықтық реттеліктің әдісіне тән бір туыстас қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Бұлар қоғамдық қатынастардың белгілі бір сферасын реттейді. Мысалы, отбасы қатынастары мемлекет тағайындаған көптеген құқық нормаларын (неке қию, некені тоқтату, мүліктік емес) реттейді, қосыла келіп олар бір құқық саласына топтастырылады, оны отбасы қщыгы дейміз. Сол сияқты еңбек қатынастарын еңбек құқығы реттейді, т.б. (ол жөнінде төменде сөз болады). Демек, құқық салалары — бұл қоғамдық қатынастардың белгілі бір сферасын реттейтін заң нормаларының ықшамдалған жиынтығы. Заң жүзінде олардың мынадай түрлері айқындалған.
1) конституциялық (кейде оны мемлекеттік деп те айтады, әсіресе КСРО кезінде) құқық;
2) азаматтық;
3) әкімшілік;
4) қылмыстық;
5) жер;
6) еңбек;
7) отбасы-неке;
8) ауылшаруашылық (көбінесе аграрлық дейді);
9) еңбекпен түзеу (қылмыстық-орындаушылық);
10) табиғат қорғау (көбінесе экологиялық деседі);
11) қаржы;
12) қылмыстық істер жүргізу;
13) азаматтық істер жүргізу;
14) халықаралық құқық.
Бұлардың қатарына жаңадан қалыптасып келе жатқан құқық салаларының бірі ретінде — кәсіпкерлік, салық, муниципалдық, компьютерлік, инвестициялық құқықтарын жатқызуға болады.
Енді түсінікті болу үшін осы айтылған салалардың ең басты негізділеріне қысқаша тоқталғанды жөн көрдік. Солардың бірі — конституциялық құқық — бұл құқық салалары ішіндегі ең бастапқысы, оның құқықтық пән реттілігі — конституциялық құрылыс негіздері, жеке түлғаның құқықтық жағдайы, басқару және мемлекеттік құрылу нысандары, т.с.с.
Азаматтық құқық — бұл тауар — ақша қатынастары және қатысушылардың тендігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастарды, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарды (ар намыс, қадір-қасиет, іскерлік беделі, жеке бастың құпиясы, өз бейнесі, т.б.) реттейді. Онымен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды түлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөліністер болып табылады. Мүны реттейтін негізгі заң — 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің жалпы бөлімі және оның ерекше бөлімі, өзге де азаматтық зандар.
Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін, меншікке қол сұқпаушылықты, шарт еркіндігін, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нүқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуін, оларды соттың қорғалуын қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделеді.
Әкімшілік құқық — мемлекет органдарының атқарушыжарлықшы қызметі кезінде туындайтын басқару қатынастарын, сонымен бірге әкімшілік құқық бұзушылық қатынастарын реттейді.
Қылмыстық құқық — адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен азаматтың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу оның басты міндеттері болмақ. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін Қылмыстық кодексте қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшін жазалар мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары белгіленеді.
Отбасы құқығы азаматтың құқығымен тығыз байланысты, оның нормалары неке, отбасы қатынастарының бір-ақ сферасынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейді.
Еңбек құқығы — азаматтардың конституциялық құқығын іске асыру процесінде туындайтын тараптардың әдетте жеке еңбек және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыру жөніндегі жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастарды (еңбек шартын жасасу, жұмыс уақыты, демалыс уақыты, жалақы мен еңбекті нормалау, кепілдік беру мен өтемақы төлеу, материалдық жауапкершілік, көтермелеу мен жазалау шаралары, еңбек даулары), сонымен бірге еңбек туралы зандардың сақталуын бақылауды іске асыруын қамтамасыз ететін мемлекеттік еңбек инспекторлары мен әкімшіліктің және қоғамдық бақылауды жүзеге асырушы қызметкерлердің өкілдері арасындағы қарым-қатынастарды реттейді.
Қаржы құқығы — мемлекеттің қаржы қызметінің барысында қалыптасқан мынадай қатынастарды (ақша қаражатын жинауға, бөлуге және қайта бөлуге, соның ішінде бюджетті жасауға, салықтарды жинауға, несиелерге және т.б. байланысты) реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Қылмыстық істерді жүргізу құқығы — қылмыстық істерді қозғауға, тоқтатуға, тыюға байланысты алдын ала тергеу жұмыстарын, сот процесін жүргізу кезіндегі туындайтын (мәселелерді шешу, қорытынды шығару) қатынастарды, сондай-ақ соттың, прокуратураның және тергеу органдарының осыған сәйкес қызметтерін реттеуші болып табылады.
Азаматтық істерді жүргізу құқығы — сотта азаматтық істі қозғау, талап ісін жүргізу, тиісті шешім қабылдау, кассациялық инстанцияда іс жүргізу, заң күшіне енген шешімдерді, ұйғарымдарды және қаулыларды қайта қарау, сот шешімдерін орындау, т.б. тәртібін белгілейтін құқықтық саланың бірі.
Мүның басты міндеті — Қазақстан Республикасының қоғамдық құрылысын, меншікті, азаматтардың конституциялық құқықтарын, бостандықтарын қорғау және кепілдікті қамтамасыз ету, сондай-ақ мекеме, ұйым, кәсіпорын, олардың бірлестіктерінің, өзге де қоғамдық ұйымдардың құқықтары мен занды мүдделерін қорғау мақсатында азаматтық істерді дұрыс әрі тез қарап, шешу болып табылады.
Азаматтық істерді сотта жүргізу заң азаматтық, отбасылық, еңбектік құқықтық қатынастардан туатын даулар жөніндегі істерді әкімшілік-құқықтық қатынастардан туындайтын істерді және ерекше сипаттағы істерді қарау, т.с.с. тәртібін белгілейді.
Ауылшаруашылық құқығы — құқықтың саласы ретінде, ол шаруа және фермерлер қызметтерін, олардың сайланатын органдарының, шаруашылықаралық кәсіпорындардың, ұйымдардың және оларға қарасты бірлестіктердің үйымдастырылуы мен жүмыстарының нысандары мен тәртібін және өзге де қатынастарды реттейді.
Жер құқығы — жер учаскесіне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығы пайда болуының, өзгертілуі мен тоқтатылуының негіздерін, шарттары мен шектерін; жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілеу, жерді ұтымды пайдалану мен қорғау, топырақ құнарлығын ұдайы қалпына келтіріп отыру, табиғи ортаны сақтау мен жақсарту мақсатында жер қатынастарын реттеу, шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тек құқықпен дамыту үшін жағдайлар жасау, жеке және заңды түлғалар мен мемлеқеттің жерге құқықтарын қорғау, жылжымайтын мүлік нарығын жасау мен дамыту, жер қатынастары саласындағы зандылықты нығайту жөніндегі нормалардың жиынтығы.
Бірақ, жер қойнауын, суды, атмосфералық ауаны, ормантоғайды және басқа да осімдіктерді, жануарлар дүниесін, экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектілерін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану мен қорғау жөніндегі қатынастар басқа құқық салаларымен реттелінеді.
#Құқық #жүйесі
Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз