Құқықтың қайнар (нысаны) көздері | туралы қазақша

0

Әдетте құқықтық нормалар ауызша, әрі ресми мәтінсіз болмайды. Сондықтан кімде кім құқықтық талаптардың бұзылғаны туралы айтатын болса, қашанда нақ қандай нормалар, қайда және кім жазған деп сұрауға болады. Осы жерде біз құқық көздері туралы мәселеге келеміз. Олар бірнешеу. Құқықтық ілімде мемлекеттің еркі солардың көмегімен тұжырымдалған зандар нормалары болатын құжаттар «құқық көздері» деген шартты атаусөзбен белгіленеді. Сондықтан, құқықтың қайнар көздері дегеніміз құқық нормаларының жазылу тәсілінің ресми нысаны. Олар, әрине, жалпыға міндетті мәні болып келеді. Бұл мемлекеттің еркін білдіретін жазбалы тұрдегі тұжырымдар. Демек, басқаша айтсақ, құқықтың қайнар көздері дегеніміздің өзі нақтылы заң істерін шешуге қажетті құқықтық норманы табу үшін белгілі бір актіге жүгінуді қажетсінетін құжаттар жиынтығы. Зандық құқықтың қайнар көздерін мемлекеттен бөліп қарауға болмайды, өйткені олар мемлекеттік органдардың қызметі кезінде пайда болады, оны біз құқық шығармашылық деп атаймыз. Тек мемлекет қана қандай да болмасын ережеге құқықтық норма сапасын бере алады, ол үшін мемлекеттің еркін білдіруге қажетті әр түрлі тәсілдерді қолданады. Дүниежүзілік қоғамда құқық көздерінің мынадай түрлері белгілі: құқықтық әдет-ғұрып (бұл ұзақ уақыт бойы қолданылуына байланысты қалыптасқан және мемлекет жалпыға міндетті ереже ретінде мойындаған мінез-құлық ережесі). Мұның өзі ерте көне тарих заманнан мемлекеттен тыс қалыптасқанмен де мемлекет таныған әрі жалпыға бірдей күш берген ереже. Бұл әдет-ғұрыпты орындамағаны үшін оны мемлекет занды санкциямен толықтырған (мемлекеттік ықпал ету шаралары). Әдет-ғұрып мемлекеттің еркі мен мүддесіне қайшы келмесе бұл жағдай қолданыста болады. Бұл әдет-ғұрып көне және орта ғасырда кең тараған (әсіресе Көне Римде), ал қазіргі заманда бұл сирек қолданылса да, бірақ түп-тамырымен жойыла қойған жоқ. Оған мысал Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) 3-бабының 4-тармағындағы жазулар «Азаматтық қатынастар, егер әдеттегі құқықтар, соның ішінде іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтар Қазақстан Республикасы аумағында қолданылып жүрген азаматтық зандарға қайшы келмесе, солармен реттелінуі мүмкін» бола алады. Демек, өзіміз көріп отырғандай. мынадай әдет-ғұрыпты мемлекет заң мәтіндерінде бекітпесе де оны қолдануға жол береді.

Құқықтық әдет-ғұрыптың құндылығын арттыратын мән-жайлар: 1) бұл жоғарыдан емес төменнен пайда болады, сондықтан, ол өзге құқық нысанына қарағанда халықтың еркін, оның талаптарын толық қамти алады; 2) қоғамдағы орныққан зандылықтарды бейнелейді, сондықтан да ол нағыз объективті болып табылады; 3) құқық субъектілерге ауызша нысанында қарапайым түсінікті тілде жеткізіледі; 4) көптеген жағдайларда әдет-ғұрып тұжырымдары ерікті түрде орындалады, өйткені ол күнделікті дағдылыққа негізделген; 5) реттелетін қоғамдық қатынастардың өзіндік ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді.

Ал енді әдет-ғұрыптың кемшіліктері туралы сөз етсек, мыналарды атап өтуге болады: 1) басқалармен салыстырғанда ол мызғымайтын болып келеді, әрі қоғамдық қатынастардағы болатын ұдай өзгерістерде оперативті түрде жылдам ықпал етуге қабілетсіздігін аңғартады’; 2) ол айқындалмаған, өйткені ондағы мінез-құлық (тәртіп) ережесі ешбір актілердің мәтінінде тұжырымдалып жазылмаған; 3) ең көп сферада таралмаған, тек локальды мәнді болып келеді.

Қайнар көздерінің екінщі түрі — сот немесе әкімшілік үрдісі (прецеденті) — бұл заң істерін қараған кездегі ұқсас жағдайларда іс жүзінде үлгі ретінде болашақта пайдаланатын бұрынғы іс бойынша шығарған сот немесе әкімшілік шешімдері. Сондықтан, бұл міндетті күші бар қандай да болмасын нақтылы істер бойынша шығарған соттың шешімі (әдетте, сот органдар жүйесінің жоғары органдары қабылдайды, айталық, АҚШ-та Жоғарғы Сот), егерде кейін осыған ұқсас іс қозғалса, онда тап осындай тәріздес шешім қолданылуы тиіс. Бүл ретте сот құқық-шығармашылық органның рөлін атқарады, өйткені ол құқық нормасын шығарады. Қазіргі заманда сот үрдісі (прецеденті) Англияда, АҚЩ-та және өзге де шет елдерде, әсіресе, ағылшын-сақсоңдық құқықтық семьяға жататын мемлекеттерде кеңінен қолданылады.

Қазақстанда сот тәжірибесі құқықтың қайнар көздері болып табылмайды — деседі, бірақта оның сарқыншақтары соттың шешімінде кездесіп тұратыны мәлім. Осыдан 15 жылдай бүрын қолда үсталған автомашиналарды комиссиондық магазиндерде сату туралы мемлекеттің шешімі бәрімізге мәлім. Оның қомисиондық бағасы шынайы сатушының қолына түсетін нақты бағасынан өте төмен болатын. Артық ақша, әрине, алаяқ сатушының қалтасына түсетін. Сондықтан да болар 1989 жылғы 30 қарашадағы КСРО Жоғарғы Соты Пленумының қаулысы бойынша мүндай еатушының жағымсыз іс-әрекеті алаяқтық деп танылуы.

1993 жылы Ресей Федерациясының Конституциялық Сотының РФ Қылмыстық кодексінің 64-бабына (шетелге қашып кету немесе одан қайтып келуден бас тарту) берген түсініктемесіңде бұны Отанға опасыздықтың бір нысаны ретінде қарау керек деген болатын. Бұл, әрине, Конституцияға, әрі жалпыға таңымал халықаралық құқық нормаларына қайшы келеді деп түжырымдалған. Осының салдарынан, Конституциялық Соттың шешіміне сәйкес соттар осындай істерге ақтау үкімін шығаруға мәжбүр болды. Бұдан біз сот үрдісін (прецедентін) қолдануға қадам басқандығын көреміз.

Шынында да құқықтық прецедент Қазақстан Республикасының төңірегінде дәйекті түрде қолданылмаса да бір соттың шещімінің беделі төменгі сатылардағыларға өз ықпалын тигізетіні сөзеіз. Айталық, облыстық соттың бір іс бойынша шығарған щешімін әдетте төменгі соттар ескеріп отырады. Сонымен қатар, Жоғарғы Сот Пленумыньщ қаулысы төменгі соттар үшін міндетті болып табылады. Осыдан келіп, біз, Қазақстанда сот прецедентінің іргесінің қаланғандығы туралы ой қорыта аламыз. Өйткені, Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес, Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары елімізде қолданылатын құқықтың қайнар көздерінің бірі болып табылады (4-бап, 1-тармақ).

Құқықтық үрдістің (прецеденттің) құндылығы мынада:

1) логикалық ой-өрістің нәтижесі болып табылатындықтан, ол нақты жағдайда дәлме-дәл және дұрыс реттеуге әкеледі;
2)  оның нанымды жоғарғы күші болады, себебі шешімді қабылдау қажеттілігі зандарға көп көлемді сілтемелер жасалуынан туындайды;
3) нормативтік актілерге қарағанда сот, әкімшілік үрдістері орасан зор жылжымалы (динамизмді) болып кёледі; судьялар қабілеттілігіне қарай өмірде болып жатқан өзгеріс-терді ескере отырып, өз шешімдерінде осындай құбылыстарды негіз ете алады.

Енді оның кемшілігіне келсек, әрине, о бастан-ақ айтатынымыз, нормативтік актіге тән ол міндеттілік қасиетіне ие беделі бола алмайды; әрі аяққа басушылық мүмкіндігіне қарсы тұра алмайды, оны жоя алмайды; оның іс-әрекетінің көлемі анықталмаған. Құқық қайнар көздерінің ең негіздісі, әрі кең қолданыстағы түрі — нормативтік құқықтық акт. Бұл — мемлекеттің құзыретті құқық шығармашылық субъектілерінің қабылдаған құқық нормасы бар занды құжаты. Әдетте, мұнда жаңа құқық нормалары бекітіледі, немесе ескірген нормалар өзгертіледі, не жойылады.

Біздің елімізде құқық қайнар көздерінің ең бастысы нормативтік құқықтық акт болғандықтан, оған өте мән беріп, тереңірек үңілгенді жөн көрдік. Нормативтік (қалыпты) құқықтық актілер — құқықтық нормаларды белгілейтін, өзгертетін немесе олардың күшін жоятын және тиісінше субъектілердің құқықтарының, міндеттерінің және жауапкершіліктерінің көлемін айқындайтын құқықты орган белгілеген тәртіппен жазбаша ресми түрде ресімделуге тиісті формальды мемлекеттік-құқылық құжат. Құқық шығармашылық саласындағы белгілі бір акт мемлекеттік органдардың құқық қалыптарын жасау, өзгерту және күшін жою жөніндегі ерекше қызметінің нәтижесі болып табылатындықтан да нормативтік актілер деп аталады.

Құқықтар, зандар қоғамды тәртіпке келтіру мен қайта құрудың тәсілі ретінде қызмет етеді. Бірақ адамдар, ұйымдар және органдар құқықты көбінесе абстрактілік құбылыс ретінде қабылдайды. Күнделікті өмірде олар қүқықпен емес, құқықтық актілермен жанасады. Олар көп.

Қазақстанның жаңа Конституциясына сәйкес құқықтық актілердің мынадай түрлерін атауға болады: «Конституция», «Конституциялық заң», «Парламенттік заң», «Президенттік заң», «қүқықтық актілер», «нормативтік (қалыптық) құқықтық актілер», «жарлықтар», «қаулылар», «өкімдер», «шешімдер», «акті», «халықаралық шарттар», «шарт», «келісім» түрлері белгіленген. Барлық актілердің 14 түрі бар, бұларды дұрыс түсіну қажет. Құқық жүйесінің жалпы принциптерін ескере отырып, құқық актілерінің мынадай түрлерін бөліп көрсетуді орынды деп ойлаймыз: 1) Конституция; 2) Конституциялық заңдар; 3) Заңдар; 4) Өкімдер, Жарлықтар (Президенттің); 5) қаулылар (Үкіметтің, Парламент, оның Палаталарының Жоғарғы Соттың, Конституциялық Кеңестің, мемлекеттік комитеттер мен комитеттердің); 6) бұйрықтар, нұсқаулар және де өзге де актілер; 7) жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілді органдарының актілері — шешімдері; 8) халықтың тікелей еркін білдіру актілері — референдумының, халық жиналысының (әзірге олардың өз үлгісі жоқ) шешімдері; 9) бекітілген халықаралық шарттар; 10) халь;қаралық қүқықтың танылған өзге де актілері; 11) модельдік (ұсыныс сипатындағы) заң актілері, т.б.

Осыған орай айта кететін жәйт — Қазақстанның 1995 жылғы жаңа Конституциясында құқықтың қолданыстағы көздері тұңғыш рет белгіленген (4-баптың 1-тармағы). Онда: «Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады», — делінген.

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер» Заңында жоғарыда көрсетілтендермен қатар Кодекс және Орталық сайлау комиссиясының нормативтік сипаттағы қаулылары да нормативтік актілердің түрлері ретінде көрсетілген. Мұнда нормативтік құқықтық актілерді негізгі және туынды деп бөліну принципі қолданылған.

#Құқықтың #қайнар #нысаны #көздері

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз