Қазіргі жастар еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы бола ала ма?

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Қазіргі жастар еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы бола ала ма?

Автор: Каирова Сауле

Бағыты: Балабақша Бөлімі: Мақала Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Жарияланған уақыты: 2019-01-22


Материал туралы қысқаша түсінік

Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту – қоғам алдында тұрған басты міндет, мақсаттардың бірі. Білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесс. Мақалада бала тәрбиесі жайлы толық мағлұмат берілген.




Қазіргі жастар еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы бола ала ма?«Нәресте анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам – бұлар тән құмары. Екіншісі – білсем деген, не көрсем, соған талпынып… көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап тыныштық көрмейді – мұның бәрі жан құмары». Абай Құнанбайұлының осы бір даналық сөзінде терең ой жатыр. Ұлы ақынымыз бала тәрбиесіне өте қатты көңіл бөлген. Жастарды, жалпы адамзат баласын «бес дұшпаннан қашық болуға, бес асыл іске асық болуға» шақырды. Әрбір жас «адамның баласы емес, адамзаттың баласы болуына» бар күш-жігерін сарп етуге міндетті. Қазақ халқының ең ардақты, аяулы арманын, ой-пікірін, терең сезім-сырын, ұлттық мінез-құлқын жеріне жеткізе жырлаған, құдіретті ақындық өнерімен үлгі-өнеге жайған классик ақынымыздың осы бір сөздерін әрдайым жадымызда ұстағанымыз абзал.Ата-аналар біздерге өздерінің ең асылдарын, балаларын сеніп тапсырады. Бүлдіршіндерді қайырымды да ақылды етіп тәрбиелейді деп біздерге үміт артады. Педагог ретінде біздер ғажап іс атқарамыз: әлі ештеңені парықтамайтын, өзіне сенімі қалыптаспаған балдырғандардан жеке адам тәрбиелеп шығарамыз. Әрине, мұндай міндетті атқарып шығу үшін жұмыс істеудегі әдіс-тәсілдерін меңгеру қажет.Баланың тұңғыш ұстазы – оны мектеп табалдырығын алғаш аттағанда күтіп алып, әріп танытып, жазуға үйрететін мұғалімі. Әдетте, «ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген мағынада оқушының бойына шынайы білім-білік дағдыларын дарытып, зердесіне ғылыми негіздерін тоқыта алған, бүлдіршінді майталман бағбандай мәпелеп баулып, үйренген нәрселерін өмірде, іс жүзінде қолдана білуге жаттықтыра алған, сөйлеген сөзі, істеген ісі, парасат-пайымы, инабаты, білімінің тереңдігі мен жан-жақтылығы арқылы шәкірттеріне ең беделді үлгі бола алған адам ұстазға саналады.Бүгінгі күннің жастары туралы сөз қозғағанда: «Бүгінгі жастар қазағымыздың болашағы бола ала ма?»,- деген сұрақ еріксіз есімізге оралады. Бүгінгі заманда біз байырғы небір киелі қасиетінен, ата-баба дәстүрінен, бұрынғы жаужүректілігінен, ержүректілігінен, намысқойлығынан, анау-мынау ұлтта кездесе бермейтін небір ерекше асыл қасиетінен айрылып бара жатқан ұлт екеніміз көкірегі ояу, санасын кір шалмаған кім-кімге де ап-анық көрініп тұр. Бүгінгі аға буын мен ата буын қазіргі қазақ жастарының жүріс-тұрысындағы жан шошырлық келеңсіздіктерді, дінсіздікті, сауатсыздықты, ең бастысы өз ұлтына деген селқостық пен ұлттық намыссыздықты көрмей отырған жоқ. Көре тұра, кез-келген жерде тыйым салмайды. Бұл қазақта: «Ұлттық намыс жойылып кеткен бе?»,- деген күмән ойға әкеліп соғады. Көпке топырақ шашпайық. Елімізді әлемге танытып, көк байрағымызды биікте желбіретіп, әнұранымызды асқақтата шырқатып жүрген жастарымыз жеткілікті. Сондай жастарды көргенде, «алар асуымыз әлі алда» тұрғандай болып көрінеді. Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту – қоғам алдында тұрған басты міндет, мақсаттардың бірі. Білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі.Жерлес ақынымыз М. Жұмабаев: «Көркем денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден ләззат алып, жаны толқынарлық болса, баланың тәрбие алып, шын адам болғандығы»,- деп жазды.Абайдың даналығын, Махамбеттің батылдығын, Бұқардың ақылгөйлігі мен халқына деген жаңашырлығын, Абылайдың данышпандығын, Бөгенбай мен Қабанбайдың ерліктерін бойына сіңірген, елінің жоғын жоқтап, мұңын мұңдайтын жас буын ұрпақ молынан болсын!







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.