Төле би Әлібекұлы

0

Қазақтын ең әйгілі билердің бірі — Төле би Әлібекұлы 1663 жылы дүниеге келген. Туылған жері қазіргі Қазақстан Республикасының Жамбыл облысының, Шу өңіріндегі Жайсаң жайлауы.


Бұл би Ұлы жүздің биі және кей жылдары билеушісі де болған. Ұлы жүздегі билік, Әз-Тәуке хан дүние салғаннан кейін сан түрлі хандарда болған. Бірақ бұлардың ел арасындағы абыройы, Төле биден кем болғандықтан, іс жүзіндегі билік осы бидін қолында болған. Және осы би Ташкент шаһарын билеген.


Ташкент шаһары сол замандарда қазақтарға тиесілі еді, шаһардың билеушісі Ұлы жүздің ханы — Жолбарыс хан билеген. 1743 жылы бұл хан қайтыс болғаннан кейін, Төле би алты жыл бойы Ташкентті биледі.


Жеті Жарғы заңдар жинағы


Қазақта ең танымал үш би бар, бұлар — Ұлы жүздің Төле биі, Орта жүздің Қазыбек биі және Кіші жүздің Әйтеке биі. Басқа билер де бар, бірақ бұлар тарихи деректерде көбірек аталады.


Осы үш би Қазақ хандығының конституциясы — «Жеті Жарғы» заңдар жинағын 17 ғасырдың соңында жазған. «Жеті Жарғы» заңдар жинағы елдің біртұтастығын орнату үшін бағытталған, бұл заманда елде кек алу, малды барымталау сияқты жағымсыз істер көп болған еді. Ел арасындағы алауыздық, сыртқы жауларға, әсіресе Жоңғар хандығына тиімді болды.


Бір-бірімен күресіп жатқан халықты, жау жеңіл жене алады. Осындай алауыздықты тоқтату үшін, Әз-Тәуке хан, арнайы заңдар жинағын «Жеті Жарғыны» құрастыруға бел байлады. Бұл заңдар жинағы ел арасындағы алауыздықты тоқтатты. Осы хан тұсында қазақтар жоңғарларды бірнеше рет жеңді.

Пән: Тарих