Қазіргі биосфера тұжырымдамалары |

0

Биосфера — тірі ағзалар жайлаған және солардың белсенді әсерінен өзгеріске түскен Жер шары қабаты. Биосфераның биологиялық тұжырымдамасына кіретін, тірі ағзалар жинағынан түзілген жер қауашағын белгілейтін «биосфера» терминін 1875 жылы австралиялық геолог Э. Зюсс ұсынған,

Тіршілік құбылысының табиғи үдерістерге әсері зор екенін В.В. Докучаев дәлелдеген, оның анықтауынша топырақта жүретін үдеріс тек ауа райына (климатқа) ғана емес, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар ағзалары әсерінің жинағына да тәуелді.

В.И. Вернадский негізгі геохимиялық және энергетикалық үдерістердің жүруі, ондағы тірі заттардың болуымен анықталатын биосфераны, біздің планетаның жаһандық жүйесі деп танып, ол туралы ілім қалыптастырды. Ол биосфера түсінігін тек ағзаларға ғана емес, олардың өмір сүретін мекеніне де қолданды. Бұл биосфера тұжырымдамасына биогеохимиялық мазмұн берді. Бұған дейін геологиялық уақыт аралығында Жер өзгерісі таза физикалық, химиялық, физикалық-химиялық құбылыс ретінде қарастырылған (мысалы, кеннің жуылуы, түнбаға түсуі, еруі, ұшуы және т.б.). В.И. Вернадский тірі ағзалардың геологиялық рөлі және олар Жердің минералдық қабатының өзгеруінде маңызды фактор екендігі туралы ілімнің негізін қалаған.

Белгілі бір кезеңде ноосфераға айналатын биосфераның әлеуметтік-экономикалық тұжырымдамасы В.И. Вернадский атымен байланысты. Бұл геологиялық рөлі күшті адам қызметімен де байланысты.

Биосфераның құрылуының жүйелік қағидасына сәйкес, оның негізгі жұмыс жасауы заттар және энергия айналымы болғандықтан, қазіргі ғылым биохимиялық, термодинамикалық, биогеоценотикалық, кибернетикалық биосфера анықтама береді.

В.И. Вернадскийдің пікірі бойынша, биосфера бұрын және қазір де өмір сүретін тірі ағзалардың әсеріне ұшырайтын қабат.

Бұл қабаттың құрамына мыналар кіреді: — ағзалар жинағын түзген тірі заттар; — ағзалардың тіршілік барысында түзілген және өңделген заттар, яғни биогендік заттар (атмосфера газдары, тас-көмір, мұнай, жанғыш тақтатас, ізбес т.б.); — тірі ағзалардың қатысуынсыз түзілген заттар) (тектоникалық қызметтің нәтижесінде түзілген өнімдер, метеориттер); — ағзалардың тіршілік нәтижесі мен абиогендік (мысалы, топырақ) үдерістердің бірігуінен туындаған заттар, биокос заттар.