Қазақтың ұлттық музыка аспаптары |

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Қай халықтың музыка аспаптары болсын өмірге жайдан-жай келмеген. Ол адамның жан дүниесі, ішкі сезім иірімдерін білдіру қажеттілігінен, әр халықтың тұрмыс-тіршілік, салт-дөстүр, әдет-ғұрыптарына орайласа туын-дап пайда болған. Адам болмысының сөзбен, ән-өлеңмен айтып жеткізуге болмайтын сырлы саз, әуен үнін, күрделі сезімдерінсыртка шығару үшін музыкалық аспаптарды ойлап шығарған.

Жалпы казақтың ұлттық музыка аспаптарының саны өте көп болған. Қазақтың музыка аспаптарын түбегейлі, жеріне жеткізе зерттеген ғалым Б. Сарыбаевтың айтуынша жер-жерлердегі мұражайлар қорлары мен экспозицияларда қазақтың 400-ден астам көне музыкалық аспаптары сақтаулы. Тек Санкт-Петербург этнографиялық мемлекеттік мұражайы қорында қазақтың 50-ден астам ұлттык, музыка аспаптары бар.

Әрине бүл ретте мына бір жайды да ескеру керек. Музыка аспаптарын зерттеген көптеген ғалымдар тұжырымдары, «түркі тілдес халықтардың музыкалық аспаптарының пайда болуы, шыққан тегі бір» деген ойлары әр тұстан тоғысып жатады. Мәселен, белгілі этнограф ғалым С. Е. Малов: «…Осы ескерткіштердің бәрі немесе осы ескерткіштердің бәрінің, айтары түркі тілдес халықтар тарихы үшін ортақ арқау болып табылады…» десе, тағы бір әйгілі орыс ғалымы В. Виноградов: «Музыка аспаптарының өзара байланыстылығы тайға таңба басқандай болып, ап-айқын көрінетін белгілері Солтүстікке, Орталық Қазақстан мен Онтүстік Сібірге, Алтайға жетелейді», — деп жазады. Демек, В. Виноградовтьщ болжамынша, Орта Азия және басқа түркі тілдес елдерді аитпағанның өзінде, қазақтың музыка аспаптары мен сонау Сібір аймағындағы алтайлықтар, хакас, тува, якут халықтары музыка аспаптарының тегі бір дегенге меңзейді.

Қазақтың ұлттық музыка аспаптарының көбі сан ғасырлар бойына халқымыз басынан кешірген саяси, коғамдық-әлеуметтік өзгеріс, жағдайларға байланысты қолданылудан қалып, ұмыт болып келді, 1960 жылдарға дейін бізге белгілісі негізінен небәрі төрт қана аспап болатын. Олар домбыра, қобыз, сыбызғы, сырнай еді, Соның өзінде көбінесе домбыра мен қобыз ғана қолданылып келді. Тіпті кейбір облыстарда қобыздың не екенін білмейтін кездері де болған. Соңғы кезді қойып, 1855-4856 жылдары Шоқан Уәлиханов өзінің «Қазақ халық поәзиясының түрлері туралы» деген мақаласында домбырамен орындалатын өндер мен күйлердің етек алғанын, сол себепті қылқобыздың сүйемелдеуімен айтылатын ұзак жырлардың қалып бара жатқанын ескеріп: «…Домбыра мен жаңа әндер енді жыр мен қобызды мүлде ығыстырып шығарды», — деп қынжыла жазды,

Казақтың ұлттык, музыка аспаптары сонау ұлы ғалым бабамыз Әл-Фарабиден бастап, Шоқан Уөлиханов, Абай, Әлкей Марғұлан, Ахмет Жұбанов сынды, тағы басқа ғалымдар мен өнер адамдарының назарынан тыс қалып көрген жоқ. Музыка мен музыка аспаптарын зерттеу саласында ұлан-ғайыр еңбектер қалдырған Ш. Уәлихановты айтпағанның өзінде Абай Құнанбаев өзінің орыс досы Н. Долгополовпен бірге 1885-1893 жылдар аралығында бірнеше музыкалық аспаптарды тапқан. Абай әсіресе, ең сирек кездесетін музыкалық аспаптарды жинауға назар аударған. Семей қаласындағы Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық мұражайында үш ішекті екі домбыра, қияғы тым қарапайым екі қылқобыз, сыбызғы және асатаяқ сақталған. Суретшілер Г. Гуркин, Н. Белослюдовтердің Абай музыкалық аспаптарын бейнелеген суреттері бар.

Бүгінде отыздан астам қазақтың ұлттық төл музыка аспаптары бар. Бұл аспаптар алпысыншы жылдардан бастап ұлттык көне музыка аспаптарымызды зерттеуге өлшеусіз үлес қосып, соларды жер-жерлерден, қаншама мұражайлардан, ғылыми еңбектерден қажымай-талмай іздестіріп тапқан және сол аспаптарды жасатып, сол аспаптар құрамымен ансамбль ұйымдастырып, кыруар еңбек сіңірген ғалым Болат Сарыбаевтың қажырлылығы аркасында өмірге қайта оралды. Қазіргі Нұрғиса Тілендиев атындағы фольклорлық-этнографиялық оркестрдің, негізін салған да Б. Сарыбаев еді. Б. Сарыбаев өмірге жолдама берген сол ұлттық музыка аспаптарымыздың көбі қазірде ұлттық оркестрлеріміз бен көптеген халық аспаптары ансамблдерінің құрамына енген. Б. Сарыбаев қазақтын ұлттық музыка аспаптарын бірнеше топқа бөліп, төмендегідей жіктейді.

I. Үрлеп тартылатындар, Тармақталуы:

1. Флейталық — сыбызғы, үшпелек, сазсырнай, үскірік, тастауық, ысқыруық.

2.  Тростық — қамыс сырнай, қос сырнай, қауырсын сырнай.

3.  Мундштуктік — мүйіз сырнай, ұран, бұғышақ, керней.

II. Ішекті. Тармақталуы:

1. Шертіп ойналатын — жетіген, шертер, домбыра.

2. Қияқпен ойналатын — қыл қобыз.

III. Мембраналы. Ұрып ойналатын — даңғыра. кепшік, дабыл, дудыға, дауылпаз, шыңдауыл.

IV.  Сым тілшелі: шаңқобыз.

V.  Сілкіп ойналатындар: асатаяқ, шың, сылдырмақты қамшы, қоңырау.

.


Тағы рефераттар

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Загрузка...