Қазақстанның сайлау жүйесі | туралы қазақша

0

Сайлаулар демократияның маңызды институттарының бірі болып табылатындықтан, Қазақстанда оған үлкен мән беріліп отыр. Егер біз тарихқа назар аударар болсақ, біздің қоғамның еркін және демократиялық сайлаулар өткізуге енді төселіп келе жатқанын байқар едік. Еліміздің азаматтары осыған дейін әртүрлі сипаттағы көптеген дауыс берулерге қатысуға тура келсе де, олардың сайлаудың шынайы мәнін XX ғасырдың соңында ғана сезіне бастағаны даусыз.

Өткен ғасырдың басында Қазақстан аумағында Ресей империясының Мемлекеттік Думасына сайлаулар өткізілді. Ол кезеңдегі қоғам 14 сословиеге бөлінетін, ал олардың өкілдерінің дауыстары тең емес еді. Сондықтан Думада ірі меншік иелері мен ақсүйектер басымдыққа ие болатын. Ал қазақ халқының өкілдерін бұл парламентте саусақпен санауға болатын.

Кеңестер Одағында сайлаулар жиі өткізілетін болғанымен, олар ештеңе білдірмейтін және ештеңе шешпейтін ресми сипатқа ие болатын. Баламалықтың жоқтығы, алдын ала таңдалған кандидаттар, көппартиялық жүйенің мүмкін еместігі, өз кезегінде, саяси рәсімді режимнің антидемократиялық сипатын жасырып тұратын пердеге ұқсатып жіберді. Шынына келгенде, дәл осындай сәттілікпен сайлауларды өткізбеуге де болар еді, өйткені олар өзінің басты мақсатын — қоғамның одан ары даму жолын таңдауды жоғалтқан болатын. Ал демократия жағдайында сайлаулар оның нәтижесі алдын ала белгісіз ойынға ұқсайды, өйткені дауыс беру нәтижесі алдын ала өз пайдасына шешілмейтінін білетін болғандықтан, адам өз кандидатурасын сайлауға әбден ойланып барып үсынады.

Тек өткен ғасырдың 80 жылдарының аяғында Кеңестер Одағында балама сайлаулар туралы сөз қозғала бастады. Алайда парламентті қалыптастыру рәсімі тым күрделі және тым ауқымды болатын. Бастапқы кезде КСРО халық депутаттарының Съезі сайланатын. Оның депутаттарының бір бөлігі аумақтық округтерден, ал екінші жартысы — Коммунистік партия мен өзге де қоғамдық ұйымдардан (әрине, коммунистік идеология шеңберінде әрекет ететін) сайланатын.

Қазақстанда тәуелсіздік жылдары сайлау кампаниялары бірнеше рет өткізілді. Республика азаматтары Парламентті, Президентті, жергілікті өкілді органдарды сайлады. 1993 жылғы президент сайлауы баламасыз негізде өтті. Әрине, ол кезде Н.Ә.Назарбаевқа бәсекелес бола алатын үміткердің болмағанын да айта кету керек. Саяси партиялар әлі де айтарлықтай күшке ие емес еді және тұрғындардың кең қолдауын ала алмайтын. Жалпы, ол кезде қоғамда ресми билікке балама ағымдар әлі де қалыптаспаған болатын. Алайда, 1995 жылғы Парламент сайлауында депутаттық мандат үшін күреске бірнеше саяси партиялардың өкілдері қатысты. Мажоритарлық жүйе жағдайында өткен сайлаудағы дауыс беру нәтижесінде бірнеше партиялар (оның ііпінде Қазақстанның Халық Бірлігі партиясы, Қазақстанның Халық Конгресі және басқа да бірнеше ұйымдар) ұсынған үміткерлер жеңіске жетті. Сайлаулар негізінен балама негізде өткенімен, тек бір кандидат тіркелген бірнеше округтер де болды.

1998 жылы еліміздің Конституциясына сайлауларды өткізу тәртібін айтарлықтай өзгерткен толықтырулар мен өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде, қоғамдағы саяси партиялардың рөлі күшейіп, олар дауыс берудің пропорционалдық жүйесінің енгізілуінің арқасында заң шығарушы жүмыстарға қатысуға үлкен мүмкіндіктер алды.

Сенат депутаттарын сайлау

Қазақстанда жоғары билік органдарын сайлау қалай жүргізіледі? Ел парламенті екі палатадан — Сенат пен Мәжілістен түрады. Заң шығарушы органның жоғары палатасына келер болсақ, Парламент Сенатын облыстар мен республикалық маңыздағы қалалардан (Астана және Алматы қалаларынан) сайланған депутаттар қүрайды, Тиісінше, әрбір облыс пен қалалардан 2 депутаттан сайланады. Сенаторлар сайлауы жанама сайлау құқығы негізінде өткізіледі. Сайлау рәсімдерін іске асыру үшін облыстар мен қалалардың барлық өкілді органдарының бірлескен отырыстары өткізіледі. Демек, сенаторлар өз мандаттарьш тұрғындардың қолдарынан тікелей емес, сайлаушылардың қолдарынан алады.

Өңірдегі барлық мәслихат депутаттары болашақ сенаторды сайлайды. Сенат облыстардың, республикалық маңыздағы қалалардың әрқайсысынан сайланған 32 өкілінен және Президентпен тағайындалатын 15 депутаттан тұрады. Мемлекет басшысымен тағайындалатын депутаттардың бір бөлігі дәстүрлі түрде Қазақстан халқы ассамблеясынан құралады. Аталған орган (Ассамблея) этникалық негіздегі ұлттық-мәдени орталықтар мен басқа да үйымдарды біріктіреді. Депутаттарды тағайындау құқығы осының арқасында қоғамдағы барлық этникалық топтардың, әсіресе республиканың барлық аумағында өмір сүретін саны аз ұлттар мен ұлыстардың жоғары заң шығарушы органдағы өкілдігін қамтамасыз ете алады.

Нәтижесінде, Парламенттің жоғары палатасы 47 адамнан құралады. Отыз жасқа толған, кемінде бес жыл бойы азаматтықта тұрған, сол өңір аумағында кемінде үш жыл өмір сүрген Қазақстан азаматы Сенат мүшесі бола алады. Сайлаушылардың 50%-дан кем емесі қатысқан жағдайда сайлаулар өтті деп, ал сайлаушылардың жартысынан астамьіның дауыстарын алған кандидат сайланды деп есептеледі. Бірде-бір кандидат басым дауысқа ие бола алмаған жағдайда ең көп дауыс жинаған екі кандидат қатыеатын қайта дауыс беру өткізіледі. Екінші турда жеңіске жету үшін абсолютті емес (50% + қосымша бір дауыс), тек салыстырмалы түрдегі басымдық жеткілікті. Енді келесідей жағдайды ойлап көрелік: бір кандидат — 45%, екіншісі — 48% дауыс алды, ал қалған сайлаушылар екеуін де сызып тастады. Конституция бойынша, осы жағдайда салыстырмалы басымдық алған кандидат (бұл жағдайда — 48%) сайланды деп есептеледі.

Сенат депутаттарының өкілеттілігі алты жылды құрайды. Сенат депутаттарының жартысы әр үш жыл сайын қайта сайланады. Мұндай тәртіп палата құрамын толықтай өзгертпей-ақ, жұмыс сабақтастығын сақтауға және оны жаңартып отыруға мүмкіндік береді.

Мәжіліс депутаттарын сайлау

Парламенттің төменгі палатасы 107 депутаттан тұрады. Олардың ішінде 98 депутат партиялық тізім бойынша пропорционалдық жүйе арқылы сайланады. Оларды сайлау үшін елдің барлық аумағы біртұтас округті құрайды. Сайлаушылардың барлығы сайлауға қатысу құқығын алған партиялар енгізілген бірдей бюллетень бойынша дауыс береді. Тізім бойынша дауыс беру нәтижелері республиканың барлық сайлаушыларының дауыстарын санау нәтижесінде айқындалады. Санақ біткеннен кейін депутаттық мандаттар 7% кем емес дауыс алған партиялар арасында пропорционалдық түрде бөлініске түседі. 2012 жылдан бастап, жетіпайыздық барьерден бір партия өткен жағдайда 7% жинамаса да, сайлауларға қатысушылар ішінде көп дауыс жинаған партия автоматты түрде депутаттық мандатқа ие болатын тәртіп енгізілді.

1999 жылы Мәжіліс орындары үшін тоғыз саяси партияның өкілдері күреске түсті: «Отан» партиясы, Азаматтық партия, Коммунистік партия, Аграрлық партия, Еңбек партиясы, Қазақстанның қайта өрлеу партиясы, «Азамат» демократиялық партиясы, «Алаш» ұлттық партиясы, Қазақстан Халық Конгресі партиясы. Нәтижесінде, алғашқы төрт партия партиялық тізім бойынша Парламент орындарына ие болды.

Бұдан кейінгі сайланған Мәжіліс құрамдарында «Нұр Отан» партиясы абсолютті үстемдік құрды. Мәселен, 2007 жылғы Парламент сайлауларына жеті саяси партия қатысты: «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы, «Ақ жол» демократиялық партиясы, «Ауыл» Қазақстандық социал-демократиялық партиясы, Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы, Қазақстан патриоттар партиясы және «Руханият» партиясы. Сайлау нәтижелері бойынша, Мәжіліске сайлаушылардың 88% дауысын жинаған президенттік «Нұр Отан» партиясының өкілдері ғана партиялық тізім негізінде өте алды.

Тек, 2012 жылы ғана төменгі палатада екі партияның фракциялары пайда болды. 2012 жылғы Парламент сайлауына жеті саяси партия қатысты: ХДП «Нұр Отан», Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы, Біріккен социал-демократиялық партиясы, «Әділет» партиясы, «Ауыл» Қазақстандық социал-демократиялық партиясы, Қазақстан патриоттар партиясы.

Жалпыға ортақ дауыс беру нәтижелері бойынша жеті пайыздық барьерден өткен үш партия Мәжіліске өтті: «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы (80,99 %), «Ақ жол» демократиялық партиясы (7,47 %), Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы (7,19 %).

Төменгі палатаның 9 депутаты Қазақстан халқы ассамблеясымен сайланды. Оларды сайлау Ассамблеяның арнайы шақырылатын сессиясында жүзеге асырылады.

Төменгі палатының барлық депутаттары бес жылға сайланады. Жасы 25 жасқа жеткен Республика азаматы Мәжіліс депутаты бола алады. Заңнама депутаттық орыннан үміткердің өз қаржысынан сайлау жарнасын төлеуін талап етеді.

Қазақстан Республикасының Президентін сайлау

Қазақстанда туылған, 40 жасқа жеткен, мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін және соңғы 15 жыл ішінде ел аумағында тұрақты өмір сүрген Қазақстан азаматы Республика Президенті бола алады. Президент жалпыға ортақ, тең және тікелей сайлау құқығы негізінде 5 жылға сайланады. Сайлаулар өтті деп мойындалуы үшін бұл жерде Мәжіліс депутаттарының сайлауындағы тәрізді сайлаушылардың 50 пайызының міндетті түрде сайлауға қатысуы талап етілмейді. Бұл норма 1998 жылы енгізілді. Оны қабылдау себебі — демократиялық дауыс беруді қамтамасыз ету. Президент сайлауына қатысу міндетті болмағандықтан, дауыс беру нәтижелері сайлаушылардың сайлауға қатысуымен өлшене алмайды. Жекелеген азаматтардың сайлауларға қатысуы басқалардың өз қалауларын білдіруіне бөгет болмауы тиіс. Республика Президентінің сайлауына саяси партиялардың өкілдері мен тәуелсіз кандидаттар түсе алады.

#Қазақстанның #сайлау #жүйесі

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз