Қазақстандағы қызыл кітап туралы |

0
657

 ҚЫЗЫЛ КІТАП 

Қызыл кітап- сирек кездесетін түрлердің санының  қазіргі жай- күйін көрсететін құжат.

Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.

Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды.

Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.

Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады.

Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші бірегей және ешқашан қайталанбайды,  сондықтан да оның жойылуы- орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.

Шығыс Қазақстан облысындағы  Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлардың сирек кездесетін және  құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізімі

«Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлардың түрлері мен түршелерінің тізбесін бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы

21 тамыздағы № 1152  Қаулысы 

СҮТҚОРЕКТІЛЕР  

1. Жоңғар сальпинготусы7. Тас сусары
2. Жалман8. Шұбар күзен
3. Роборовский атжалманы9. Түркістан сілеусіні
4. Сары алақоржын10. Қазақстан арқары
5. Қызыл қасқыр11. Алтай арқары
6. Сабаншы

         ҚҰСТАР

1. Қызғылт бірқазан18. Жекдуадақ35. Жұртшы
2. Бұйра бірқазан19. Тарғақ36. Ақсұңқар
3. Жалбағай, қалбағай20. Кіші шалшықшы құс37. Ителгі
4. Қара дегелек21. Сүйір тұмсықты шалшықшы құс38. Лашын
5. Қоқиқаз22. Қарабас өгіз шағала39. Тұрымтай
6. Сұңқылдақ аққу23. Қарамойнақ шағала40. Үкі
7. Кіші аққу24. Қарабауыр бұлдырық
8. Қутұмсық қаз25. Ұбақ, қолаңтөс
9. Қызыл жемсаулы қарашақа26. Балықшы тұйғын
10. Қара тұрпан27. Жыланшы қыран, бүркіт
11.  Дөңтұмсық тұрпан28. Бақалтақ қыран
12. Ақбас үйрек29. Дала қыраны
13. Алтай ұлары30. Қарақұс
14. Ақ тырна31. Бүркіт
15. Ақбас тырна32. Ақиық субүркіт
16. Дуадақ33. Аққұйрық субүркіт
17. Безгелдек34. Сақалтай, қозықұмай

 БАУЫРЫМЕН ЖОРҒАЛАУШЫЛАР

1. Шұбар батбат кесіртке4. Шұбар кесіртке
2. Зайсан батбат кесірткесі5. Жолақты әбжылан
3. Үлкен көз кесіртке

ҚОС МЕКЕНДІЛЕР

1.Даната құрбақасы

БАЛЫҚТАР

1.Таймен                      2. Сылан

 Шығыс Қазақстан облысының Қазақстанның Қызыл кітабына

             енгізілген сирек кездесетін, бағалы, жергілікті және

                     құрып кету бар  өсімдік түрлерінің тізімі

                       (Қазақ ССР-дің Қызыл кітабы,  Алматы, 1981ж.) 

  1. Ұсақ торлы жуа – сирек түр
  2. Көп тамырлы жуа – сирек түр
  3. Ақшыл секпілгүл – сирек, жергілікті түр
  4. Ала күлтелі қызғалдақ – сирек түр
  5. Сібір қандығы, жауқарын – сирек, таралу аймағы азайып бара жатқан түр
  6. Людвиг құртқашашы – сирек, аз жергілікті түр
  7. Ірі гүлді шолпанкебіс  — сирек, таралу аймағы азайып бара жатқан түр
  8. Нағыз шолпанкебіс – сирек, таралу аймағы азайып бара жатқан түр

10. Секпіл шолпанкебіс – сирек, таралу аймағы азайып бара жатқан түр

11. Телпек сүйсін– саны азайып бара жатқан сирек түр

12.  Алтай рауғашы – таралу аймағы азайып бара жатқан сирек түр
13.  Ақ тұңғиық, аққугүл – сирек түр
14.  Дала шұғылығы, сәлдегүл – таралу аймағы азайып бара жатқан жергілікті түр
15.  Сауыр тегеурінгүлі – сирек, аз жергілікті түр
16.  Көктем жанаргүлі– сирек түр
17.  Алтай гимноспермиумы – көп жерлерде азайып бара жатқан сирек түр
18.  Қар дәуаяғы – сирек түр, көне түр
19.  Сабақсыз ашықжеміс  – сирек, жергілікті түр
20.  Жебе жапырақты ергеш – өте сирек, жергілікті көне түр
21.  Қызғылт семізот, алтын тамыр – саны қатты азайып бара жатқан  бағалы түр
22.  Алтай суық шөбі – саны азайып бара жатқан сирек түр
23.  Сиверс алмасы – саны қатты азайып бара жатқан түр
24.  Павлов итмұрыны – сирек, жергілікті түр
25.  Ледебур бадамы – сирек, жергілікті түр
26.  Ховен майқарағаны– сирек, жергілікті, көне түр
27.  Ақ түкті таспа – Зайсан ойпатының жергілікті түрі
28.  Тәтті жапырақты таспа – сирек, көне түр
29.  Жіңішке сабақты таспа – сирек, жергілікті түр
30.  Инелі кекек – өте сирек, жергілікті түр
31.  Шыбықша тиынтағы– өте сирек түр
32.  Ледебур қоянбұршағы – сирек, жергілікті түр
33.  Алтай қасқыржидегі– сирек, жергілікті, көне түр
34.  Тарбағатай таушешегі – сирек, жергілікті түр
35.  Су жаңғақ  — сирек, таралу аймағы азайып бара жатқан көне түр
36.  Еуропа орманоты — сирек, көне түр
37.  Қылтанды дәлен– өте сирек, көне түр
38.  Желбезекше ледебуриелла – сирек, жергілікті түр
39.  Мейр шоқгүлі – саны аз сирек түр
40.  Саз қазанақ – сирек түр
41.  Кәдімгі аюжидек, аюбүлдірген – сирек түр
42.  Ұсақ жемісті мүкжидек – сирек түр
43.  Тарбағатай кемпіршөбі – сирек, аз таралған жергілікті түр
44.  Резниченко кермегі – сирек, көне, жергілікті түр
45.  Попов дембеті – сирек, жергілікті түр
46.  Тарбагатай дембеті– өте сирек, аз жергілікті түр
47.  Кірпі қаратұқым – сирек, аз жергілікті түр
48.  Тарбағатай қандыгүлі– сирек, аз жергілікті түр
49.  Резниченко рияны – сирек, аз жергілікті түр
50.  Дауыр бақаауызы– сирек түр
51.  Келлер кесте жусаны– сирек, аз жергілікті түр, көне түр
52.  Зайсан лаксасы – сирек, аз жергілікті түр
53.  Сафлор тәрізді аюдәрі (марал тамыры) – саны қатты азайып бара жатқан түр
54.  Таңдамалы сушырмауық – өте сирек түр
55.  Тамыр сүйгіш полипорус – сирек түр
56.  Кладина, бұғы мүгі– қынаның сирек түрі

.


Тағы рефераттар

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!