Қазақстандағы кәсіпкерліктің қазіргі жай-күйі | туралы қазақша
Шағын бизнес тарихи қысқа мерзім ішінде республиканың нарықтық экономикасында өзінің лайықты орнын алып үлгірді. Қазіргі уақытта шағын кәсіпкерліктің үлесі республиканың ЖІӨ-сінің 1/3 бөлігін алады, әрі экономиканың осы секторында 3,5 млн. адам жұмыс істейді. Бүгінгі күнге дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің негізгі жиыны сауда-саттық пен қызмет көрсету саласындағы жұмыспен қамтылған. Алайда республика экономикасының соңғы жылдарда шапшаң өсуі шағын кәсіпкерліктің өркендеудің сапалы жаңа сатысына көшуіне негіз дайындап қойды — ол жақын жылдарда бәсекеге қабілеттіліктің және жаңа жұмыс орындарын құрудың негізгі факторына айналатын технологиялық та, жоғары технологиялық та шағын өндірістердің пайда болуы. Экономиканың осы секторын ары қарай да серпінді дамыта беру үшін, жұмыс барысында пайда болатын көптеген мәселелерді (әкімшілік, құқықтық, кредит-қаржылық және т.б.) бірте-бірте емес, қарышты қадаммен жедел шешу қажет. Мемлекет бұны алдын ала көруге және шағын кәсіпкерліктің бұл жаңа бағытының дамуын жан-жақты қуаттауға, салықтық, қаржылық, құқықтық қолдау көрсету мүмкіндіктері мен мөлшерлерін анықтауға тиіс.
Шешілуге тиіс басты мәселелердің бірі деп үкіметтің ақша қаражаттары ағынын шағын бизнестің нақты экономикасына келтіруге, өндіріске салынатын инвестицияларды өсіруге бағытталған іс-шаралары кешенін өткізуді айтуға болады. Ондай іс-шаралардың қатарына: кәсіпкерлердің мүлкін жария ету, Америка долларын көлеңкелі айналымнан ығыстырып шығару, шағын бизнестің борыштарын есептен шығару секілді іс-шаралар жатқызылады.
Шағын және орта кәсіпорындар жақын болашақта қазақстандық экономиканың «қыр жотасына» айналуға тиіс. Шағын бизнестің қарқынды өркендеуі үшін, орасан көп қаржы қаражаты қажет, ал ол біздің мемлекетімізде көп емес.
Инвестицияларды сомасы 12 трлн. теңгеден асатын екінші деңгейдегі банктерден, сондай-ақ зейнетақы жинақтары 7 трлн. теңгеден асып жығылатын жинақтаушы зейтетақы қорларынан табуға болады. Солай болса да, экономиканың нақты секторы айналым қаражатының, ішкі инвестициялардың жетіспеушілігінен, жұртшылықтың төлем қабілетсіздігінен тұншығуда.
Экономикадағы айналым қаражатының жетіспеушілігін іс жүзінде АҚШ доллары жауып отыр: ол республикада көлеңке бизнестің өркендеуіне қолайлы жағдай туғызады. Сондықтан, біздің көзқарасымыз бойынша, орын алып отырған жағдайдан шығудың дұрыс жолы — ол ақшалай қаражаттың экономиканың накты секторына түсуін ынталандыруға бағытталған іс-шаралар кешенін мемлекеттік деңгейде өткізу болмақ. Амнистияның (кешірім берудің) басты мақсаты — экономикаға жұртшылықтың мемлекет үшін ашық емес, валюталық жинақ (оның ішінде елден сырт жерлерге шығарылған) ақшаларын экономикаға тарту, оларды жария етуге мүмкіндік беру. Соған байланысты ел президенті: «… мемлекет пен бизнестің арасындағы қатынастарға «шындық сәтін» түбегейлі енгізу үшін, капиталдарды жария ету туралы заң қабылданды. Қазір біз ең болмағанда ақшалардың бір бөлігі қайтатынына үміт артамыз. Олар қазақстандық экономикаға жұмыс істеуге, жұмыс орындарын құруға тиіс. Жалпы кәсіпкерліктің, шағын бизнестің табысты қалыптасуын мен жұмысымыздың маңызды нәтижелерінің бірі деп санаймын», — деген-ді («Егемен Қазақстан», 2001 жылдың 5 мамыры).
Жуықта өткізілген қолма-қол ақша қаражатының, негізінен, АҚШ долларының амнистиясымен қатар, іс-шаралардың бірі ретінде кәсіпкерлер мүлкінің өзін жария етуді айта аламыз. Ол — жылжымайтын мүлік, басқадай негізгі қорлар, құрал-саймандар және айналыс құралдары. Бір жағынан, бүл мүліктің төмендетіліп қолданылып жүрген құнын дереу көтеруге, демек, салықтарды жинап, бюджетке түсетін түсімдерді ұлғайтуға мүмкіндік берсе, екінші жағынан, кәсіпкерлердің төмендегілерге: біріншіден, негізгі жария қүралдарды кепілге беріп, кредиттер алуға, екіншіден, өздерінің инвестицияларын амортизациялық аударымдарды шығыстың тиісті бабына енгізу жолымен қайтаруға мүдделілігі артады, ал бүл іскерлік белсенділікті жандандырады, әрі ішкі инвестицияларды айтарлықтай көбейтеді. Ең бір қарапайым есептеулер бойынша, жүмыс істеп тұрған шағын кәсіпорындардың мүлкінің құны 2 млрд. доллардан асады.
Жағдайдың қиындығы қолма-қол ақшаға жариялылық сипат беру туралы қабылданған заң мен осы заңда айтылмаған, бұрын сатып алынған мүлік арасындағы қарама-қайшылықта жатыр. Қазіргі уақытта кәсіпкерлердің іс жүзінде еркін қолма-қол ақшасы жоқ, өйткені ол фирманың айналымында «айналып» жүр, сондықтан олардың жария ететін ештеңесі жоқ.
Сонымен бірге фирманың әлі жария сипат алмаған мүлкінің құны ескі де, жаңа да салық кодексімен жэне амнистия туралы заңмен қарама-қайшылыққа келіп тұр. Мысалы, ескі салық кодексі бойынша 500 ең аз айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) артық, ал жаңа кодекс бойынша 2000 АЕК-тен артық сомаға сатып алу (сауда жасау) жеке табыс болып есептеледі, демек, табыс салығының ең жоғары мөлшерлемесімен салық салынуға тиіс. Сөйтсе де, мүлік, немесе, жалпы, тұтас бизнес сатылған (әбден әділ және түсінікті үдеріс) жағдайда, қабылданған заңға сэйкес, кәсіпкер жаңадан иеленген ақша үшін-міс, тіпті қылмыстық жауаптылыққа дейін толық жауапкершілік көтереді. Сондықтан мүліктің 500 АЕК-тен немесе 2000 АЕК-тен артық болуы мәселесінің шешілуі шағын және орта бизнес кәсіпкері үшін ақшаның өзін жария етуден гөрі маңыздырақ. Іскер адамдардың бұл санатының, әдетте, банкноттарға толы, бір жерлерге жасырылған қаптары жоқ. Әлдебір төтенше жағдайлардан сақтандыру сомалары, әрине, бар, бірақ олар көп емес, сондықтан ақшаны жария ету үдерісіне елеулі ықпалы бола қоймайды.
Негізгі қаржы қаражаттарын кәсіпкерлер, әдетте, үлкен пайдаға жету үшін өндіріске салуға тырысады. Бірақ бүгінгі күні отандық экономиканы көтеруге белсенді қатысқан отансүйгіш кәсіпкерлер ұтылып отыр. Алайда олар сол уақытта мүлік жинап алып, енді оны жария түрде сата алмайды, ал ақшасын «қобдишаға» тыққандар немесе шетелге асырғандар ұтысқа жетті.
Ақша амнистиясынан, негізінен, экономиканы көтеруге мүлдем қатыспаған компрадор буржуазиясының өкілдері ұтты. Сондықтан капиталды жария ету туралы заңға осы көрсетілген мәселені шешетін қосымша заң актісін қабылдау қажет. «Капиталды жария ету» дегенді толық азат ету немесе мемлекеттен жасырылған табыстар мен тиянақсыз заңнама кезінде сатып алынған мүлікті ерікті түрде мағлұмдау деп түсіну керек. Біржолғы акция керек емес, кәсіпкерлік қызметті, кемінде, бес жылға заңдастыру (жария ету) үдерісі қажет. Оның үстіне, Қазақстанда тұрғын үй құрылысын салу және құрылыс материалдарын сатып алу барысында капиталды жария етудің оң (заңды күшін сақтаған ескі Салық кодексінде бекітілген норма) тәжірибесі бар.
Осы кезең ішінде қаншама жекежайлар мен жекеменшік үйлер салынғаны ешкімге құпия емес. Соған ұқсас жағдайдың тұтынуға емес, ұдайы өндіруге бағытталған сапалы инвестициялау үдерісін жақсарта отырып, экономиканың нақты секторында орын алғаны дұрыс болар еді.
Шағын бизнесті дамыту үшін маңыздылығы ешбір кем емес мәселе болып қолма-қол ақшаны көлеңкелі айналымнан ығыстырып шығарып, оны өндіріске салу, біздің пікірімізше, ақша айналымына қазақстандық алтын ақшаны енгізу болар еді. Алтын ақша, жинақтау шарасы ретінде, оны долларға сатып алуды ынталандыратын болады, сөйтіп, доллардың қолма-қол ақша айналымынан ығыстырылуына келтіреді. Қазіргі уақытта ақшаның басты қызметі — құнның өлшемі болуды теңге орындап отырған жоқ. Қолма-қол доллардың қазір республикада ЖІӨ-нің 10-15%-ін немесе айналымдағы ақшаның жартысын алып отырғанын түсіну үшін, соншалықты ақылды болу міндетті емес.
Шындығында, теңгені ауыстыра отырып, доллар біздің экономикамызда ақшаның атқаратын үш қызметін: құнның өлшемі, жинақтау өлшемі және айналыс өлшемі болуды өзіне алып отыр. Жұртшылық ақшасын доллармен жинайды, барлық жерде тауарлар мен қызметтердің (тіпті кейде импортқа қатысы жоқ болса да) құны «шартты бірлікте» тұлғаланады. Төлем құралы ретінде доллар экономиканың көлеңкелі секторында іс жүзінде барлық қолма-қол ақшамен жасалатын мәмілелерде кең қолданыс тапты.
Барлық дерлік, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындар да, өздерінің тауарлары мен қызметтеріне (ұялы байланысқа, кабельдік ТВ, бензинге, көмірге және басқаларына көтерме багаларды) бағаны АҚШ долларымен немесе «шартты бірлік» деп аталатынмен белгілейді. Ондай кезде қылмыстық қудалаудан сақтанып қана олар ақыны теңгемен сол ақы төленетін күнгі айырбас бағамымен алады, яғни олар бірінші болып іс жүзінде АҚТТТ долларын бүгінгі күнгі құн өлшемі және айналыстың жалпыға ортақ құралы деп таниды.
Сондықтан үлттық валютаны ары қарай нығайту үшін, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, бәрінен бұрын, монополистердің АҚШ долларына емес, әр тоқсанға үкімет белгілейтін ең аз айлық есептік көрсеткішке (АЕК) байлам жасаулары керек. Бұны орындау оңай ғана емес, отансүйгіштік те болады, бірақ экономикамыздағы инфляциялық үдерістерді толық ескереді.
Сөйтіп, мемлекет тауарларға «ш.б.», яғни АҚШ долларында тұлғаланған әртүрлі бағалардың бар екенін іс жүзінде мойындап отыр. Алайда өзара есептесулерде бұл салық заңын бұзушылық деп саналмайды, ал сол уақытта өнімді өзіндік құнынан төмен бағамен сату сондай деп есептеледі.
Алтын теңгенің негізгі қызметі — ақшаны ұлттық валютада жинақтау үшін қажетті жағдайлар туғызу. Қазіргі уақытта бірқалыпты құнсыздану орын алып тұрғанда, теңгеден қашу басталады. Валютаға жапа-тармағай сұраныс құнсыздану тетігін шыр айналдырып жібереді, ал ол, өз кезегінде, инфляцияға, мерзімі ұзартылған инфляцияның ұдайы өсуіне келтіреді, өйткені мерзімі өтіп кеткен кредит берешегі мен сыртқы борыш артады. Осындай қиын-қыстау жағдайларда жұртшылыққа жинақ ақшаларын кепілдікпен сақтаудың басқа механизмдерін ұсыну қажеттігі айқын сезіледі. Әлемдегі соңғы оқиғалар АҚШ долларының соншалықты орнықты валюта еместігін, әрі кез келген сәтте күтпеген жерден апаттық құлдырауға түсуі мүмкін екенін көрсетті.
Сонымен бірге алтын теңге оны қолма-қол валюта немесе теңгемен сатып алу барысында жұртшылықты табыстарын мағлұмдаудан босату жолымен табыстарды жария ету шараларына да қатыса алады. Сондықтан алтын теңге эмиссиясы (шығарылымы) алтынмен, скандиймен, осмиймен, платинамен және басқа да асыл металдармен қамтамасыз етілуге тиіс, ал бұл эмиссияның құнын арттырып, жаңа бірлікті тұрлаулы жасар еді. Кейінгі эмиссияларды өткізу қымбат тұратын асыл металдардың (Қазақстанда олар жеткілікті) қорларының артуы қамтамасыз етілген жагдайда гана мүмкін болады.
Алтын теңге жоғарыда аталғандардан басқа салаларда айналысқа түсе алмайды. Мысалы, алтын теңгеге дүкенде шұжық сатып алуға болмайды, бірақ оны алдын ала теңгеге айырбастап қана шұжық сатып ала аласыз. Біз ұсынып отырған ақшаны жария ету механизмі және алтын ақшаны енгізу жұртшылықтың жинақталып қалған ақшасын айналымға нақты тарта алады деп ойлаймыз.
Алтын ақшаны енгізудің маңызсыз емес мәселелерінің бірі -ол қазақстандық алтын өндірушілердің алтын іздеу (старательдік) артельдерінің шағын кәсіпорындарына дем беру.
Қазіргі уақытта алтын өндіру деңгейі, — алтынның ірі және бірегей кен орындарында оларды игеру үшін республика үкіметі елеулі іс-шаралар қабылдап жатқанмен, — мемлекеттік «Қазақстан алтыны» бағдарламасында белгіленген межеден алшақ жатыр.
Сонымен бірге алтынның шағын және орта кен орындары, — оларда алтын қорларының жартысынан көбі шоғырланып жатса да, -әзірше әлеуетті инвесторлардың назарынан тыс қалып отыр. Осындай үлкен емес кен орындарынан алтын өндірумен бұрынғы жылдары алтын іздеу артельдері айналысатын. Алтын іздеушілердің артельдері өзінің мәніне қарай, әдетте, жұмыс істейтіндердің саны 50 адамға жететін шағын кәсіпкерлік субъектілері болатын. Өткен ғасырдың 90 жылдарының басында олар сол кен орындарына байланған ауылдарда тұратын көптеген адамдарды жұмыссыз қалдырып, тарай бастады. Алтын іздейтін артельдердің қызметін қалпына келтіру үшін, бірқатар іс-шаралар атқарылуға тиіс, олардың ішіндегі маңыздырақ саналатындары төмендегілер: алтын өндірумен айналысатын жекелеген шағын кәсіпорындардың деңгейлес икемді байланысын қамтамасыз ету; шағын және орта кен орындарын игеру үшін қаражат шоғырландыру мақсатында қауымдастықтар немесе ынтымақтастықтың басқа түрлерін құру; инвестициялық жобаның әрбір қатысушысының қызметін жақсартуға қатысты жағдайлар туғызу үшін, техникалық-технологиялық, ғылыми және инвестициялық саясатты үйлестіру.
Экономикалық кешірім берудің (амнистияның) екінші бір мәселесі -кәсіпорындардың борыштары. Кәсіпорындардың барлық деңгейлердегі бюджеттерге және бюджеттен тыс қорларға өсімпұлдары мен айыппұлдарының бір бөліктерін есептен шығаруға баруға болады. Осындай кешірім беру белгілі бір шарттармен, оның ішінде, бересілерді өтеу мерзімдерімен келісілуге (яғни ескеруге) тиіс. Кәсіпорын атқарушы билік органдарымен борыштарды өтеу кестесін келіседі: оны орындау барысында оған өсімпұлдары мен айыппұлдарының бір бөліктеріне: өтеу мерзімі ұзақ болса, кешірім берілетін сома да аз деген қағидамен кешірім беріледі. Осыған байланысты Алматы қаласы бойынша іс жүзінде жұмыс істемейтін және салық органдарымен байланысын үзген бес мың заңды тұлға — шағын бизнес субъектісі және шамамен сондай нақты жұмыс істемейтін, бірақ бос есеп-қисаптарын жүйелі түрде тапсырып отыратын субъектілер бар. Соған ұқсас фирмаларды жабудың жэне банкрот деп жариялаудың қиындатылған іс-амалдарының салдарынан жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпорындардың саны туралы да, өсуі жайындағы да ақпарат дұрыс болмай шығады. Шағын бизнес субъектілерінің «дүниеге келгені» тіркеледі де, «өлгені» тіркелмейді. Сондықтан кәсіпорындардың қызмет атқаратындарын анықтау, жұмыс істемейтіндерін жабу үшін, біржақты тәртіппен толық және жалпыға бірдей тізбелеп түгендеуді ұсынамыз.
Үкіметтің шағын бизнесті салық заңынан құтқару үшін жасаған әрекеті — 2000 жылғы қарашаның 11-інде шығарған «Заңды тұлғаларға — шағын бизнес субъектілеріне салық салудың оңайлатылған жүйесі туралы» нұсқаулығы болды. Бұл нормативтік құжат кәсіпкерлік қызметке қойылатын әкімшілік тосқауылдарды патент жүйесін енгізу жолымен қысқартуды көздейді. Соған қарамастан, бұл ұзақ күттірген құжат шағын кәсіпкерлік үшін бір жылдан аз мерзімге беріледі.
Біріншіден, күнделікті өзгеріп тұратын әлеуметтік-экономикалық жағдайларда осындай мерзімге қызмет түрін жоспарлау мүмкін емес. Қолданылып жүрген халықаралық стандарттарға сәйкес, — ал Қазақстанның экономикасы дүниежүзілік шаруашылықтың бір бөлігі болып саналады, — салық патенті салық жылының белгілі бір айларына ғана емес, күндеріне, тіпті сағаттарына берілуге тиіс. Екіншіден, әрбір жарты жыл сайын салық комитеті хронометраж, яғни шағын кәсіпорынның (ШК) шаруашылық қызметінің іс жүзіндегі тексерілуін өткізіп отыруға тиіс. Одан өзге, жылына бір рет ІПК ресми тексеруге жатады. Қорытындысында, бір жылдың ішінде бір рет тексерудің емес, үш рет тексеру орын алады, ал бұл «Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер» Заңының 137-бабына қайшы келеді. Үшіншіден, патенттеу нысандарының тізбесі өте-мөте қысқарған, ол да салық патенті соған сәйкес кез келген өндірістік қызметті шектеуге тиіс емес, қолданылып жүрген халықаралық стандарттарға қайшы. Төртіншіден, патенттер сатып алу шараларын мүмкіндігінше оңайлату, сонымен бірге касса аппараттарын қолдануды мүлдем алып тастау қажет. Бесіншіден, «Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» Заңның патент иеленушілер үшін салық мағлұмдамасын табыс етуін көздейтін 144-бабы әлі күнге дейін күшін жойған жоқ: бұның өзі патент жүйесінің мәніне қайшы келеді.
Салық салу жүйесіндегі қарама-қайшылықтар қаланың әртүрлі аймақтарының инфрақұрылымы бір-бірінен бөлек ірі қалаларда ерекше байқалады. Салық салу жүйесі үлкен қаланың бұл ерекшеліктерін толық көлемде ескере бермейді де, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің біркелкі емес дамуына келтіреді.
Пайдаланылған әдебиеттер: Аманбаев Ү.А., «Кәсіпорын экономикасы». Оқу құралы, Алматы: «Бастау» баспасы, 2012 — 432 бет.
#Қазақстандағы #кәсіпкерліктің #қазіргі #жайкүйі
Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз