Қазақстан Республикасындағы басқару жүйесі | туралы қазақша
Кез-келген мемлекеттің арманы – экономикалық ынталандырудың жəне құқықтық реттеудің экономикалық, əлеуметтік салалардың жəне əкімшілік- саяси мемлекеттік құрылымның басқару жүйесінің қалыптасуы мен қызмет етуіне жағдай жасайтын басқарудың тиімді тетігін əзірлеу болып табылады. Қазақстан Республикасы соңғы оншақты жылдар ішінде мемлекеттік басқару жүйесінде функцияларды, өкілеттік пен жауапкершілікті биліктің барлық деңгейлері арасында тиімді бөлу есебінен күрделі əкімшілік-бюджеттік реформалар жасау мақсатында, бюджетаралық қатынастар жүйесінің тиімді қызмет етуін қамтамасыз ететін жаңа принциптер жасауға əрекеттеніп келеді.
Қазақстан – президенттік басқару нысанындағы унитарлы мемлекет, конституцияда демократиялық, құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет деп танылады, онда жергілікті өзін-өзі басқаруды (Қазақстан Республикасы Конституциясының 89 бабы) жəне жергілікті мемлекеттік басқаруды (86-88 баптар) жүргізудің конституциялық нақты бөлінісі көрсетілген. Қазақстан Республикасында тұрғындардың жергілікті маңызы бар мəселелерді өзбетінше шешуді қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару белгіленген.
Жергілікті мемлекеттік басқару жергілікті өкілді жəне атқарушы органдар арқылы тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны дамыту мақсатында жүзеге асыратын, сондай-ақ олардың тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылатын қызметі. Мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқарудың айырмашылығы сонда, жергілікті басқару органдары «мемлекеттік басқарудың жүзеге асырады жəне жай-күйіне жауапты болып табылады», ал екіншісі «мəселелерді өзбетінше шешуді қамтамасыз етеді». Мемлекеттік органдардың билік өкілеттіктерін жүзеге асыру көзі халық болғандықтан (ҚР Конституциясының 3 бабы), жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызмет ету көзі белгілі шекарада орналасқан, өзін-өзі басқаратын қоғамдастық құрған тұрғындар болып табылады. Бұл жағдайда жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік реттелуші ерекшелікке ие, өйткені олардың құқықтық статусы, оларды ұйымдастыру мен қызмет етуі тек қана субъект азаматтарымен ғана емес, Конституцияменғ заңдармен жəне де өзге нормативтік құқықтық актілермен айқындалады. Осылайша, жергілікті өзін-өзі басқарудың мүддесі, оның заңдық құқықтары жергілікті билік тарапынан мойындалуы тиіс, тіптен, жергілікті өзін-өзі басқарудың проблемаларын шешуде нақты қатыстылығы қажет.
«Жергілікті мемлекеттік жəне өзін-өзі басқару» оқу құралының мазмұны бірнеше объективті факторларға негізделген. Бұл мемлекеттік басқарудың жүйелілігін қамтамасыз етуі, биліктің барлық деңгейінің тиімді қызмет етуі үшін басқарудың əрбір деңгейіне қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілген, нақты белгіленген функция мен өкілеттіктер болуы, ведемствоаралық үйлесімділік,заңдық-құқықтық негіз болуы тиіс.
Еліміздің дамуының бүгінгі заманғы дамуы кезінде, мемлекеттік басқару саласының тиімділігін онан əрі көтеру қажеттілігі туындаған кезде, биліктің барлық деңгейлерінің арасында функцияларды айқынырақ бөлу мəселесіне жəне жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігін арттыруға басымдық берілуде. Кезінде Қазақстан Республикасының Президенті былай деп атап көрсетті: «Ауылдық жерлерде билiктiң белгiлi бiр босаңдығы бiлiнiп жүр. Жер- жерлердегi əкiмдердiң қолында жеткiлiктi өкiлеттiктер, ал ең бастысы қаржы ресурстары жоқ. Сондықтан Үкiмет жəне облыстар əкiмдерi төменгi буындарда ұтымды мемлекеттiк басқаруды ұйымдастыруға тиiс. Бiзде басқарудың қанша деңгейi болуы керек екенiн анықтап алу керек. Мемлекеттiк басқарудың барлық негiз қалайтын қағидаттарын айқындап алғаннан кейiн ғана жергiлiктi өзiн өзi басқарудың үлгiсi мен заңына құлық қоюға болады» (30 сəуір 2002 ж.).
Жергілікті мемлекеттік басқару мемлекеттік басқару ғылымының бір бөлігі болғандықтан, оқу құралында жергілікті мемлекеттік басқарудың мəні мен белгілері, оның принциптерінің анықтамасы мен жіктемесі сияқты теориялық негіздемелер жайында талдау жасау мақсаты қойылған жоқ, өйткені ол жеке пəн ретінде зерттелетін мемлекеттік басқару теориясына бағынады, бұл, əдетте жергілікті өзін-өзі басқару проблемаларына дейін зерделенуі тиіс.
#Қазақстан #Республикасындағы #басқару #жүйесі
Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз