Қазақша тақпақ: Көкөніс (Картоп, Пияз жуа, Сәбіз, Қызылша)

0

Қазақша тақпақ: Көкөніс (Картоп, Пияз [жуа], Сәбіз, Қызылша) казакша Қазақша тақпақ: Көкөніс (Картоп, Пияз [жуа], Сәбіз, Қызылша) на казахском языке

Картоп (Картошка)

Бақшамызда өседі,
Керек тағам деседі.
Бар қызыл, көк, сарысы
Ащы-тұщы бәрісі.


Пияз [жуа] (Лук)

Болса да ащы,
Дәмді етер асты.
Өседі ол жерге,
Тығып алып басты.


Сәбіз (Морковь)

Көкөніс бұл қалаулы,
Жасамас онсыз Палауды.


Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген?
Mені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де!


Қызылша (Свекла)

Ақ түсім бар қант алар,
Қызыл түсім — қанға нәр.
Ал, балақай біліп қой,
Қызылшамын пайдам бар.