Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Кәріліктің дауасы)

0

Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Кәріліктің дауасы) казакша Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Кәріліктің дауасы) на казахском языке

Кәрілік — күлге аунаған қотыр бура,
Кешегі жақсы қайда сөзі тура?
Дауасын кәріліктің мен айтамын,
Көрпені қалың сал да, майды тура.
Шайдың көркі қант пен май, бауырсақта,
Шай ішпей тұра алмаймыз, ауырсақта.
Кәріні сыйлаймын деп ниет қылсаң,
Майлы етті ұсақ турап , сарымсақта.
Бұрыңғы өткен дәурен қайтып келмес,
Зарығып күндіз — түні сағынсақ та.
Жастардың біреуіндей білгендейміз,
Қартайып әбден естен жаңылсақ та,
Жастардың қолайына жаға алмаймыз,
Айтқан серт, уәдеден табылсақ та.
Тұсыңмен төрт құбыла боп тұрсаң — дағы,
Кейінгіге жақпаймыз неғылсақта.