Ашса кезек үш көзін, Айтты деп ұқ сөзін: «Тоқта! Сақтан! Жол ашық! Жүрме жолға таласып», Қызыл көзін ашқанда, Сынық сүйем баспа алға. Сары көзін ашқанда, Қарап қалма аспанға. Жасыл көзін ашқанда, Өте бергін, жасқанба! Көзін ашып-жұмады, Бағыт сілтеп тұрады.