Орыстандыру саясаты | Скачать Реферат

0
131






Жұмыс түрі: 
Реферат

Көлемі: 8 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге

Таңдаулыға:   




1.1 Орыстандыру саясаты.
Білім-ғылым қай заманда болмасын қоғамның ілгері жүруіне немесе кейін қалуына тікелей әсер ететін маңызды фактор. Бұл тарихи шындық, аксиома. Ал қазақ халқы Ресей империясының боданы болғанынан бастап өзінің ғасырлар бойы қалыптасқан, елдігінің тұғыры болған тілінен, дінінен, ділінен, салт-дәстүр мен мәдениетінен айрыла бастады. Империялық амбиция импульстері қазақ халқына ауыр тиді, содан кейін билікті қолған алған Кеңестік басшылық та осы жолды ары қарай жалғастыра түсті. Ресейге бағынышты болған барлық түркі халықтары үшін бұл ортақ тарихи сипат болды. Сондықтан да барлық түркі халықтары біріксе ғана егемендікке қол жеткізіп, тәуелсіздігін алуы мүмкін еді. Осы орайда татар ғалымы И.Гаспринский тарихи сахнаға шықты. Түркітанушы Л.Н. Гумилевтің пассионарлық теориясы шеңберінде айтар болсақ, Гаспринский әлемдік энергияны өз бойына жинақтаған пассионар тұлға болды. Ол өзінің өмірлік күш-жігерімен қасындағы единомышлениктерді рухтандырды, өзінің бойындағы энергиямен қуаттандырды. Нәтижесінде әр жерде бас көтерулер орын алып, ислам дініне негізделген жаңаланған білім-ғылымды ту еткен зиялылар пайда бола бастады. Мысалы, ХХ ғасырдың 10-шы жылдары Қазақстанда – алаш, Әзірбайжанда – мусават, Қырымда – миллифирк, Татарстанда – иттифак әл-муслимин, Өзбекстанда жадидизм атауымен ағартушылық, демократиялық, саяси бағыттар шықты.
Жалпы бұл тақырыптың тарихнамасы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезінен қалыптаса бастаған және бүгінгі таңда біраз зерттеулерде кездеседі. Бұл зерттеулерде жәдидшілдік және оның Қазақ даласына ықпалы мұсылмандық білім беру жүйесі мен қазақ халықының әлеуметтік, мәдени және саяси салаларындағы қозғалысы ретінде тікелей, кейде жанама түрде қарастырылған. Жарыққа шыққан еңбектерді үш кезеңге бөліп қарастыруға болады:
1. Революцияға дейін
2. Кеңестік кезең
3. Тәуелсіздік жылдары жарыққа шыққан еңбектер
Патша өкіметінің орыстандыру және шоқындыру саясаты аясында мұсылман халықтарына зайырлы білімді беру жөнінде біршама зерттеу жүргізгендер қатарына өлкетанушы А.В. Васильев (1861-1943) пен шығыстанушы А.Е. Алекторовты (1861-1918) жатқызуға болады.
А.В. Васильев өзінің Торғай облысындағы орысша білім беру жағдайы туралы еңбегінде Қазан, Санкт-Петербор университеттерінде оқитын қазақ балалары, оларға тағайындалған шәкіртақы, мектептегі орыс және қазақ тілінің оқытылуы жайын кезең-кезеңге бөліп қарастырады. Ол қазақ жастарына білім беру ісін айта келіп, қазақтар мен орыстардың арасын біраз уақыттан бері жалғастырушы болып келген діни сауатты татар және башқұрттардың қазақ балаларының діни біліммен саналарын улап жатқандығы жөнінде: Қазақ даласында халықтық мектептерге
сауатты мұғалімдерді даярлау қажет. Өйткені қазақ жастары шала сауатты мұғалімдер мен болыс тілмаштары, қала берді башқұрт және татарлардан шыққан фанат молдалардан білім алып, кейін оларда Ресей жөнінде қате түсінік қалыптасады, – деп жазады . А.В. Васильев еңбегінің соңында Қазақ даласындағы мектеп, медреселер, оқушылар мен оқытушыларды мектептерге бөліп орналастыру, сабақ барысы, оқытушылар туралы мәліметтерді диаграмма мен кестелер түрінде көрсеткен.
1.2 Оқу – ағарту жүйесі
ХІХ ғасырдың соңындағы Қазақ даласындағы ағартушылықтың, соның ішінде Ақмола, Семей, Торғай облыстарындағы және Бөкей Ордасындағы қазақтардың білім алуы бойынша мәліметті А.Е. Алекторов қалдырған. Ол қазақ тілін, қазақ халқының тұрмысын, тарихын, әдет-ғұрпын жақсы білген, қазақ жерінде халық ағарту ісін қалыптастырушылардың бірі болған. А.Е. Алекторов Бөкей Ордасында училище инспекторы қызметінде жүргенде біршама мәліметтер жинап, Батыс аймақтардағы білім беру бойынша нақты материалдарды еңбектерінде жазған қалдырған.
Патшалық Ресейдің түркі-мұсылман халықтарын, соның ішінде қазақтарды орыстандыру саясатының белді өкілдері, миссионер-ғалымдар Н.И. Ильминский (1822-1891), Н.П. Остроумовтың (1846-1930) революцияға дейінгі жылдарда Қазақ даласын діни және рухани отарлауға арналған бірнеше еңбектері жарық көрген. Бұл еңбектерде Қазақ даласындағы оқу-ағарту ісінің жүзеге асырылуы, халықтың орысша сауаттылық деңгейі туралы мәліметтер бар. Дегенмен, бұл еңбектер патша үкіметінің саяси мүддесі тұрғысында жазылғандықтан да, мұнда қазақ халқына рухани салада жасалған қиянаттары көрсетілмеген, ол тек уақыт өте келе, қазіргі таңда мұрағат деректері бойынша ғана тарихи шындық тұрғысында қайта қарастырылуға мүмкіндік алуда.Осындай бағытта жазылған келесі еңбектің авторы С.М. Граменицкий (1859-1919). Ол Қазақ даласындағы халықты ағарту ісін Сырдария облысы бойынша Очерк развития народного образования в Туркестанском крае атты еңбегінде баяндап, онда орыс халқының Ұлылығы мен өркениеттілік миссиясын баса көрсетіп, орыс емес халықтардың білім алуы мен оның жүзеге асырылуы жағдайынан хабар береді.Сонымен қатар, 1917 жылға дейінгі Қазақ даласындағы оқу-ағарту ісі мен білім беру жүйесі туралы мәліметтерді орыс зерттеушілері мен саяхатшыларының еңбектерінен аламыз. Біз қарастырып отырған кезеңдегі саяхатшылар мен этнографтардың еңбектері деректік мәліметтердің болуымен құнды. Көбіне бұлар этнографиялық тұрғыда жазылған: саяхат күнделіктері, жол жазбалары, очерктік зерттеулер.
Орыс зерттеушілері мен саяхатшыларының еңбектерімен қатар Қазақ даласындағы оқу-ағарту жүйесі жөніндегі мәліметтерді қазақ ағартушылары Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин және Абай Құнанбаевтардың (1845-1904) еңбектерінен де кездестіре аламыз. Қазақ халқының мәдениеті мен ағартушылығын дамытуға көп үлес қосқан ағартушы-демократ Ш. Уәлиханов болатын, ол Қазақстан мен Орта Азия халықтарының артта қалуының басты себебі монархиялық тәртіп пен ислам діні деп түсінді, бұқара халықтың аяусыз қаналып отырғанын көре білді, халықтың тілегімен санасып, мүддесін қорғады, сонымен қатар Қазақ даласындағы басқарушылық тәртіптің өзгеруін қалаған еді. Ол Қырдағы мұсылмандық туралы атты очеркінде ислам дінін қатал сынға алып, жалпы дін атаулының білім мен ғылымға, мәдениеттің дамуына кедергі келтіретінін айтып, тоқырау мен құлдыраудың себебі болған, халықтың басын айналдырып, санасын улаған дінді орта ғасырлық идеология деп санады.
1.3 Ағартушылардың пікірі мен көзқарасы
Шоқан Уәлихановтың ағартушылық көзқарастарын одан әрі дамытқан педагог Ы.Алтынсарин болды. Жаппай қазақтардың білім алуының ауадай қажеттігін түсінген ол, Қазақ даласында зайырлы білім беру үшін күресті. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақ даласындағы мұсылмандық мектептердің артта қалушылығын сынап, діни догмамен шектелген қарапайым білім берудің орнына жаңа үлгідегі ағартушылықтың негізін қалады. Дегенмен жаңа әдісті мектептерде барлық пәндерге қосымша діни білім де оқытылды, өйткені бұл кезеңде жәдидшілдіктің Қазақ даласына ықпалы болып, ол Ы.Алтынсаринге де өз әсерін тигізді. Ы.Алтынсарин орыс-қазақ мектептерінің негізін салушы, алғашқы қазақ әліпбиінің авторы және қазақ тіліндегі алғашқы оқу құралы Қырғыз хрестоматиясын жазды. Сонымен қатар, революцияға дейін осы тақырып турасында зерттеулер жүргізіп еңбек қалдырған бірнеше авторлар бар. Бірақ, Орта Азия зерттеушілерінің еңбектері бізден гөрі біршама жарыққа көптеп шыққан болатын.Ал Кеңестік кезеңде жәдидтік қозғалысқа арналған іргелі еңбектер аз, жоқтың қасы. Себебі, тоталитарлық жүйе ислам дінінің негізі бір Құдайға сену догмасына түбегейлі қарсы болды, оның орнына бір партиялық жүйе, көсемдік басшылық насихатталды. Алайда, ХХ ғ. бас кезінде жәдидтік қозғалысқа ерген қазақ зиялылары анық басып айтпаса да, ғылым … жалғасы

Ұқсас жұмыстар


Пәндер

  • Іс жүргізу
  • Автоматтандыру, Техника
  • Алғашқы әскери дайындық
  • Астрономия
  • Ауыл шаруашылығы
  • Банк ісі
  • Бизнесті бағалау
  • Биология
  • Бухгалтерлік іс
  • Валеология
  • Ветеринария
  • География
  • Геология, Геофизика, Геодезия
  • Дін
  • Ет, сүт, шарап өнімдері
  • Жалпы тарих
  • Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
  • Журналистика
  • Информатика
  • Кеден ісі
  • Маркетинг
  • Математика, Геометрия
  • Медицина
  • Мемлекеттік басқару
  • Менеджмент
  • Мұнай, Газ
  • Мұрағат ісі
  • Мәдениеттану
  • ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
  • Педагогика
  • Полиграфия
  • Психология
  • Салық
  • Саясаттану
  • Сақтандыру
  • Сертификаттау, стандарттау
  • Социология, Демография
  • Спорт
  • Статистика
  • Тілтану, Филология
  • Тарихи тұлғалар
  • Тау-кен ісі
  • Транспорт
  • Туризм
  • Физика
  • Философия
  • Халықаралық қатынастар
  • Химия
  • Экология, Қоршаған ортаны қорғау
  • Экономика
  • Экономикалық география
  • Электротехника
  • Қазақстан тарихы
  • Қаржы
  • Құрылыс
  • Құқық, Криминалистика
  • Әдебиет
  • Өнер, музыка
  • Өнеркәсіп, Өндіріс

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз