Қазақша тақпақ: Анашым

0

Қазақша тақпақ: Анашым казакша Қазақша тақпақ: Анашым на казахском языке

Анашым менің анашым,
Мәпелеп өсірген сен едің .
Мейірімің қандай керемет!?
Анашым менің анашым.

Анашым аяулы адам сен едің,
Серігі болған біздердің .
Түн ұйқысын төрт бөлген,
Қамқоршы менің анашым.

Анашым асыл адам сен едің,
Біздерді бесігіңмен тербедің.
Аялаған біздерді
Ардақты анашым сен едің.

Атырау қаласы
№4 облыстық мектеп-интернаты
Кеңесова Айдана Талғатқызы
5 б сынып оқушысы
Жетекшісі: Қарасаева Райгүл Құлқайырқызы
математика және информатика пән мұғалімі


Анашым ғұмырлы болғанын
Ғасырлық өмірлі болғанын
Алланың сүйікті құлысын
Пенделік бойында болмады
Өзіндей сынақтан өтсемғой
Ақ батан көгеріп көктесем


Ақ сүтін берген анашым,
Ақылды менің данашым.
Өзіңдей жанды әлемнен,
Қайдан табамын анашым?!

Мейірім төккен баршаға
Онымен өмір қаншама?
Анасыз өмір бола ма,
Айтыңдаршы, баршаң да?

Алысқа кетсемде,
Сағынамын мен сені!
Әрқашан да жанымнан,
Табылатын менің анашым!

Атырау қаласы,
№4 облыстық мектеп- интернатының
3 в сынып оқушысы Маратқызы Анелья
Жетекшісі: бастауыш сынып мұғалімі
Қуанова Ансаган Айдынгалиевна


Алматы қаласы, Әуезов ауданы
№42 жалпы білім беретін мектептің
3 «ә» сынып оқушысы: Нартан Айша
Сынып жетекшісі: Бакторазова Айгерим

Менің анам ардақты,
Алтыннан да салмақты
Жақсы көріп баласын,
Мәпелейді анашым

Жақсылыққа шақырып,
Жамандықтан тыяды.
Мейіріммен тәрбиелеп
Иман нұрын құяды.


№49 жалпы орта білім беретін мектебінің
МАД тобының тәрбиеленушісі: Әнесова Нұрбибі Русланқызы
Тәрбиешісі: Давлетова Тойған Сапаровна

Ана, сен бақыттысың!
Гүлің болып өсіп келем.
Жайнап жүрші,
Күліп жүрші,
Алладан мен тілеп жүрем.