Қазақша слайд — Эпидемиялық процесстің аймақтық мерзімдік көрініс беруінің казіргі кездегі сипаттамасы — презентация

0

Эпидемиялық процесстің аймақтық мерзімдік және халықтық әр түрлі топтарында көрініс беруінің казіргі кездегі сипаттамасы

Эпидемиялық процестің құрамы

Эпидемиялық процесс туралы ілімнің негізін қалаған  Л.В.Громошевский болып саналады. Ол бірінші болып эпидемиологияның негізгі заңдарын зерттеп, құрастырды, инфекцияның берілу механизмінің теориясын және эпидемиялық процестің қозғаушы күштерін анықтады.

Эпидемиялық процестің даму себебі мен шарты

Бірінші бөлімде эпидемиялық процестің мәні,яғни оның даму себептері және осы себептердің болу шарттарын ашу қаралады.Осы бөлімге байланысты мағлұматтарды жүйеге келтіру арқылы эпидемиялық процесс неліктен дамыды деген сұраққа жалпы жауап табуға болады.Клиникалық медицинада патологиялық процестің организмдік деңгейде тексерген кезде оның ұқсас бөлімін зерттеуді этиология деп атайды.

Екінші бөлімінде эпидемиялық процестің даму механизмі жөнінде айтылады,яғни эпидемиялық процессқалай дамыды деген сұраққа жауаптар іздестірілді. Патологиялық процессті организмдік деңгейде зерттегенде клиникалық медицинаның ұқсас бөлімін патогенез деп атайды.

Үшінші бөлімінде эпидемиялық процестің көріну жақтары зерттеледі,яғни эпидемиялық процестің көрінуі,белгілері қандай болады деген сұраққа байланысты мағлұматтардың жиынтығы баяндалады. Клиникалық медицинада патологиялық процесстің белгілері зерттейтін бөлімді семиотика деп атайды.

Қоздырғыштың берілу механизмі туралы ілім

Эпидемиологиялық ғылымының өте маңызды теориялық жәтістігі ретінде Л.В.Громошевский ойлап тапқан инфекцияның берілу механизмі туралы айтуға болады.Бұл ілімнің негізгі түйіні мынада:паразит эвалюциялық даму барысында қалыптасқан механизм арқылы, өзіне тән берілу механизмдерінің көмегі мен,жеке тән организм иелерін ауыстырып отыру үшін,паразиттің биологиялық түрі ретінде сақталды. Берілу механизмінің қоздырғыштың ие организміндегі басты орнығуының сәйкестігі осы ілімнің негізі болып саналады.

Берілу механизмі

Эвалюциялық даму барысында қоздырғыштың иелерін ауыстыру арқылы биологиялық түрін сақтауды қамтамасыз ететін механизм,яғни қалыптасқан заңдылық негізінде қоздырғыштың инфекция көзінен қабылдаушы ие организміне ену механизмі. Ол үш сатымен іске асады:

1.Ауру адамнан шығу сатысы

2.Сыртқы ортаның биотикалық және абиотикалық объектілерінде уақытша бола тұру сатысы

3.Қабылдағыш организмге ену сатысы

Берілу факторлары

Қоздырғыштың бір организмнен екіншісіне тасылыуын қамтамасыз ететін сыртқы орта объектілірі және буынаяқтылар. Қоздырғыштың берілу механизмін бірінші сатыда іске қосуда қатысатын факторларды алғашқы берілу факторлары деп атайды. Қоздырғышты организмге жеткізетін факторларды соңғы факторлар деп атайды. Берілу факторлары міндетін атқаратындарға жататындар:ауа,тағамдар, су,топырақ, үй жабдықтары мен өндіріс құралдары және буынаяқтылар. Қоздырғышты инфекция көзінен қабылдаушыға тасуға қатысатын буынаяқтыларды қоздырғыштың тасымалдаушысы деп атайды.

Берілу жолдары

Нақты эпидемиялық жағдайда қоздырғышты бір организмнен екіншісіне жеткізуді қамтамасыз ететін нақты сыртқы орта элементтерін және тасымалдаушыларды немесе осылардың үйлесімділін айтады. Берілу механизмінің бірінші сатысы-қоздырғыштың шығуы кейбір физиологиялық реакциялар арқылы олардың патологиялық үдеуі арқылы жүзеге асады. Екінші сатысы-қоздырғыштың сыртқы ортада уақытша болуы. Бұл көптеген қоздырғыштарға тән қасиет. Бұл сатыда қоздырғыштың уақытша сақталуы ғана емес, оның келесі жана организмге жеткізілуі қамтамасыз етіледі.Үшінші сатысы- қоздырғыштың қабылдағыш организмге енуі. Бұл процесс әр түрлі факторлардың қатысуы мен, мысалы қоздырғыш пен ластанған ауаны жұту,суды немесе тағамды ішу,ластанған құрал-жабдықтармен жанасу немесе тасымалдаушылар арқылы жүзеге асады.

Эпидемиялық процестің реттелу механизмдері

Субклеткалық (молекулярлық)деңгейде

Клеткалық деңгейде

Тіндік-мүшелік деңгейде

Организмдік деңгейде

Әлеуметтік экожүйелік деңгейде

Эпидемиялық процестің көрінуі

Назарларыңызға рахмет!

 

Жүктеу