Қазақша слайд — Есепті күннен кейінгі оқиғалар — презентация

0

Есепті күннен кейінгі оқиғалар

 Есепті күннен кейінгі оқиғалар – бұл есепті күн мен қаржы есептілігін шығаруға бекіту күні арасындағы кезеңде болатын қолайлы, сондай-ақ қолайсыз оқиғалар.

Қаржы есептілігін шығаруға бекіту процесі басқару құрылымына, нормативтік талаптарға, қаржы есептілігін жасау мен түбегейлі ресімдеу рәсімдеріне қарай әр түрлі болады.

Жекелеген жағдайларда ұйым қаржы есептілігін акционерлерге қаржы есептілігін оны шығарғаннан кейін бекітуге ұсынуға міндетті. Мұндай жағдайларда қаржы есептілігі оны акционерлер мақұлдаған күн емес, керісінше оны бастапқы шығарған күн шығару үшін бекітілген деп саналады.

Жекелеген жағдайларда ұйым басшылығы қаржы есептілігін бақылау кеңесіне бекітуге беруге міндетті (оның құрамына тек атқарушы емес директорлар ғана енеді). Мұндай жағдайларда басшылық қаржы есептілігін бақылау кеңесіне ұсынуға рұқсат еткен кезде ол шығару үшін бекітілген деп есептеледі.

Есепті күннен кейінгі оқиғаларға, тіпті егер олар ұйымның пайдасы туралы деректер немесе басқа да қаржы ақпарат жарияланғаннан кейін болса да, қаржы есептілігін шығару үшін бекітілген күнге дейінгі барлық оқиғалар жатады.

Ұйым есепті күннен кейінгі түзетілетін оқиғаларды көрсету үшін оның қаржы есептілігінде танылған соманы түзетуге міндетті.

Ұйым есепті күннен кейінгі түзетілмейтін оқиғалардың салдарын көрсету үшін оның қаржы есептілігінде танылған соманы түзетуге құқылы емес.

Егер ұйым есепті күннен кейін үлестік құралдардың иелеріне дивидендтер туралы хабарласа (32-«Қаржы құралдары – ақпаратты ашу және беру»  IAS Стандартының анықтамасына сәйкес), ол осы дивидендтерді есепті күнгі міндеттеме ретінде тануға  құқылы емес.

Егер дивидендтер есепті күнге дейін, бірақ қаржы есептілігі шығару үшін бекітілгенге дейін жарияланса, онда осы дивидендтер есепті күнгі міндеттемелер ретінде тануға жатпайды, себебі 37 IAS Халықаралық стандартындағы міндеттердің критерийлерін қанағаттандырмайды

Ұйым, егер есепті күннен кейін басшылық ұйымды не таратуға, не оның қызметін тоқтатуға ниет білдірсе немесе оның өзге шынайы баламасы жоқ екенін шешетін болса, қызметтің толасыздығын негізге ала отырып қаржы есептілігін жасауға құқылы емес.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ

 

Жүктеу