Қазақша слайд — Дәрілік өсімдіктер — презентация

0

 

 

Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis) , шипалы өсімдіктермедицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты.

Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.

    

 

Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз.

Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түймедақ гүлі

 

Түймедақ гүлімен қабынуға қарсы, антисептиктік қасиеттердің жиынтығын кездестіруге болады. Тек гүлді көлік жүрмейтін, ауылдар мен қалалардан алыс шалғындар мен алаңқайлардан жинау керек.
Оның алғашқы гүлдеген кезі пайдалы, осы кезеңде емдік қасиеті де күшті болады. Түймедақ өттің айдалуына, тәбеттің ашылуына ықпал етіп, аллергиялық компоненттерінің арқасында аллергияға қарсы қолдануға болады.
Оны өт жолдарына тас байлану, әйелдердің жыныстық аурулары, тік ішек, асқазан жарасы ауруларына пайдаланса, емі нәтижелі болады.

 

Түймедақтың жалпы 350-ге тарта түрі бар. Олардың үштен бір бөлігі Ресей даласында кеңінен кездеседі.Сол түрлерінің ішіндегі ең кең таралғандары: римдік, неміс, далматтық, кавказдық, парсылық түймедақтар.Ежелгі Египетте түймедақ гүлі Күн құдайы Раға арналған.

Түймедақ адам жүйкесін тыныштандырып, оған түскен ауыртпалықты қалпына келтіреді. Қан қысымын қалыпты жағдайға дейін түсіреді, тағдырдың кейде «сыйлайтын» оқыс жағдайларын жеңіл өткеруге әсер етеді.

Биік андыз

 

 

Биік андыз (Jnulae helenium, девясил высокий).
Сипаттамасы:
Биіктігі 1,5 м-ге жететін, тік сабақты көп жылдық шөптесін өсімдік. Жапырақтары ірі, сопақша-эллипс пішінді, шеттері бейтегістісті болып келеді. Тамырсабағы қысқа, Жуан, көп басты, диаметрі 6-7 см, тамырсабақтан аз санды тамырлар тарайды, ұзындығы 20 см-ге дейін, жуандығы 2-3 см болады. Гүлдері алтын-сары түсті, диаметрі 7 см-ге жететін ірі себетке жиналған. Себеттерде жалғыздан болады. Шілде-тамызда гүлдейді.

Андыз(Іnula) – күрделі гүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстандағы шалғынды алқаптарда, өзен, көл жағасында, жазық және таулы жерлердегі ормандарда 12 түрі өседі. Олардың ішінде ең көп тарағандары – биік андыз (I. helenium) және үлкен андыз (I.grandis). Бұлардың биіктігі 10-70 см-ден 2.5 м-ге дейін жетеді. Тік сабағына бүтін жиекті жапырағы кезектесе орналасады. Ашық сары түсті гүлі қалқанша тәрізденіп, бір-бірден не топтанып біткен себет гүл шоғырына жиналады. Маусым-шілде айларында гүлдеп, тамызда жеміс береді. Жемісі цилиндр тәрізді тұқымша. Өсімдіктің тамырында жүрекке әсер ететін, қатыну процесін басатын, құрттар мен микробтарды өлтіретін қантты зат – эфир майы, инулин бар. Сондықтан андыз бағалы дәрі-дәрмек алатын өсімдік ретінде пайдаланылады, сондай-ақ тағам өндірісінде және бояу алу үшін қолданылады.

 

Жинау

Араласпадан арылтып, тазалап жуып, тураған соң кептіріп алады.

Таралуы:
ТМД елдерінің Европалық бөлігінің Оңтүстік және Орталық аймақтарында, Кавказда, Батыс Сібірде, Орта Азияда өседі. Қазақстанда Семей, Көкшетау, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Қарағанды, Шымкент маңайларына өседі. Дайыңдау аймақтары – Краснодар, Ставрополь өлкелері мен Қазақстан.

Дайындалуы:
Тамырлары мен тамырсабақтарын күзде, жемістері пайда болғаннан бастап үсік жүргенге дейін дайындайды. Өсімдік сабағының маңын 20 см радиусында қазады, одан кейін сабағының түбінен ұстап, тік тартып тамырсабағын тамырларымен бірге тартып шығарады. Топырақтан тазартады, суда тез жуады. Тамырлар мен тамырсабақтарды ұзына бойына, ұзындығы 10-15 см, жуандығы 1-2 см болатындай етіп турайды. Шикізатты 2-3 күн бойына ашық ауада қақтайды. Кептіргіштерде, 40º С – тан артпайтын температурада кептіреді

 

 

Шикізаттың сапалық көрсеткіштері:
Тамырсабақтары мен тамырларының ұзындығы 2-ден 20 см-ге дейін, жуандығы 0,5 см-ден 3 см-ге дейін болады. Сынған жері бейтегіс. Сырты сұрғылт-қоңыр, іші сарғылт-ақ түсті, хош иісті, ащы дәмді.
Ылғалдығы 13%-дан артпау керек, жалпы күлі 10%-дан артпау керек, солған тамырсабақтар мен тамырлар 5%-дан артпау керек, сынған жерінде қарайған тамырсабақтар мен тамырлар 5%-дан артпау керек. Органикалық қоспалар 0,5%-дан көп болмау керек. Минералдық қоспалар 1% — дан артпау керек.
Химиялық құрамы:
Шикізаттың құрамында 40%-ға дейін инулин болады, эфир майлары және сапониндер бар.
Қолданылуы:
Өт пен асқазанды қуаттандырады, у қайтарып сарай ашады. ауыруды басып, төрелмені тыныштандырады Қақырық түсіретін дәрі ретінде қолданылады. Эфир майының антисептикалық, қабынуға қарсы әсері бар. «Аллонтон» препараты асқазан-ішек жарасын емдегенде қолданылады.
Дәрілік препараттары:
Қайпатпа, «Аллантон», «Девять сил» сусыны

 

 

Бұл — жабайы өсiмдiктiң бiр түрi. Шығыс Қазақстан-да өседi. Бронхит және т.б. тыныс жолдары аурулары-мен ауырғанда қақырық түсiру үшiн тамыры мен тамыр сабағын қайнатып iшедi. Эфир майынан жасалған препараттар антисептикалық дәрi, қабынғанға және iш құрттарына қарсы дәрi ретiнде қолданылады.

 

Мия
Жабайы өсiмдiк. Тамырынан жасалған дәрiлер қақырық түсiруге және iштi жүргiзуге, қабынғанға және түйнегенде басуға қолданылады. Глицерром препараты бронхиальдi астма, бүйрекүстi бездерiнiң қызметi төмендегенде, экзема жене аллергиялық дерматит т.б. ауруларға қарсы колданылады. Ликвиритон препараты несеп айдайтын дәрi ретiнде қолданылады.

 

Шырғанақ жабайы өсiмдiк. Жемiсiнiң майын күйiкке, ойылған жараға, жатыр мойынының эрозиясына қолданылады, сондай-ақ iшкi жара ауруларына қолданылады.

 

Алое
Жас жапырақтарынан алынған шырыны мен спирт iрiңдi жараны, күйiктi, терiнiң қабыну ауруларын емдейдi. Алоенiң шырыны созылмалы iш қату ауруына да қолданылады. Алоеден дайындалған биостимулятор препараты ауру организмнiң қорғану функцияларын күшейтедi. Кептiрiлген сығындысынан алынған спирттi тұндырмасы немесе құрғақ экстракты iш жүргiзетiн дәрi ретiнде қолданылады. Сондай-ақ асқазанның тамақ сiңiру жұмысын жаксартады және тәбет көтередi.

 

Жалбызтiкен
Дәрiлiк жалбызтiкен — жабайы өсiмдiк. Тамырынан жасалатын тұнбасы және шырыны, сығындысы тыныс жолдарының ауруларын, трахея, бронхиттi емдеуге, қабынуға қарсы және кақырық түсiретiн дәрi ретiнде қолданылады, сондай-ақ iш бұзылуын, гастриттi және энтеро-колиттi емдеуге пайдалы.

 

 

 

 

Меңдуана

Құрамында орталық жүйке жүйесін тітіркендіретін алкалоидтары бар, ол көз қарашығын үлкейтіп жібереді, сондықтан көзге операция жасау кезінде өте қажет.

 

Таңқурай

Кептірілген жемістері тершығаратын, суық тигенде терлететін дәрілердің құрамына кіреді. Өте ащы дәрілердің  дәмін басу үшін да кеңінен қолданылады.

 

Итмұрын

 

Чистотел

Трава чистотел – целая аптека!

И если «лук от семи недуг», а «девясил дает девять сил», зверобой — бальзам от 99 хворей, то чистотел — русский женьшень и лечит более 250 болезней.

Лопух, репейник

Применение лопуха при различных болезнях

 

Лопух обладает противовоспалительным, ранозаживляющим, кровеочистительным, мочегонным, потогонным действиями, регулирует обмен веществ. Поэтому находит широкое применение при лечении различных заболеваний: желудочно-кишечных, печени, почек.

Употребляется при ревматизме, золотухе, сахарном диабете.

Моют голову в отваре лопуха для улучшения роста волос, избавления от перхоти.

 

 

 

 

 

Кәдімгі өрік (Armeniacae vulgaris, абрикос).
Сипаттамасы:
Биіктігі 3-10 метрге жететін ағаш. Діңгегінің диаметрі 25-30 см-ге жетеді. Жиі бұтақталған, бұтақтары жалаңаш. Жапырақтарының ұзындығы 6-9 см, жалаңаш, кең жұмыртқа және эллипс пішіндес, жиектері майда тісті, сағақтары қою қызыл түсті. Жапырақ жаймай тұрып гүлдейді. Гүлдерінің саны көп, ақ немесе қызғылт түсті. Жемістерінің түстері сарыдан қызылға дейін болады.
Таралуы:
Жабайы түрде Орта Азияда, Солтүстік Шығыс Қытайда, Дағыстанда кездеседі. Таулардың құрғақ, тастақ етектерінде тоғайланып өседі.
Қазақстанның таулы аудандарын теңіз деңгейінен 800-1900м биіктікте өседі. Іле Алатауы, Кіші Алматы өзенінің жағасында, Талғар, Түрен аймақтарында жиі кездеседі.

 

 

Назарларыңызға рахмет!!!

 

 

 

Жүктеу