Қазақша сценарий: Жаңа жыл — Сценарилер — Bilim
Жаңа жыл
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, балалар және қонақтар! Жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Міне сол күн,сол мереке биыл да келіп жетті. Сіздерді осы жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, сіздерге жаңа жыл тек қана жаңа табыс, береке бірлік әкелсін дейміз.
Жүргізуші: Балалар қараңдар шыршаның түбінде қызықты мөшек жатыр екен,бұл не болды екен?
Жүргізуші: Балалар мөшектің ішінде не бар екенің сендер білесіңдер ма?
Жүргізуші: Енді мұның ішінде не бар екенін білу керек балалар. Өзі біржыбырлайтын мөшек екен. Ондай болса менің жаныма көмекші ретінде екі оқушы келсе мөшекті бірлесіп ашайық.
Балалар келеді.
1-Жүргізуші: Балалар, былай істейік, мөшектің аузын жайлап ашып, өзіміз қашып кетейік. Мүмкін ішінде мыстан кемпір бар шығар.
— Мөшектің аузы ашылады. Музыка ойнайды.
1-сайқымазақ: Армысыздар, Халайық!
2-сайқымазақ: Армысыздар, балалар! Көңіл күйлерің қандай? Жаңа жылдарыңмен!
Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, сайқымазақтар, сендерді ыстан кемпір екен деп ойлап, қорқып кеттік. Сөйтсек өзіміздің күлдіргіш сайқымазақтар екен.
1-сайқымазақ: Біз бүгін жаңа жыл мерекесін балалармен бірге жаңа жылдық мерекені өткізуге келді.
2-сайқымазақ:Біз мұнда жай келген жоқпыз, балалармен бірге ән айтып, би билеп, көңіл көтеруге келдік.
1-сайқымазақ: Ал, балалар ондай болса шыршаны айналып, ән шырқайық.
— Шырша әні.
Жүргізуші: Балалар бүгінгі біздің жаңа жыл мерекесіне сонау алыс-алыс орманнан қонақтар келіпті. Қанекей көрейікші олар кімдер екен.
Қасқыр: Армысыңдар халайық! Амансыңдар ма балалар? Жаңа жыл мерекелерің құтты болсын!
Әрқашан мерекелік көңіл болсын!
Кеудеміз күмбірлеген жырға толып
Қане достар күлкімен орта толсын.
Қандай жақсы жаңа жыл
Өткізейік мәнді етіп.
Аю: Армысыңдар балалар!
Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
2016 жылы қадам басқан
Гүлденіп көркейе бер, Қазақстан.!
— Түлкі кіреді.
Түлкі: Балалар сендер мені ұмытып қалғансың дар ма!
Сайқымазақ: Сені ешкім шақырған жоқ. Не істеп жүрсің мұнда?
Сайқымазақ: Түлкі сен қазір бізді алдап, балалардың сыйлықтарын алып кетсең қайтеміз?
Түлкі: Жо- жоқ . Мен олай істемеймін. Менің де сендермен бірге жаңа жыл мерекесін өткізгім келеді.
Сайқымазақ: Шын айтып тұрсың ба?
Түлкі: Иа,иа.
Сайқымазақ: Не істейміз балалар, түлкі қалсын ба?
Балалар: иа.
Түлкі: Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!
Әрқашан мерекелік көңіл болсын
Жүргізуші: Ал, балалар, балалар
Ескі жылдай аға бар
Оны ортаға алайық
Қош айтысып қалайық
-Ортаға қой жылы келеді.
Қой жылы:
Ескі жылың есіркеп,
Жаңа жылың жарылқап.
Еліңде болсын тыныштық,
Қоштасамын бүгін мен
Қоштасып қол бұлғаймын
Қош сау болыңдар!
Жүргізуші: Ар бол, Жаңа жыл!
Бар бол, Жаңа жыл.
Қадамың құтты болсын,
Бейбітшілік жылы бол,Жаңа жыл!
Балалар жаңа жыл демекші, келе жатқан жаңа жыл қандай жыл?
Балалар: Мешін жылы.
1-Жүргізуші: Ескі жылмен қоштасып, шығарып салып жатырмыз
Жаңа жылмен достасып, алға басып барамыз.
Келді, келді жаңа жыл, қуана қарсы алайық.
Ортамызға жаңа жыл келіп қапты халайық.
–Ондай болса ортамызға мешін жылын шақырайық:
Мешін: Сәлеметсіңдер ме, балаллар! Мен кешіккен жоқпын ба, мен сондай асықтым, сондай жүгірдім, кешігіп қалам ба деп қатты қорықтым, уақытында жеттім ба?
Балалар: Иа
Мешін: Жақсылыққа бағыттаған
Мешінмін мен жаңа жыл.
Мешін жылының мерекесін,
Берекеге жалғаймын.
Жүргізуші: Бұрыннан болған екен Аяз ата
Тосады екен балалар қысқы уақытта
Ақшақарды Қасына ертіп алып
Жер бетін шарлайды екен дамыл таппай
Жүргізуші: Бәріміз қосылып бар дауысымызбен Аяз ата мен Ақшақарды ортаға шақырайық.
1-сайқымазақ: Қане бәріміз қол шапалақтап қарсы алайық! (Осы кезде залға мыстан кемпір кіреді)
Мыстан кемпір: Сәлеметсіздер ме, балалар, қонақтар! Мен Аяз аталарың боламын.
Балалар: Жоқ, жоқ сіз Аяз ата емессіз.
Мыстан кемпір: Егер сендер сенбесеңдер, онда шыршаларыңды жоқ қыламын, ашуыма тимеңдер, сиқырлы сыпыртқыммен бәрін жойып жіберемін!
1-жүргізуші: Балалар, Аяз ата келгенше жалмауыз кемпірдің ашуына тимейік, одан да көңілін көтеруге тырысайық.
Балалар: Иә,иә.
Мыстан кемпір: Менің ашуым келіп тұр, мына шырша мен ойыншықтардың бәрін сындырғым келіп тұр. Егер өнерлерің ұнамасы қиратамын бәрін:
Жүргізуші: Балалар, тез-тез өнерімізді көрсетейік, сендер билеп, ән салып тақпақ айтқанда жалмауыз кемпірдің сиқырлы сыпыртқасы күшін жояды.
Жүргізуші: Келеді Аяз атамыз.
Қасында Ақшақары бар
Қызыққа әбден батамыз,
Қарсы алаыз баршамыз.
Аяз атаны қарсы алады.
Қош келдің аяз ата !
Амансың ба Ақшақар
Аяз ата: Амансыңдар ма ұлдарым?
Амансыңдар ма, қыздарым?
Қандай жарқын жүздерің
Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан.
Ақшақар: Амансыздар ма, балалар, ұстаздар, ата аналар. Өздеріңді сағынып алыстан келдік, жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Аяз ата қарашы, балалардың киімі қандай әдемі. Шырша қандай әдемі. Бірақ мына шыршаға бірдеңе жетіспейтін сияқты.
2- сайқымазақ: Шыршаға шам жағу керек.
Ақшақар: Иа сайқымазақ дұрыс айтасың.
Онда барлығымыз бірігіп шыршаның шамын жағайық. Ол үшін шамдарыңды жарқырат деп айтайық. (барлығы айқайлайды, шыршаның шамы жанады)
Жүргізуші: Аяз ата, сіз алыстан шаршап келдіңіз, енді отырып дем алыңыз. Бідің сізге арналған жаңа жылдық тартуларымызды қабыл алыңыз!
Аяз ата: Жаңа жылдық мерекеге қанша балалар келген. Кім тақпақ айтса, кім өлең айтып, би билесе, бәріңе де сыйлығым бар. Менің немерем Ақшақар маған көмектеседі.
Ақшақар: Балалар Аяз атамыз бүгін сыйлыққа тола келді. Өнерлі балалар да сыйлық алып, риза болып қалатын болды.
Оқушылар өнерлерін көрсетеді
Аяз ата: Ал қарақтарым менің сағатым соғып тұр. Мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Ақша қар екеуіміз сонда барайық. Сендерге көп рахмет. Өнерлерін өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер!
Ақшақар: Сау болыңыздар балалар. Келесі Жаңа жылда кездескенше.
Жүргізуші: Ал құрметті балалар! Бәріміз бірге Аяз атамен ақшақарды шығарып салайық.
Аяз атамен ақшарды шығарып салу.
Сайқымазақ: Балалар байқаймын барлығың мерекеге жақсы дайындалыпсыңдар.
Жүргізуші: Осымен Жаңа жыл мерекесіне арналған кешіміз аяқталды.