Қазақша сценарий: Ақпарат және компьютер сабағы, «Алтын сақа» сайысы — Сценарилер — Bilim
Ақпарат және компьютер сабағы, «Алтын сақа» сайысы
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Көлденең-Темір негізгі мектебінің
Физика және информатика пәнінің мұғалімі
Ордашева Гүлия Мұратбекқызы
Сабақтың тақырыбы: «Алтын сақа» ойыны
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ойындар арқылы алған білімдерін тексеру, пәнге деген қызығушылығын, ынтасын, ойлау қабілетін арттыру, іздемпаздыққа, өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Асықтар, конверттер, кеспелер, плакаттар, тәжірибе жасауға арналаған құралдыр.
Жүргізуші: Мінеки залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Кешіккендерді тоспаймыз,
Ғылымдардың ғылымы –
Физика жайында
Ойынымызды бастаймыз.
Келдік міне, біз бүгін,
Түсейік деп сайысқа.
Тайсалмайда, жалықпай,
Келіңіздер жарысқа.
Ойынға қатысу үшін бірнеше оқушы келіп отыр. Олар :
1. Махамбет Бекзат 7 «А»
2. Аяп Шыңғыс 8 «А»
3. Талпакова Айдана 8 «Б»
4. Жакипова Алтынай 9 «А»
Жоспары:
І. Табалдырық (сұрақ қойылады)
ІІ. Әудемжер (есептер шығару)
ІІІ. Қозыкөш (әр ойыншға екі сұрақтан қойылады)
ІV. Беласар ( ойыншыларға қызықты тәжірибелер беріледі)
V. Алтын көмбе (соңғы ойыншыға тапсырма беріледі)
І жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар
Сіз оқытқан оқушылардың
Сәті келер сыналар
ІІ жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме, оқушылар!
Физика-математикаға қызығушылар
Естігенін есте тұтып,
Оқығанын миға тоқушылар
І жүргізуші:
Ойын толқын айналған қатты ағысқа
Табылғандай таным да, жат дауыс та
Біреу озып келеді қатарынан
Біреу қалып жатады асығыста
ІІ жүргізуші:
Ойын толқын жатқан асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар
Жеңсең де жеңілсең де қалма жасып
І жүргізуші:
Олай болса бұл не тұрыс
Кешімізді біз бастайық
Әділ бағаға қалтасы толы
Әділқазыларды таныстырайық
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәдік шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Әділ бағаларын беретін әділқазы алқаларын таныстыра кетейік:
1.Қазбекова Ә.
2. Дүйсенбаева И
3. Аленова Г.
Айналайын алға ұмтылған дарындар!
Айналайын жеңіс құшқан қырандар
Бізден қиын жағдайларды сұраңдар
Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар!
Жүргізуші:
І. «Табалдырық»
1-сұрақ. Ақпарат дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар және мысал келтір
Жауап:
2-сұрақ. Зарядтың неше түрі бар және оларды ата.
Жауап: зарядтың екі түрі бар, оң және теріс.
3-сұрақ. Жылу берілудің түрлерін ата.
Жауап: жылуөткізгіштік, конвекция, сәулелену.
4-сұрақ. Ньютонның неше заңы бар және оларды ата.
Жауап: Ньютонның үш заңы бар, І,ІІ,ІІІ заңдары.
Жүргізуші: 4- ойыншыда «Әудемжерге» көшеді. Әр оқушы қоржынында алты – алтыдан асық бар.
Жүргізуші:
ІІ. «Әудемжердің» есептері.
Әр оқушы конвертті өзі таңдайды. Әр сұраққа 1 минуттан уақыт беріледі.
№1 есеп.
100см2 ауданға 50Н күш әрекет етеді. Қысымды анықтаңдар. Жауабы:0,5 Па
№2 есеп.
Егер 10 сек ішінде 6 Ом кедергі арқылы 3 кл заряд өтетін болса кедергідегі кернеуді тап.
Жауабы: 1,8 В
№3 есеп.
Определите сопративление нагревательного элемента электрической печи, выполненного из константановой праволоки с площадью по переченного сечения 1мм2 и длиной 24,2м (канстантан 4,7*10-7Ом*м)
Ответ: 114*10-7Ом
№4 есеп.
Математикалық маятниктің ұзндығы 78 см, оның периоды 5,5с. Дененің еркін түсу үдеуін табыңыз.
Жауабы: 9,81 м/с2
Жүргізуші:
Біреу озса жарыста,
Біреу артта қалады.
Ренжімей тараса,
Озбағандар жарады.
деп 1 оқушы ойыннан шығып, қалған 3 оқушы «Қозыкөшке» өтеді. Асықтың көмегімен кезектері анықталады.
ІІІ.«Қозы көш»
Келді кезек қозыкөшті шешуге,
Жауаптарды аударуға үш тілде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
Асығымыз, шәкірт саған несібе
1- сұрақ. 1. Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланамыз күн сайын жарық үшін. (ток, ток, current [каррент])
2. Жалғыз бағыт білері,
Бұрғаныңа көнбейді.
Жол көрсетіп береді,
Бірақ өзі көрмейді. (компас,compass [кампәс])
2-сұрақ 3. Туыстарын шетінен,
Өбеді де бетінен.
Бала-шаға ұсағын,
Бауырына қысады. (магнит, magnet [магнет])
4. Көкке қараған, жұлдыз санаған. (телескоп, telescope [телискоуп])
5.Тар шеңберді айналып,
Тұр құдықта байланып.
Қаға берер таңдайды,
Әдетінен танбайды ( сағат,часы, clok [клок])
3-сұрақ. 6.Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасақ,
Ньютонға ол келеді. (күш,сила, strength [стрензсі])
7.Жоғалмайды ешқашан,
Түрлендірсек егер де.
Басқа күйге ауысқан,
Жұмыс істейді әрқашан. (Энергия,энергия,energy [енеджи])
Сұраққа жауап бере алмаған бір ойыншы ойыннан шығады, ал үшеуіде жауап берсе асықпен анықталады.
Жүргізуші: Жиналған ылғи дарындар,
Жүректе от, көздерінде жалын бар.
Қалған ойыншыны халайық,
Қол соғып, қарсы алайық деп қалған екі ойыншыны «Беласарға» көшіреміз.
ІV. «Беласар»
Ойынға бір минут уақыт беріледі.
1. Қызықты тәжірибе.
Екі стаканда су құйылған. Оның біреуінде тұз, екіншісі таза су. Осы стакандарға картоп саламыз. Сол кезде қандай құбылыс байқалады.
2. Қызықты тәжірибе.
Стаканға су құйылады. Оның бетін қағазбен жауып, қолмен тіреп тұрып, стаканды кері төңкереміз. Сол кезде стаканнан су ақпайды. Себебі неде?
1 ойыншы ғана «Жол айрыққа өтеді» және барлық асықтар осы ойыншыға беріледі.
V.«Алтын көмбе» тапсырмасы.
Компьютер, модем, телефон берілген. Осы үш құрылғы арқылы қандай байланыс орнатуға болады? Көрсетіңіз.
Қорытындылау.
Бүгін де физика барлық жерде,
Құрылыста, техникада, өндірісте.
Сырларын бұл ғылымның меңгеріңдер,
Шәкірттер ынта қойып үйреніңдер!
Жеңімпаз оқушыны марапаттау.