Қазақша ертегі: Бала қарға – Ертегілер – Bilim

0
73

Ана қарға жаңа ұшырған балапанын ертіп алып, айдалада жатқан жемтікке келіп қоныпты. Балапаны анасына да билетпей бас салып, жемтікті шоқи беріпті.

Ана қарға болса, жан-жағына жалтақтай қарап:

— Балам, біздің жауларымыз көп… Сондықтан тамақ жегенде, бір шоқып, төңірегіңе бір қарап ал, – деп ақыл айтыпты.

«Сақтықта қорлық жоқ», апа. Өзің бір шоқып, жан-жағыңа екі қарай тұр, – деп, бала қарға жемтікті шоқи берген екен. Содан бері қарғалар бір шоқып, жан-жағына екі қарайтын болыпты.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: