Қазақша реферат: Адамгершілік тәрбиесінің әдістемесі.

0
311

Әр ұлттың өзіне тән ғасырлар бойы қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келген ұлттық психологиялық ерекшеліктің болғаны.Сондықтан барлық халықтың мақсатыөзінің ұрпағына тәрбие беруде күнделікті айналысатын шаруашылығын, шұғылданатын кәсібін ұлттық психологиялық арнада ұйымдастырып және рухани адамгершілік тәрбиесімен ұштастыра білген.

Адамгершілік тәрбиесі- белгілі бір мақсатқа негізделген көзқарасты, сенімді, парасатты, мінез құлық дағдылары мен әдептерді қалыптастырумен және адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, қарым- қатынасты дамытуда, жалпы адамзаттық құндылықтарды тиімді пайдалануға бағытталған жалпы адамзаттық тәрбиенің құрамдас бір бөлігі. Адамгершілік тәрбиесінің бүкіл жүйесі гуманистік мазмұнға толы, имандылық негізде жеке адамның жан-жақды дамып жетілуіне бағыталған.

Адамгершілік тәрбие мәселесі негізінен ұлттық психологиялық ерекшеліктерге сүйене отырып, тәрбие берудің әдістемелікжолдарын қарастырады.

– Ұлттық дәстүрлер арқылы оқу-тәрбие үрдісінде адамның бойында рухани мәдениетті қалыптастыру.

– Ұлттық дәстүрлер арқылы адамның психологиялық ерекшеліктерін зерттеп, дамыту.

– Салт-дәстүр негізінде, ұлттық психологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, рухани-адамгершілік құндылықтарын тәрбиелеу.

Ұлттық дәстүр арқылы психологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, дүниедегі бағалы рухани байлықты жеке тұлғаға дарыту. Адам- тарихи үрдістің субъектісі. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстар мен қимыл- әрекеттердің негізі, өлшемі және мақсаты, жер шарындағы небір ғұлмат табыстардың қайнар көзі, ақыл-ой туындылардың құдіретті иесі. Адам дегеніміз – еңбек әрекетімен шұғылдана алатын әлеуметік қатынастарға түсетін, өзара байланыс жасай алатын тұлға. Адамның түрт түрлі өлшемі бар: биологиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік. Бұл өлшемдер өзара байланысты. Осы төрт өлшемде байланысты адамның бойындағы кісілік тұлғалық қасиеттері үш дәрежеге бөлінеді: -әр адамның өзіне тән психологиялық ерекшеліктері болады, өмір сүру ортасына байланысты адамдар бір-біріне ұқмайды.

– адам әртүрлі елдердің, тарихи дәуірдің, материалдық-рухани мәдениетімен жетістіктерін үргі алады. Оған әлеуметтік, этикалық, ұлттық ортасы әсер еседі. Сонымен, дәірге, қоғамға, тарихи ортаға байланысты. Қалптасқан білім және тәрбие жүйесінен сабақ алады. Осының бәрі адамның жан дүниесіне әсер етеді.

– адам адамзат қауымының мүшесі. Шыққан нәсіліне, туысына, ұлтына, туган жеріне тәелсіз, барлық адамдарда ортақ адамгершілік қасиет болады: батырлық, ерлік, сатқындық, мейрімділік, қатігезділік, әділдік т.б. Осы рухани-псхологиялық қасииеттерді адам бойында қалыптастыратын –тәрбие. Халық батыры Бауыржан Момышұлы: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырларды биік дәріптеп, азамтаттық пен кісіліктің символы, үлгісі ретінде санаған. Батырлық, ерлік деген ұрпақтан ұрпаққаата дәстүрі болып қала бермек. Өткенін білмеген, онан тәлім-тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы- тұл, келешегі – тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы – батыр халық» – деген.

Демек, рухани-психологиялықі қасиеттердің бірі – ерлік болса, ол тәрбиеден бастау алады. Әр халық өзінің ержүрек батырларын, олардың елін, жерін қорғана батыл істерін мақтан етіп үлгі өнеге алған. Өлең-жыр, дастарына, аңыз әңгімелеріне қосқан. Себебі, елін бүкіл әлемге танытатын сол халықтың батырлаты. Сондықтан, оқу-тәрбие барысында, тәлім-тәрбие сабақтарында халқын, елін қорғап, жерін жауға бермей, ұлан-байтақ жерлерін жаудан сақтаған батырлардың ерлігін дәріптеп, құрметтей білуіне үйретуіміз керек.

Халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан тәрім-тәрбиесә, ұлт қаһармандаының өмірі мен ероік істерінің тарихы, даналық сөздері – адамгершілік тәрбие беруде үлкен рол атқарады. Батыр бабаларымыз қазақ елін басын қосып, ұлттық жауынгерлік- ерлік мектебінің негізін салған. Сондықтан бабалардың ерлігі- адамгершілікке толы,  асқақ рухты күні бүгіде дейін ел аузында, халық тәрбие ісіне үлгі етеді.

«Өнегелі сөз – асыл қазына» – деп М.Әлімбаев айтқандай, халық қазынасының бірі – мақал мәтелдер. Мақал дегеніміз- сөзді тұжырымдылап, нақты айтылатын ойды ажарлап береді. Сондықтан халық (Мақал сөз сәнін келтіреді» деген. Мақал арап сөзі «орынды сөз» деген мағынаны білдіреді. Ал, мәтел дегеніміз- тұжырымы тиянақталмаған, қортындысы болмайтын ықшамдалғын, кестелі сөз. Ол ғасырлар шежіресі. Мақал-мәтел – ойдың дәлелдәгәмен, тереңділігімен, ықшамдылығымен ерекшелінеді. Ұлттық ерекшілігіімізге байланысты мақал-мәтелдерге, шешендік сөздерге баймыз. Қазақ халқы сөзді қадыр тұтқан, қастерлеген, өнеге ретінде өлеңмен өрнектеп, тәрбиелік мәні бар сөздерді тәрбие құралы ретінде пайдаланған. Мақал-мәтелдер аламды адамгершілікке тәрбиелейді. «Жақсы туса- елдің ырысы, жаңбыр жауса – жердің ырысы» деген мақал жақсы адамның көпшіл, халқының қамын ойлайтын адал азамат егенін дәлелдейді.

Адамгершілік- адамның рухани арқауы. Морльдық жағынан кіршіксізтаза болу дегіміз адамгершіліктің асқар шыңы. Адам қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиееттерімен, қайырымдылығымен, адалдығыменардақталады.

Адамның іс әрекет барысында бір-бірімен байланыс жасайтын қарым қатынас түрлері:

– Материалдық қарым-қатынасы – іс-әрекет нәтижесі барысында заттармен алмасу.

– Мотивациялық (септілік) қарым – қатынасы біліммен алмасу.

– Кондициондық қарым-қтынасы адамның психологиялық физиологтялық жағдайы.

– Әрекеттік қарым-қатынасы –көзқарасты білдіру, хабарлма беру.

Сухомлинский айтқандай, «Адам баласының сан қилы, мын саналы жолмен дүниенің құпиясын анықтап, оны ішкі жан дүниесімен түсініп, сыйлап, негізгі ойыменұштастыра білу» Олай болса, адамдар арасындағы қарым-қатынас мәдениетті рухани қоғамдастықтың нәтижесі. Толып жатқан түнінбеушіліктің, түрі қайшылықтарының болуы, дұрыс қарым-қатынас жасай алмауынан. Ғұлама, философ әл-Фалаби өз еңбегіндеадамдар арасындағы қарым-қатынас мәселелерін қарастырған. Адамдардың ойлы, парасатты болуының қажеттілігі «адам» деген ардақты атақты алып жүрудің өзі бақыттылық еекенін айтқан. Қазақ халқының ағартушылары А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уалиханов т.б.өз еңбектерінде адам арасындағы қарым-қатынас мәселесін философиялық, психологиялы, педагогикалық тұрғыда қарастырған. А.Құнанбаев адамдар арасындағы қарым-қатынастың бірі- адамгершілік мәселес ігне тоқталған.

  1. Адамгершілік дегеніміз – қоғамның, өмірдің объективиік заңдылықтарына сәйкесадамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеуге негіз болып табылатын, талапқа сай белгілі бір гуманистік принциптерді біріктіретін жалпы адамзаттық қғым. Адамгершілік қоғамдық сананың басты белгілері болғандықтан, адамның мінез құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасы, арқылы сипатталады (әдептілік, мейрімділік, қайырымдылық т.б.) Адамгершілік – әлеументтіліктің биік шыңы, адам ұрпағының нгегізін қалаушы, халық мәдениеті, басқалардан айырмашылығы- адамның рухани байлығымәңгілік. Әлеуметтік ортаға әсер ететін белгілерің бірі адамдардың бір-біріне қоршаған ортаға қарым-қатынасы.

 Тәрбиесі қиын балалармен жүргізілетін жұмыстың әдістемесі

«Қиын» оқушыларды тәрбиелеу және оқыту қазіргі таңда психологиялық-педагогикалық проблема ретінде күн тәртібінен түспей отырғаны мәлім Мұның өзі «қиын оқушылар» санының жылдан-жылға өсіп отыруымен байланысты болып табылады. Бір уақыттарда «қиын оқушыларға» көбінесе жасөспірімдер жатқызылса, бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының арасында да осы категорияға жататындар аз емес. Сондықтан «қиын оқушыларды» ерте жастан – бастауыш кезеңнен бастап қолға алып, олардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуларына мүмкіндік жасалуы қажет. «Қиын оқушыларды» тәрбиелеу жүйесінде адамгершілік тәрбиесі аса маңызды орынға ие болады. Мораль нормаларына жауап беретін айналадағы болмысқа жеке адам көзқарастарының сан-салалығын ескере келгенде, адамгершілік тәрбиенің жеке тұлғаны қалыптастырудағы рөлі өте зор.

Қазіргі кезде бастауыш сатыда оқушының жалпы және психикалық дамуының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін ең алдымен, бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылып отырғаны белгілі.

Бұл мақсаттың нәтижелі жүзеге асуы үшін Қазақстан Республикасында білім беру мен тәрбиенің мазмұнын жаңарту мәселесі алға қойылып, халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру көзделіп отыр. Мектептегі шәкірттеріміздің бойында халқымыз ғасырлар бойы қастер тұтып келген ар-намыс, ождан, имандылық, инабаттылық, мейірімділік, кішіпейілділік, ата-мекеніне, еліне деген сүйіспеншілік сияқты асыл қасиеттерді тәрбиелеу заман талабынан туындап отырған мәселе. Сондықтан оқушылардың ішінде ерекше категория болып табылатын «қиын оқушыларға» адамгершілік тәрбие берудің формаларын, әдіс-тәсілдерін жетілдіру аса қажет, бұл міндетті жүзеге асырудың бастауыш буыннан басталатыны белгілі.

Құндылық проблемасы өмірдің өзінен алынған. Табиғат пен-қоғам құбылыстарына құндылық тұрғысынан қарау адам өмірінің негізі болып табылады. Құндылық қатынас адам мен қоғам өмірінде қажетті, жалпыға ортақ және мәңгілік фактор болып табылады.

Құндылық проблемасы қоғамдық ғана емес, жеке тұлғалық та проблема. Құндылықсыз адам болуы мүмкін емес. Құндылықты зерттеуде алға қойылатын мақсат – адам өмірін байытатын нақты, дәл құндылықтарды таңдап алу. Сондықтан бұл проблема танымдық және әлеуметтік проблема болуымен қатар, тәрбиелік проблема ретінде ерекше мәнге ие болады. Көрнекті философ В.П.Тугариновтың айтуы бойынша, құндылықтар болмысты таңудан келіп шығады, олар танып білуге болатын нақты фактілер, қоғам мен табиғаттың мәнді жақтары адамзаттың іс-әркеті мен қоғамдық тарихи тәжірибесі процесінде жасалады.

Ғылыми әдебиеттерде «құндылық» түсінігіне әртүрлі анықтамалар беріледі. Философиялық тұрғыдан алсақ, құндылықтар – адам үшін пайдалы мәнге ие болатындардың барлығы, яғни адамзат қоғамының іргелі дамуы мен адамның жеке тұлғасын жетілдіруге тиімді ықпал ететіндердің барлығы болып табылады. Психологиялық тұрғыдан, құндылық ретінде қоғам үшін әлеуметтік-тарихи мәні бар және жеке адамдар үшін тұлғалық мағынасы бар болмыстың белгілі бір құбылыстары сипатталады. Сонымен бірге құндылық қоғамның моральды қатынастарының көріну формасы ретінде әрекет етеді. Сондықтан құндылық біріншіден, жеке тұлғаның адамгершілігі, абыройы және олардың адамгершілік әрекеттері немесе адамгершілік сипаттары, екіншіден, моральдық нормалар, принциптер, мұраттар, қайырымдылық, әділеттілік, бақыт ұғымдары деп айқындалады.

Адамгершіліктің өрісі кең, бұл қасиет әр адамның еңбекке, қоғам өмірінде, тұрмыста, көпшілік орында өзін ұстауынан, басқалармен қарым-қатынасынан, жүріс-тұрыс, іс-қимылынан байқалады. Адамгершілігі мол адам бағытты, ел-жұртына қадірлі, қоғамға да пайда келтіреді, яғни маңындағыларға үлгі-өнеге бола алады. Сондықтан «қиын оқушыларды» жас кезінен адамгершілік қасиеттерге баулу, олардың келешекте азамат болып қалыптасуына кепілдік береді.

Адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері: а) адамгершілік сананы қалыптастыру; ә) адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу және дамыту;                           б) адамгершілік мінез-құлық біліктілігі мен әдеттерін қалыптастыру.

Бастауыш сыныпта «қиын оқушыларды» адамгершікке тәрбиелеу ең алдымен оқыту процесінде жүргізіледі. Баланың адамгершшік қасиеті сабақ үстінде, мұғаліммен және құрбы-құрдастарымен ұдайы қарым-қатынасында қалыптасады.

Сабақ үстіндегі адамгершілік тәрбиенің тиімділігі сабақ мазмұнының ғылымилығы, мұғалім жұмысының әдістері мен тәсілдерінің адамгершілік-эмоциялық сипатқа ие болуы, сабақ үстінде мұғалім мен балалар арасында қалыптасатын өзара түсіністікке құрылған қарым-қатынас стилі, мұғалімнің адамгершілік келбеті негізінде мүмкін болады. Сондықтан «қиын оқушыларға» әртүрлі сипаттағы жеке тапсырмалар беруде этнопедагогика құндылықтарын пайдалана отырып, адамгершшік тәрбие беруді іске асырудың маңызы зор.

Этнопедагогика құндылықтарының ішінде халықтың ауызекі шығармашылығы ерекше мәнге ие болады. Қазақ халқының ауызекі шығармашылығы – ұлттық тәжірибелер мен тағылымдардан туған бай қазына, өшпес өнеге, тәрбие өрнектері, ауыз әдебиет түрлері. Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиенің белгілі жүйесін жас буын жадына біртіндеп сіңіріп отыратын арнаулы жолдар, тиімді тәсілдер болған. Сондықтан қазақ халқының ауызекі шығармашылығы – тәлімдік-тәрбиелік ой пікірдің бастауы, халықтың рухани мұрасы. Олардың қайсысының болсын педагогикалық мүмкіндіктері жоғары, өзіне тән мазмұны, ерекшеліктері бар. Халық ұғымымда адамгершілік қасиеттік өзекті мәселесі қайырымдылық пен қайырымсыздық, жақсылық пен жамандық, ерлік пен ездік – адамдық қасиеттің бір-біріне қарама-қарсы сипаттары. Мәселен, халқымыз қайырымды, бойындағы бар қасиетін халыққа жақсылық жасауға арнаған адамды «Ел қамын жеген ер», «Жақсы ай мен күндей, әлемге бірдей», «Жақсы туса – ел ырысы, жаңбыр жауса – жер ырысы», «Жақсы келді дегенше, жарық келді десеңші» деген мақал-мәтелдер арқылы жұрт қамын ойлайтын абзал азаматтың портретін алға тартады. Керісінше, қара басының қамын бәрінен жоғары қоятын өзімшіл, алдамшы, опасыз жандар жайында: «Жаман қорыққаннан сыйлайды», «Жаман адамға мал бітсе, жақынын танымас», «Бір жаман мың қолды ірітер, бір құмалақ бір қарын майды шірітер» деп, жас ұрпақты мұндай жаман қасиеттерден аулақ жүруге шақырады. Халық даналығы жақсы мен жаманды салыстыра суреттеп, сайып келгенде, жақсының жақсылығын халыққа тигізер пайдасына қарай бағалайды. Міне, осындай даналықтың мәнін сипаттайтын мақал-мәтелдерді сабақтарда «қиын оқушыларға» талдау, түсіндіру арқылы оларға адамгершілік тәрбие беруге болады.

Халық адамгершілік қасиеттің жоғары түрі – ар-ұят, намыс, ождан сақтау деп біледі, «Жаным-арымның садағасы», «Өлімнен ұят күшті», «Ақылың болса – арыңды сақта, ар-ұят керек әр уақытта», «Жігіттің құны – жұз жылқы, ары – мың жылқы» іспеттес мақал-мәтелдер соның айғағы.

Жөргегінен бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген халқымыз адамды аздырып-тоздыратын: өтірік, өсек, еріншек, мақтаншақ, қыңыр, есер, бейбастақ, жәдігөй, жантық, т.б. сияқты мінездерден сақтандырып келген. «Өтірік өрге баспас», «Өтіріктің құйрығы бір-ақ, тұтам», «Өзін-өзі мақтаған өліммен тең» деу арқылы өтірік-өсек айтудан, мақтаншақ болудан жас ұрпақты аулақ болуға шақырады.

«Атаңның баласы болма, адамның баласы бол», «Көпті жамандаған көмусіз қалар», «Көппен көрген ұлы той», «Көпті сөкпе, кенді төкпе», т.б. мақал-мәтелдер адамгершілікті, бірлікті, ел тілегін ойлауды дәріптейді. Көпшіл болу – атадан балаға ғасырлар бойы өсиет етіліп келе жатқан нұсқа. Ол халықтың ұғымында азаматтықтың, адамдықтың басты белгісі.

Жалпы, бастауыш буында қай сабақта болмасын «қиын оқушыларды» адамгершілікке тәрбиелеу үшін этнопедагогика құндылықтарын пайдаланудың мүмкіндіктері мол. Сондықтан біз оларды былай ашып көрсеттік:

1) білімділік; бағдарламалық талаптарға сай білім, білік және дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі, оқу материалын меңгертуге септігін тигізді, білімді күнделікті өмірде, нақтылы жағдайларда қолдана білуге баулиды;

2) тәрбиелік: ұлттық сана-сезімді қалыптастырады, адамгершілік асыл қасиеттерді бойға сіңіреді, кәсіби еңбекке бейімділікті, халықтық дәстүрге сыйлы қатынасты тәрбиелейді;

3) қамытушылық: ақыл-ойды, логиканы дамытады, психикалық қасиеттерді (зейін, ес, қабылдау, ой, қиял, т.б.) жетілдіреді, танымдық қызығушылығын арттырады, сабаққа белсенділікті оятады;

4) танымдық: халықтың тұрмыс-тіршілігімен, өмір тәжірибесімен, кәсіби еңбегімен таныстырады, дүниетанымды байытады (жан-жандар, өсімдіктер, тас атаулары, т.с.с); оқудың өмірмен, практикамен байланысын көрсетеді.

«Қиын» оқушыларда адамгершілік қатынасты қалыптастыру бағытында ұйымдастырылатын тәрбиелік істерге адам санасының формасы, адамдық мәдениеттің бір бөлігі – мораль туралы түсінікті қалыптастыру, соның негізінде оқушыларда адамгершілік ой-пікірлер мен сенімдерді тәрбиелеу жатады. Осы бағытта этнопедагогика құралдарын пайдалану арқылы «қиын оқушылармен» ұйымдастырылатын жұмыс жоспарын былайша беруге болады.

Кесте 1. «Қиын» оқушылармен ұйымдастырылатын тәрбиелік іс-жоспары

Мақсат-міндеттеріМерзімі

 

 

Сыныптар бойынша тәрбиелік іс атаулары, жұмыс формалары мен әдістері
ІІІIIIIV
Мектеп өміріне бейімдеу, оқушы деген атқа лайық болуға тәрбиелеу, білімнің адамның бақытты өмірі үшін мәнділігін көрсетуІ тоқсан«Оқушының оқу еңбегіне қатынасы» танымдық әңгіме(Білімді адам мыңды жығады» интеллектуальды ойын«Оқу инемен құдық қазғандай» операциясы«Менің сүйікті кейіпкерлерім» (оқыған кітаптары бойынша) драмалық көрініс
Жолдастық, достық ұғымдарының мәнін ашып көрсету, жолдастық және достық өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.ІІ тоқсан«оқушының жолдастарымен қарым-қатынасы» танымдық әңгіме«Достық пен жолдастық этикалық әңгіме«Достар үшін» акциясы«Жолдастық заңдары» ашық әңгіме сағаты
Адамгершілік асыл қсиеттерге баулуІІІ тоқсан«Мейірімділік» танымдық әңгіме«Ана мейірімі» әңгіме сағаты«Қайырымдылық көмек» орталығы«инабаттылық және батылдық» рухани ашық журнал
Оқу ұжымында өзара сыйлы қатынасқа үйрету, адамгершілік сезімдері мен тәжірибесін қалыптастыруІV тоқсан«Ұжымдық қарым-қатынас» танымдық әңгіме«Күш-бірлікте» еңбек операциясы«Сыйға-сый» құрмет көрсету сағаты«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» байқау орталығы

 

Жоспардағы іс-шаралардың мазмұны бастауыш сыныптағы «қиын оқушыларға» адамгершілік тәрбие беруде этнопедагогика құндылықтарын тиімді пайдалануға бағытталған.

Осы іс-шараларды ұйымдастырудағы негізгі мақсат халқымыздың бала тәрбиелеудегі озық тәжірибесі негізінде бастауыш сыныптағы «қиын оқушылардың» бойында адамгершілік асыл қасиеттерді қалыптастыру болып табылады.

Міндеттері:

– қазақ халқының ауызекі шығармашылығы негізінде жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыту;

– қазақ халқының ұлттық мінез-құлқына тән негізгі қасиеттерді –елжандылықты, мейірімділікті, кеңпейілділікті, шыншылдықты, әдептілікті, т.б. балалардың, яғни тәрбиесі қиын оқушылардың бойына сіңіруі;

– үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, әділеттілікті биік ұстау сияқты әдет пен ғұрып қағидаларын үйрету.

Тәрбиелік істерді ұйымдастыруға қойылатын педагогикалық талаптар: «қиын оқушыларға» адамгершілік тәрбие беруде этнопедагогика құндылықтарының алатын орны мен атқаратын рөлін саналы түсіну; олардың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық және танымдық мүмкіндіктерін жүзеге асыру; тәрбиелік іс-әрекетте қолдану аясын кеңейту.

Ғылыми педагогикалық-психологиялық, фольклорлық әдебиеттерді оқып-үйрену және озат мұғалімдердің іс-тәжірибесін жинақтау, талдау ауыз әдебиетінің бай мұрасының балалардың адамгершілік сапаларының қалыптасуына ықпал жасайтынын көруге мүмкіндік берді.

Оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке алу негізгі қағида болып есептеледі. Мұнда ең алдымен оқушылардың адамгершілік сезімі мен адамгершілік дағдыларына ерекше мән бердік. Бастауыш сыныптағы «қиын оқушылардың» ерекшелігін ескере отырып, біз адамгершілік тәрбие беруде негізгі жол деп іс-әрекетті ұйымдастыруды ойластырдық. Осыдан оқушының өз жолдастарымен, құрбылармен және ересек адамдармен қарым-қатынас жасауда халықтық дәстүр негізінде әрі әсерлі, балалардың көңіл-күйін туғызатын қызықты іс-әрекеттерді педагогикалық, психологиялық талаптарға сай ұйымдастырдық.

Адамгершілік тәрбиесінің ғылыми айқындалған психолоғиялық жүйесі (сезім, сана, сенім, әдет-дағды) халықтың педагогикалық бай мұрасынан да айқын көрінеді.

Біз этнопедагогика құндылықтары арқылы бастауыш сыныптағы «қиын оқушыларды» адамгершілікке тәрбиелеуде мынадай адамгершілік сапаларды қалыптастыруды жөн көрдік: ақыл-ой, сана еңбек, Отанына, халқына, жалпы адамзатқа, табиғатқа сүйіспеншілік, елжандылық, ар-ождан, ізеттілік, ата-анаға, өзінің жақын туыстарына мейірімділік, бауырымдылық, кеңпейілділік. Осы аталған бастауыш сынып оқушыларының бойында қалыптасатын ең құнды қасиеттерді тәрбиелеуде бәріне тірек болатын ізгілендіру идеясын негізге алдық.

Әдебиеттер:

  1. 1. Тугаринов В.П. Избранные философские груды. – Ленинград. Изд. Ленинградского университета, 1988. – 344 с.
  2. 2. Төлеубекова Р. Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика: әдістемелік құрал. – Алматы: РБК, 1994. – 140 бет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Эстетикалық тәрбие әдістемесі

Жаратылысында өнерге бай, әдебиеті мен мәдениетін тең өрбіткен қазақ халқы сонау VІІ-VІII ғасырлардағы Қорқыт атаның қобыз үндерінен өмір нәрін танып, өркендеп, қаншама қиын замандарда да өшпей, өзгермей сақталып, қайта заман ағымымен астасып өсіп келеді.

Қазақ тарихындағы улы ойшыл тұлғалардың бірі, ислам дүниесінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы, Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің (870-950 жж.) әйгілі шығармаларының бірі «Музыканың үлкен кітабы» атты еңбегінің мәдениет өркениетіне айқын жол салғанын аңғарамыз. Ғұлама ғалым бұл еңбегінде математикалық тәсілдер пайдалану арқылы музыкалық дыбыстарды тұңғыш рет қағаз бетіне түсіріп, нотаны алғаш дүниеге келтірді. Ол тек музыка теориясын жазып қоймай, музыкалық аспаптарды да қолдан жасап, сол аспаптарда керемет ойнай да білген. Қазақ домбырасын дүниеге келтірген асқан музыкант ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби десек, біз қателеспейміз. Күні бүгін Отырар музейінде осы домбыраның жұрнағы сақтаулы. Ал, бұған дейін қазақ халқында домбыраға ұқсаған екі ішекті аспап болуы мүмкін. Толық музыкалық дыбыс беретін домбыра әл-Фараби қолымен жасалған.

Әл-Фараби бұл кітабында музыкалық дыбыстың сипаты мен құрылымынан бастап, музыканың поэзиямен байпанысына дейінгі музыкалық ғылымның мәселелеріне ғана арналмай, музыканың эстетикалық-теориялық принциптерін шешуге бағытталған.

Музыка зерттеу саласындағы еңбектерінде әл-Фараби музыканың емдік қасиетін, жағымды әсерін жан-жақты дәлелдеді, сондай-ақ оның тәрбиелік мәні зор екенін баса айтты. Әл-Фарабидің бұл еңбегі ХV ғасырда латын тіліне аударылып, Еуропа музыка ғылымы мен өнерінің дамуына үлкен әсерін тигізді.

Әл-Фараби өзінің «Риторика», «Поэзия өнері туралы», «Бақытқа жол сілтеу» туралы трактаттарында этикалық, эстетикалық мәселелерге көңіл бөліп, көркемдік, сұлулық, бақыт, мейірбандық, білім категорияларының бетін ашып, солардың негізін дәлелдеп берді.

Этиканы ол ең алдымен жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Фараби жасаған қорытындының басты түйіні – білім, мейірбандық, сұлулық – үшеуінің бірлігінде.

Фарабидің гуманистік бұл идеялары әлемге кең тарады. Ол ақыл-ой мен білімнің биік мәнін дәріптеді. Көркемдік – адамның денесі мен рухани жан дүниесінің, адамгершілік қасиетінің сұлулығын көрсететін белгі деп атады.

Ап ХІ-ХІІ ғасырларда өмір сүрген, асқан шеберлігімен, елге сыйлылығымен белгілі болғақ қайырымдылық пен мейірімділікті өмірге арқау етіп, бүкіл түркі жұртын татулыққа, тазалыққа үндеген, қасиетті әулиесі атанған Қожа Ахмет Яассауи еді. Оның дүниетанымында этикалық ойлар басым.

Адамгершілік тазалығы мен моральдық жағынан жетілгендікті Яссауи оппозициялық суфизм позициясы тұрғысынан шешеді. Ол адам бойында кездесетін даңққұмарлық, күншілдік, екіжүзділік, надандық, кекшілдік, алдау сияқты жаман әдеттердің болатынын өкінішпен айтады.

Яссауи іліміндегі адамгершілік ойлары да дін арқылы түсіндіріледі. Жақсылық пен жамандық, әділетттік пен әділетсіздік, адамның жақсы және жаман іс-әрекеттері сияқты моральдық сипаттағы оның құдайға сенуіне байланысты болады. «Кімде-кім жамандық жасаса, ол күнәдән арыла алмайды, кімде-кім жақсылық жасаса, ол құдайдың сүйіктісі болады», – дейді.

Ахмет Иугінеки (XII ғ.) адамдарды мейірімді, иманды, білімді, әдепті сөйлейтін жомарт, әділ болуға шақырады. Ұлы ғұлама дүниенің, әлемнің сырың құпиясын ашатын кілт – көкірегі ояу, көзі ашық, оқыған білімді адамдардың қолында деген тамаша пікірлер айтқан.

А.Иүгінеки адамдарды мағыналы, мазмұнды, әділ сөйлей білуге, адамгершілік, әдептілік ілімін ұстануға шақырады.

Білімдіден қалған бір сөз тағы бар,

Әдептіге «үндемес» ат тағылар.

Тіліңді тый – сонда тісің сынбайды,

Жөнсіз шыққан тілден тісің қағылар.

Ғасырлар – адамның мәдени дамуының куәсі.

Мәдениеттің өзекті бөліп – өнер.

Адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі – оның әсемдікке, сұлулыққа ұмтылуы.

Осындай тарихи тұлғалар мен ғұламалардың тамаша туындылары мен өсиетнамалары – қазақ мәдениетіне үлкен арқау, ұлы тірек бастамасы.

Өнер – мәдениет дамуындағы негізгі ұйытқы.

Оның қазақ мәдениетіндегі алғашқы жүйесін жасаған Жүсіпбек Аймауытов «Атам заманда табылған өнер, білімінің бәрі сөз арқылы бұл күнге жетіп, піскен астай даяр болып, жемісін бүкіл адам баласына сыйлап отыр», -дей келе, өнерді беске бөледі.

  1. 1. Сөз (словесность);
  2. Суретшілік (живопись);
  3. 3. Мүсіншілік (скульптура);
  4. Үй ішілік (архитектура);
  5. Ән-күй (музыка) т.б.

Мұның бәрін де қазақ халқы ертеден-ақ меңгерген. Сөз шеберлігі мен мақал-мәтелдері, шешендік сөздері белгілі болса, суретшілігі сонау Орхон-Енесей таңбаларында бастау алып жатыр.

Мүсіншілік ертедегі қола, тас дәуірінен бергі белгілерімен есте қапса, кешегі Шоқанның замандастары оны бүгінгі таңмен жалғастыруда. Қазақ халқының ертеден-ақ күмбездері мен қазақы киіз үйлерінде үлкен өнердің ізі, яғни философиялық көрегенділік жатады. Ал ән мен күйге келсек, ол – өз алдына бөлек жаратылыс. Яғни, қазақ халқы жаратылысында ән мен күйдің егіз сыңарындай.

Қазақтың тағы бір мақтана айтатын ғұламалары, ағартушы демократтары – Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев халқымыздың рухани дамуына үлкен үлес қосты.

Шоқан мәдени мұралар жөнінде тек пікір айтып қана қойған жоқ, ол ғылыми зерттеулер, құнды мұралар қалдырды. Мысалы, ертедегі мәдени мұралардың адам сезіміне қалай әсер ететіні жөнінде былай деген: «Мен Аякөзді сүйемін және оны таң-тамаша көремін. Бәлкім, бұған бір кезде осы өзеннің бойында болған сұлу Баянның алтын айдарлы Қозы-Көрпешке ғашықтығы жайындағы тамаша аңыздың да әсері аз емес шығар.

Шоқанның идеялары өзінен кейінгі ағартушы-ғалым Ыбырай Алтынсариннің шығармаларында, әлеуметтік қызметінде дамып, тереңдей түсті.

Ыбырай қазақ халқының өміріне мәдени жағынан іргелі өзгеріс кіргізуді мақсат етіп, бірнеше мектептер ашты. Оның бірі Торғай қаласында ашылған қолөнер училищесі болатын Мұнда балалар жалпы пәндер өтумен қатар, түрлі қолөнер мамандықтарына үйретілетін болған. И.И.Ильминскийге жолдаған хатында Ыбырай: «Онда оқытатын қолөнерлік сабағымыз, көбінесе ағаш ұсталық жұмыстары балада және егер мектепке тарта алсақ, қыздарға кесте тігу, тағы басқа қолөнер жұмыстары үйретіледі», – деп жазды.

Абай да Шоқан мен Ыбырай сияқты қазақ елі тек орыс халқының ұлы мәдениеті мен әсемдік қазынасынан тәлім-тәрбие алса ғана, ойлаған арманына – оқып, білім алуға, мәдениетті болуға мүмкіндік алатынын білген.

Абай шығармаларының кейбірінің мазмұны орыс классиктерінің шығармаларына ұқсас болғанымен, ұлттық колориті сақталынып, Абайдың өзіне тән шеберлікпен берілген. Абай өлеңдерін оқып отырғанда, қазақ оқушысы нағыз көшпелі ауылдың суретін көреді.

Абай халқының көзін ашып, мәдениетін арттыру үшін жазған өлеңінде:

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.

Көкірегі сезімді, тілі орамды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін, – деп, әдемілік пен әсемдікке, білімділікке үндейді.

Қай халық болса да өз өмірін, күнделікті тұрмысын сәндендіруге көңіл бөліп отырған. Өздері тұтынатын бұйымдары мен күнделікті тұрмысқа қажетті құрал-саймандарын әшекейлеп ұстауға тырысқан. Бұл жағдай адамдардың сезімін баулып, көзге ілінген заттардың оғашынан жирендіріп, сұлуды сүйсіндіретін, адам жанын рахатқа бөлейтін дәрежеге көтерілген. Осылайша, біртіндеп әдемілікке, әсемдікке жол салынды. Біздің халқымыздың мәдениеті мен өнері бұрынғы замандарда туып, өсіп-жетіліп, толықтырылып, дамып, ұлттық ерекшелігін сақтап, бізге келіп жеткен.

Ендеше, біздер бүгінгі таңда бар мүмкіндігімізді салып, жастарға білім-тәрбие беруде олардың әдепті, әдемі, сұлу, білімді, мәдениетті болып өсуіне мүмкіндік жасауымыз қажет.

Тоқырау жылдарында мектеп оқушылары мен жастарға музыкалық-эстетикалық тәрбие мен оқудың қол жеткен табыстары одан әрі дамудың орнына осы дәрежесін ұстап тұрмай, дамыған елдердің, оның ішінде шығыс халықтарының педагогика, психология, эстетика тәрбиесінен мүлдем тыс қалғанын қоғамымыз сезініп отыр.

Егеменді еліміздің қарқынды Қазақстан-2030 бағдарламасында көрсетілген жетістіктеріне жол салу басталып кетті. Соның бірі мен негізгісі – Мәдениетті өркениет. Осы өркениетке жету үшін Қазақ елі ешкімге ұқсамайтын дәстүрі мен мәдениеті дамыған халқының әдебі мен әдемілігі ерекше кезге ұратын, заманның туғанын білдіретін ерекше ел болуы – заман талабы.

Осынау Қазақстан мемлекетінің ерекшелігі халқының сұлулықты сүйетінімен аңғарылуы тиіс.

Ал қазақ халқының қасиетті ұлдарының бірі, балалар ақыны Мұзафар Әлімбаев: «Музыкалық егіс қандай болса, эстетикалық өніс сондай», – деген екен.

Яғни өзіміз не үйретсек, соның жемісін көреміз, сол үшін де береріміздің мәні мен маңызы зор болуға тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ МҰҒАЛІМНІҢ ШЕБЕРЛІГІ

Педагогикалық технология ұғымы-бұл тек технологиялық оқу құралдарын дамыту немесе компьютерлендіру емес, білім беру үрдісінің факторларына талдау, пайдаланылатын әдіс-тәсілдерді конструктірлеу, бағалау арқылы білім беру тиімділігін арттыратын ұстанымдар мен заңдылықтарды зерттеу деген тұжырымға тоқталады.

Педагогикалық технология оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Мақсатты айқындау, ол – сабаққа қойылатын жаңа талап, жаңалық емес. Ал, мақсаттың нақты болуы, нәтижемен тікелей жұптасып жатуы педагогикалық технологияның негізгі түйіні. Педагогикалық технология ерекшелігі оқу іс-әрекетін үйымдастыру арқылы ойлау дағдыларын дамыта отырып оқушының өз бетімен мақсатқа жетуінде.

Бүгінгі мақсат-әрбір оқушыларға түбегейлі білім беру мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау.

«Педагогикалық технология дегеніміз – оқыту үрдісін жүзеге асыратын мазмұнды техника» (В.П.Беспалько).

«Педагогикалық технология дегеніміз-оқытуды жоспарланған нәтижесіне жеткізетін қағазға жазылған барысы (үрдісі)» (И.П.Волков).

«Педагогикалық технология дегеніміз-педагогикалық максаттарға жету үшін қолданылатын тұлғалық, инструментальдық методологиялық  қүралдардың  жүйеленген  жиынтығы  және  олардың ретімен қызмет етуі» (М.В. Кларин).

«Педагогикалык технология дегеніміз-оқушы мен мүғалім үшін барлык жағынан өте қолайлы жағдайлар жасай отырып, оқыту үрдісін жобалаудың, оны ұйымдастырудың және өткізудің бүге-шігесіне дейін ойластырылған, әрі бірлесіп жүзеге асырылатын педагогикалық кызметтің моделі» (В.М.Монахов).

Сонымен бірге, жаңа технологиялардың маңыздыларының бірі-педагогикалык ынтымақтастық, сол арқылы жеке оқушының дамуын, басқа да ерекшеліктерін жақсы білу. Педагогикалык ынтымақтастық туралы Әбу-Насыр Әл-Фарабиден бастап белгілі ғұламалар мен педагог ғалымдардың айтпағаны кемде-кем. Айта кетер болсақ, педагогикалық ынтымақтастык-мұғалім мен оқушы, мұғалім мен ата-ана, ата-ана мен оқушы, оқушы мен қоршаған орта және онда кездесетін адамдар арасындағы ынтымактастық болып табылады.

Сондай-ақ, проблемалық оқытудың технологиясы дұрыс, тиімді қолданылған жағдайда оқушылардың ойлау таным қызметін дамытуға, өздігінше жұмыс істеу біліктіліктерін кальптастыруға, коршаған ортада болып жатқан қоғамдық саяси өзгерістерге өздігінше баға беруге жаттықтырады.

Окытудың белсенді әдістері-технологиялары туралы тоқталғанда орынды да тиімді қолданылған жағдайда оқытудың барлык әдістерінің белсенді әдістер бола алатынын ескертуіміз керек.

Педагогикалық технологияларға арналған соңғы және көлемді де беделді еңбектердің бірінде оларды сараптап, жеке-жеке атап шығады. Олар: ұжымдық оқыту; программалап оқыту; проблемалық оқыту, оқытудың белсенді әдістерін пайдалану; ойынды пайдалану; оқушының жеке басының дамуы ерекшеліктерін ескеріп оқыту және педагогтық ынтымактастық; интегративтік оқыту; модулдік оқыту; этнопедагогикалык окыту; ақпараттық технологиялар.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндет-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және білім алу үшін кажетті жағдайлар жасау;… оқытудың жаңа технологияларын еңгізу, білім беруді ақпараттандыру» – деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделді.

Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін үйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Ал жаңа педагогикалық технологияның түрі, қолдану ерекшелігі, одан туындайтын мәселелер бүгінгі таңда әлі нақтыланып белгілі бір жүйеге түспеген дүние.

Әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекщеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап караудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мүғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани адамзаттық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі даматып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылык қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады.Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асады:

1 кезең-оқып үйрету;          2 кезең- меңгеру;

3 кезең- өмірге ендіру;       4 кезең- дамыту.

Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар кажет: оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу; окушылардың сабақтастығын болдырмау; ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік себептеріне үнемі талдау жасау.

Оқу-тәрбие үрдісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген жаңа педагогикалық технологиялар мыналар: дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л.Занков, Д.Эльконин, В.Давыдов, В.Репин, В.Левин); оза отырып окыту (С.Лысенкова); іс – әрекетті бағалау (Ш.Амонашвили, И.Волков); тірек және тірек конспектілері арқылы оқыту(В.Шаталов); саралап окыту; шоғырландырып қарқынды оқыту жүйесі; деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту; жобалап оқыту технологиясы. Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:

  • балаға ізгілік тұрғысынан карау;
  • оқыту мен тәрбиенің бірлігі;
  • баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;
  • баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;
  • баланың танымдылык және шығармашылық икемділігін дамыту
  • оқу үрдісін оқушының сезінуі. т.б.

Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалык жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады.Дамыта оқьітудың дәстүрлі окытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің ролі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқу үрдісі мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-катынас сипатында, танып-білу үрдісін ұйымдастыру түрлерінде, т.б.Бүгінгі таңда П.Эрдиневтің дидактикалык бірліктерді шоғырландыру технологиясы , Л.Занков, Д.Эльконин, мен В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.Амонашвилидің ізгілікті тұлғалық технологиясы, В.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, М.Чошановтың мәселелік модулді оқыту технологиясы, П.Третьяковтың, К.Вазинаның модулді оқыту технологиясы. В.Монаховтың, В.Беспальконың жэне басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары кеңінен танымал.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынып жетекшінің сыныптан тыс жүргізетін тәрбие жұмыстарының түрлері

Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылғы білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында «Адамзат жинақтаған білімді қарапайым түрде меңгеру деген білім мақсаты қазіргі ақпараттық ағымның үдеуіне байлнысты пайдасыз болып қалды. Басты нәрсе білім, білік дағдыларды механикалық түрде беру емес, ақпараттық – интеллектуалдық ресурстарды өз бетімен ала алатын, талдай білетін, идея бере алатын, ылғи даму үстінде болатын және жылдам өзгерістегі әлем жағдайында іске асыра алатын тұлға қалыптастыру болып саналады» – деп көрсетілген.

Жалпы білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне мектеп оқушысын белгілі бір қажетті біліктіліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әр түрлі мәдениеттермен өз көз – қарасы тұрғысынан диалогқа түсетін автор және жас ерекшелігіне байланысты өз жасын қалыптастыруға күш жұмсап, еңбектенетін бала деп қарастыратын, осыған орай көп қырлы құрылымды білім – тәрбие мазмұнын анықтап, құруға көмектесетін қазіргі заманғы дамыта оқыту идеясы арқау болды. Сонымен қатар қай мемлекеттің де негізгі тірегі білімді де, білікті іскер де, белсенді адамдар. Сондықтан, қоғам талабына сай ол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындығын дамыту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Біздің қазіргі мектептің маңызды мәселелердің бірі: оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру және білімді өз бетінше алуы және оны қолдана білуі. Бұл мәселелерді шешу үшін ақпаратқа және саналы еңбекке бейімдеу және ғылым мен мәдениет саласында белсенділік қызмет етуге тәрбиелеу қажет.

Оқушылардың сабақтан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары  көбіне сабақтан тыс немесе сыныптан тыс жұмыс деп аталады. Бұл жұмыс мұғалім сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыра және тереңдете отырып, ең алдымен, балалардың таланттарымен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың, олардың белгілі бір нәрсеге қызығуымен ынтасын оятудың құралы ретінде ол оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың формасы болып табылады және олардың адамгершілік мінез – құлыққа жаттығуын ұйымдастырудың, адамгершілік мінез – құлық тәжірибесін қалыптастырудың негізі ретінде қызмет атқарады.

Сныптан тыс жұмысқа сабақтан бос кезінде жүргізілетін, тәрбие мен білім беру сипатында ұйымдастырылатын мақсаты мен бағыты бар сабаққа жатады. Қазіргі кезде тәрбие жүйесінде мектептен тыс жұмыстар едәуір орын алады. Сыныптан тыс жұмыстардың өзіндік ерекшеліктері бар. Бірінші ерекшелігі, оқыту сабақтарына қарағанда сыныптан тыс жұмыс ерікті негізінде өткізіледі. Оқушылар ынта мен бейімділіктеріне байланысты өз беттерімен әр түрлі үйірмелерге жазылады, сабақтан тыс уақытта өз қалаулары бойынша көп болып және жеке атқаратын жұмыстарға қатысады. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың екінші ерекшелігі оның міндетті бағадарламалар көлемімен байланысты болмайтындығында. Оның мазмұны мен формасы негізінен алғанда оқушылардың ынталары мен талап – тілектеріне , жергілікті жағдайларға байланысты болады.

Пәндік және басқа үйірмелердің бағдарламалары шамалық, бағдарлық күйде болады. Осы бағдарламалардың және әдістемелік нұсқаулықтардың негізінде үйірмелердің жетекшілердің нақты жағдайларды және оқушылардың ықлас қалауын ескере отырып жұмыс жоспарын жасайды. Бұл сыныптан тыс жұмыстың мазмұны анағұрлым икемді, мектеп оқушылардың ынтасы тілек, талаптарына сай келетіндей мүмкіндік береді. Ал үшінші ерекшелігі, жас шамасы әртүрлі оқушыларды қамтитындығында. Мектеп хорынның немесе оркестрінің, көркемөнерпаздар үйірмелерінің және спорт ұжымдарының жас шамлары әр түрлі болып келетін құрамы сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруға және өткізге негіз бола алмайды. Керісінші әр түрлі сыныптардың оқушыларын біріктіре отырып, сыныптан тыс сабақтар бүкіл мектеп ұжымының топтаса түсіуіне себепші болады. Әр түрлі сыныптардың оқушыларын біріктіретін үйірмелерде ересектеу балаларын өзінен кішілерге қамқорлық жасауларына, жолдастық өзара көмекті өрістетуге жақсы жағдай туғызылады.

Үйірмелерде, спорт секцияларда, көркемөнерпаздар ұжымдарында балалардың өз беттерімен жұмыс істеулеріне кең мүмкіндіктер беріледі. Оны педагогтар бағыттап отырады. Сыныптан тыс сабақтарға басшылық жасау бастамашылдық пен дербестікті дамытумен үйлестіріледі. Оқушы ересектеу болған сайын оның бастамашылдығы мен дербестігі толығырақ жан-жақты көрініс береді. Олар әр түрлі үйірмелерге, клуб типтес бірлестіктерге қатысушылар рөлінде ғана емес, сабақтан тыс істерді ұйымдастырушылар рөлінде де көзге түседі.

Қазіргі жағдайдағы сыныптан тыс тәрбие жұмысының мәні ондағы қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің сыбағалы салмағының артқандығында. Егер біраз уақыт бұрын сыныптан тыс жұмыста өзара сөйлесу және көңіл көтеру формалары басым болып келсе, қазір ол қоғамға пайдасы мол бағытқа ие болып келеді.

Сыныптан тыс жұмысқа қойылатын талаптардың ең маңыздыларының бірі – оның өмірмен тығыз байланыстылығы. Кез келген үйірменің, ғылыми қоғамының жұмысы айнала қоршаған өмірмен танысуға және оны гүлдендіруге белсене қатысуға себепші болуы тиіс.

Оқушылар үйірме сабақтарына, ертеңгіліктерге, оқушылар конференциясына ықыласпен барулары үшін онда тартымдылық, алуан түрлілік, жаңашылдық болуы керек.

Әр адам бала кезден өмірде үлкен жетістікке жетуді армандайды. Көпшілігі ерте кезден бастап белгілі бір іс-әрекетке қабілеттілік байқатады (сурет салады, билейді, өлең айтады, белгілі бір музакалық құралда ойнайды, мүсін салады). Бірақ, бұл қабілеттілікті қалыптастырып, жүйелі дамытып отырмаса, ол қасиет жас өскен сайын жойыла бастайды, жас жеткіншектің болашақ кәсіби өміріне бағыт-бағдар бере алмайды. Қазіргі әлеуметтік – экономикалық жағдайда кәсіби жетістікке жалпы және арнайы қабілеттілік, білімділік, шығармашылық арқылы ғана жетуге болады. Бүгінгі таңда дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттер жинақталған. Бұл мәселенің түп тамыры ғасырлар тереңінде жатқаны да белгілі.

Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан ерекше дарынды балалардың тек өзін интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Жас өркеннің бойындағы табиғат берер ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның әр қарай дамуына бағыт – бағдар бере білу ерекше қиын іс. Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытқа жетелеу – ұстаз парызы. Ұстаз болу жауапты да қиын мамандық. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманның озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы.

Оқушы дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбіне мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық. Көбіне «Дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы» деген пікір қалыптасқан. Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры мұғалімге байланысты. Дарындылық мәселесін зерттеушілердің көп болғанымен, дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қойған жоқ. Сондықтан біз баланың дарындылығы деп, оның өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білімді игеру деңгейінің жоғарлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз.

«Дарындылық» ұғымы «сый» («дар») деген сөзден шыққан, дамудың қолайлы ішкі алғышарттарын білдіреді. Бұл ұғымға педагогикалық энциклопедияда төмендегіше анықтама берілген: «Дарындылық – белгілі бір іс – әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі».

«Дарындылық» ұғымы «қабілеттілік» ұғымына өте жақын. Дарындылық ұғымымен қатар шығармашылық, талант, данышпандық ұғымдарына да тоқтала кетейік.

Шығармашылық – өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын жеке тұлғаның бойындағы қабілеттіліктің, білімі мен біліктіліктің, түрткінің (мотивтің) болуы.

Талант – қабілеттіліктің жоғарғы деңгейі. Ол суретшінің, өнер тапқыштың, ғалымның және кез келген істі шығармашылықтыпен шешуді талап ететін өзге де мамандық иелерінің өзгешілігімен, түпнұсқалығымен ерекшеленетін еңбектерінің болуымен сипатталады.

Данышпандық – қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғарғы деңгейі. Данышпан адам өз ісінің аумағында жаңа ғасыр тудырады. Әрине, бұл ұғымдар жеке адамдық қасиеттер өзара бір-бірімен тығыз байланыста пайдаланылады.

«Дарындылық – баланың өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білімді игеру деңгейінің жоғарлығы мен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы». Бұл ой тұжырымдарды дарындылық тек педагогикалық ғана емес, әлеуметтікте мәні бар құбылыс деуге болады. Осы бағыттағы зеттелген ғылыми еңбектерге талдау жасай келе, дарындылық ұғымына төмендегіше анықтама береміз: дарындылық – адамның бір не бірнеше іс – әрекет саласында жоғары, қатардағылардан ерекше нәтижеге жету мүмкіндгін анықтайтын көп өлшемді, ықпалдастырылған (интегральное) құрылым. Жас жеткіншектерді заман талабына сай тәрбиелеуде оларды жеке қабілеті мен бейімділіктерін, олардың дарындылығын ескеру маңыздылығы күннен-күнге арта түседі. Бұл мәселеге байланысты жүргізіліп жатқан ғылыми – тәжірибиелік жұмыстар өз жалғасын табуда.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Білім (ғылыми – педагогикалық журнал) №2 (16) 2004 жыл
  2. Қазақстан мектебі: №1, 2, 3, 2005 жыл
  3. Тәрбие құралы №1 2005 жыл.