Қазақша өлең: Тұманбай Молдағалиев (Бола бермес бәйгеде әркім алды)

0

Қазақша өлең: Тұманбай Молдағалиев (Бола бермес бәйгеде әркім алды) казакша Қазақша өлең: Тұманбай Молдағалиев (Бола бермес бәйгеде әркім алды) на казахском языке

Бола бермес бәйгеде әркім алды,
Жетем деген көп жерден көңілім қалды.
Қақсам болдым барында қанатымды,
Бақсам болды әлпештеп балаларды.
Болам деген ойым жоқ мүлдем ірі,
Қуанышым өлкемнің гүлді өңірі.
Келер елдің бағындай көрінеді
Немеремнің бір нәрсе білгендігі.
Көтерілем, көбейем көп себептен,
Ешкім жоқ қой дүниеден ән сап өткен.
Бәрін көріп көзіммен, ал сөзіммен
Көмектесіп соларға кетсем әттең.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз