Қазақша өлең: Серікбай Маханов (ҚЫСҚЫ ТҮН) » ZHARAR

0

Қазақша өлең: Серікбай Маханов (ҚЫСҚЫ ТҮН) казакша Қазақша өлең: Серікбай Маханов (ҚЫСҚЫ ТҮН) на казахском языке

Төңіректі ұйқы басқан тым – тырыс ,
Құшағына кеткен еніп түн – тыныс .
Жайып тастап ақ мамығын бұлт деген
Көрінбейді жұлдыз толған құбылыс .

Бұлт тізбегі жолға шыққан керуен ,
Түн қызығы қандай қызық серуен .
Әппақ ұндар шашу бейне шашылған
Аяз сорып шырқалады шеру ән .

Ақ орманды таптап басқым келмейді ,
Сыршыл бақтар шақырады кел дейді .
Ақ сақалды бұтақтарды долы жел
Мазалайды өзіне ерік бермейді .

Тасаланып қалықтай ма Ай көктен ,
Елегізіп қарай берем әйнектен .
Сағыныштың куәсі боп сол түні
Өлең болып кетпей қойды бойжеткен .

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз