Қазақша өлең: Қалижан Бекхожин (Өкінем)

0

Қазақша өлең: Қалижан Бекхожин (Өкінем) казакша Қазақша өлең: Қалижан Бекхожин (Өкінем) на казахском языке

Енді неге өз-өзімнен ұялдым,
Желігіне беріліппін қиялдың
Албырт кезде өкпелеткен досымды
Қайтып енді араздыққа қиярмын?

Ағысында қызу талас шулардың
Кейбір жанды кейіткен де шығармын.
Кейбіреуді қағытам деп егемпен,
Өзім сірә одан бетер сыналдым.

Ақ шашымды сипап енді өкінем,
Ойлап соны от шығады бетімнен.
Кейде көрсем өкпеліні өзіме,
Жаутаң көзбен кеше гөр деп өтінем.


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!