Аға сержант | Скачать Материал

0


Ішкі істер органдарының қызметшілерінің атақтары мен әлеуметтік қамсыздандыру шаралары

Мазмұны

Кіріспе 3
1. Ішкі істер органдарының қызметшілерінің атақтары 4
2. Ішкі істер органдарының негізгі қызметі 6
3. Ішкі істер органдарының қызметшілерінің әлеуметтік қамсыздандыру шаралары 7
Қорытынды 9
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 10

Кіріспе

Еліміз жаңа XXI ғасырға, жаңа мыңжылдыққа адамзат үшін ең қымбат қазына — ұлтаралық татулықты, конфессияаралық келісімді, өзара түсіністік пен құрмет сезімін, жарастық пен келісімді — қастерлеп сақтай отырып, қадам басты.
Елбасының, мемлекетіміздің стратегиялық мақсаттарында ұлтаралық татулықтың, халықтардың өзара түсіністігі мен келісімін нығайта беру, оларды алдағы уақытта топтастырып, жарастыра беру айрықша орын алды. Бүгінгі күні қоғамымыздағы ауызбірлік, тұрақтылық пен туысқандық қарым-қатынас соның нәтижесі деп айта аламыз.
Бүгінде тәуелсіз мемлекет атанып, ел-халық болып қалыптасудың күрделі үдерістерін бастан кешіріп жатқан кезеңде ұлттық келісімді, дінаралық татулықты қамтамасыз ету бүгінгі күннің өзекті міндеті болуы да сондықтан.
Жалпы еліміздің Ішкі істер министрлігі, оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, оған бағынатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың ішкі істер басқармалары және қалалык, аудандық, ауылдық, көліктегі жол бойының ішкі істер органдары, ішкі әскерлер, оқу орындары мен өзге де ұйымдары ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесін құрайды.
Құқық қорғау органдары, негізінен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Прокуратураның және Әділет министрлігінің құрамында әрекет етеді.
Ішкі істер органдарының бүкіл жүйесінің қызметіне лауазым бойынша ішкі әскерлердің қолбасшысы болып табылатын Ішкі істер министрлігі басшылық жасайды. Оны Республика Премьер-министрінің ұсынуы бойынша Президенттік қызметке тағайындайды және қызметінен босатады. ІІМ ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесіне басшылық жасайтын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Ішкі істердің аумақтық органдары — облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, Ішкі істер департаменті және көліктегі, қалалық, қалалардағы аудандық, ауылдық, жол бойының ішкі істер бөлімдері ішкі істер органдары жүйесінің негізгі буыны, аталған органдар ішкі істердің өздерінен жоғары тұрған органдарына және жергілікті атқарушы органдарға тікелей бағынады.
Сонымен қатар қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, поселкелік, жол бойының ішкі істер бөлімдері өздері қызмет көрсететін аумақта қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтауды тікелей қамтамасыз етеді.

1. Ішкі істер органдарының қызметшілерінің атақтары

Құқық қорғау органдарының кәсіби қызметі — мемлекеттік қызмет болып табылады. Еліміз бұл органдардың алдына белгілі мақсаттар мен міндеттер жүйесін қояды. Мемлекеттік құқық қорғау органдарын қайта дайындайтын және әрі қарай жетілдіретін арнайы жүйелерді жасайды. Бұл талаптар құқық қорғаудың бүкіл жүйесіне және оның қызметкерлеріне қойылады.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі қызметтік іс-әрекетінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын және заңнамаларын, әскери жарғылардың талаптарын басшылыққа ала отырып, саяси мақсаттарды бағытқа алатын қоғамдық ұйымдар мен ұйымдасқан бірлестіктердің қызметіне қатысы болмағаны жөн. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясын, оның заңдары мен заңнамаларын қатаң түрде сақтауға және әскери жарғылардың талаптарын орындауға, әскери антқа және өз халқына адал болуға, өз еліне қызмет етуге, ерлікпен, Қазақстан Республикасын қорғауға, әскери борышын адал түрде орындауға, әскери қызметтің қиындықтарына төтеп беруге, өз Отанының патриоты болуға және т.б. міндетті [1].

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери
қызметшілерінің әскери атақтарының тізімі
Құрамы
Әскери атақтар

әскерлік
кемелік
Жауынгер мен матростар
Қатардағы жауынгер
Ефрейтор
Матрос
Аға матрос
Серданттар (старшиналар)
Кіші сержант
Сержант
Аға сержант
Үшінші дәрежелі сержант
Екінші дәрежелі сержант
Бірінші дәрежелі сержант
Штаб-сержант
Шебер-сержант
Екінші дәрежелі старшина
Бірінші дәрежелі старшина
Бас старшина
Үшінші дәрежелі старшина
Екінші дәрежелі старшина
Бірінші дәрежелі старшина
Штаб-старшина
Шебер-старшина
Кіші офицерлер
Лейтенант
Аға лейтенант
Капитан
Лейтенант
Аға лейтенант
Капитан-лейтенант
Аға офицерлер
Майор
Подполковник
Полковник
3-дәрежелі капитан
2- дәрежелі капитан
1- дәрежелі капитан
Жоғары офицерлер
Генерал-майор
Генерал-лейтенант
Генерал-полковник
Армия генералы
Контр-адмирал
Вице-адмирал
Адмирал

Медициналық немесе әділет, әскери-есептік мамандықтары бар офицерлердің әскери атақтарына сәйкесінше медицина қызметінің, әділет, т.б.ұғымдары біріктіріліп айтылады. Ал авиацияның жоғарғы құрамдағы офицерлерінің әскери атақтарына авиациялық деген ұғым қосылып айтылады. Қосалқы құрамға шыққан әскери шенділерге қосалқы құрамдағы, ал демалыстарға демалыстағы деген сөздер қосылып айтылады. Әскери қызметшілер әрқашан жоғары мәдениеттің, қарапайымдылықтың үлгісі болуға, өзінің қадір-қасиетін қорғап, басқалардың қадір-қасиетін құрметтеуге тиіс.
Әскери оқу орындарының әскери атақтары жоқ сержанттық құрамын, сондай-ақ оқу-әскери бөлімдерінің курсанттарын, оларға сөз айтқан кезде тегін қосып курсант деп немесе Курсант мырза деп атаулары қажет. Өздеріне бастық немесе аға шенді тіл қатқан кезде әскери қызметшілер саптағыдай тіктеліп, өздерін таныстырады, яғни лауазымын, әскери атағы мен тегін атайды. Қол алысқан кезде аға шендегісі қолын бірінші болып береді. Егер аға шенді қолғабы жоқ болатын болса кіші шенді қол алысу алдында оң қолынан қолғабын шешеді. Бас киімсіз әскери қызметшілер қол алысумен қоса басын жеңіл иеді. Ал бағыныштылар болса кіші шендегілер қызмет бабымен бастықтар мен аға шендіге сөз айтқан шақта оларды атағының соңына мырза деген сөзді қосып, әскери атағы бойынша атайды. Әскери қызметшілер саптан тыс бір-біріне тек қана әскери атағы бойынша ғана емес, аты мен әкесінің аты бойыеша да тіл қатыса алады. Күнделікті өмірде офицерлерге офицер ұғымы деген сендіруші тіркесті қолдануға рұқсат беріледі. Әскери атақтарды өз бетінше бұрмалау, әдепке лайықсыз сөздерді, мазақ және лақап аттарды қолдану, дөрекі сөйлесу бұл дегеніміз әскери ар-намыс пен әскери қызметшілердің қадір-қасиеті ұғымына кір келтіреді. Өзінің қызмет жағдайы мен әскери атағы бойынша әскери қызметші бір-біріне бастық немесе бағынышты болуы мүмкін.
Бастықтың бағыныштыға бұйрық беруге құқығы бар және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға міндетті болып табылады. Бастық бағынышты үшін әдептілік пен ұстамдылықтың үлгісі болуға тиіс. Сонымен қатар бағыныштының адамдық қадір-қасиетін қорлайтын іс-әрекеті үшін бастық жауапкершілікте болады.
Бағынышты бастықтың бұйрықтарын сөзсіз орындауға міндетті. Атқаратын штаттық лауазымы бойынша қызметтік міндеттеріне сәйкес бағыныштыларға басшылықты жүзеге асырушы әскери қызметшілер өзінің қызмет жағдайы бойынша бастықтар болып табылады [2].
Командир қызметі жөнінен өзіне бағынышты әскери қызметшілер үшін бастық болып табылады.Қызметі жөнінен уақытша болса да әскери қызметшілер бағынатын бастықтар тікелей бастықтар болып табылады. Бағыныштыға ең жақын төте бастық тікелей бастық деп аталады. Қызмет жөнінен бағыныштылық тәртібіне байланыссыз мынадай әскери қызметшілер әскери атағы бойынша бастықтар болып табылады:
— армия генералдары, адмиралдар — аға және кіші офицерлер, старшиналар, сержанттар, жауынгерлер мен матростар үшін;
— генералдар, адмиралдар, полковниктер мен 1-дәрежелі капитандар — кіші офицерлер, старшиналар, сержанттар, жауынгерлер мен матростар үшін;
— подполковник шеніндегі аға офицерлер, 2-дәрежелі капитандар, майорлар, 3-дәрежелі капитандар — старшиналар, сержанттар, жауынгерлер мен матростар үшін;
— кіші офицерлер — старшиналар, сержанттар, жауынгерлер мен матростар үшін;
— старшиналар мен сержанттар — олармен бір әскери бөлімдегі жауынгерлер мен матростар үшін.
Өзінің қызмет жағдайы мен әскери атағы бойынша басқа әскери қызметшілерге қатысты олардың бастықтары немесе бағыныштылары болып табылмайтын әскери қызметшілер аға немесе кіші шенділер болып табылады. Аға шенділік әскери қызметшілердің әскери атақтылармен айқындалады. Әскери атағы бойынша аға шенділердің кіші шенділерден әскери тәртіпті, қоғамдық реттілікті, мінез-құлық қағидаларын, әскери киім нысанын киіп жүруді және әскери сәлемдесу рәсімін орындауды … жалғасы