Қазақша өлең: Олжас Отар (Қазақтың арулары!)

0

Қазақша өлең: Олжас Отар (Қазақтың арулары!) казакша Қазақша өлең: Олжас Отар (Қазақтың арулары!) на казахском языке

Ханшадай ертедегі,
Шетінен көркем еді.
Жанымды өртеп еді,
Қазақтың арулары
Даламның еркелері!
Қазақтың арулары.

Күтетін алдан бағы,
Тектілік — талғамдары.
Талайдың армандары —
Қазақтың аруларын
Ұнатып қалғам тағы!
Қазақтың аруларын.

Ұнатпау қиын екен,
Пəктігі биік екен.
Сезімі құйын екен,
Қазақтың аруларын.
Мəңгілік сүйіп өтем.
Қазақтың аруларын!

Шолпандай жұлдыздары,
Адалдық — шың, құздары.
Жайнаған құндыз бағы,
Қазақтың арулары,
Жұмақтың үр қыздары.
Қазақтың арулары!