Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Шыда, шыда + видео)

0

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Шыда, шыда + видео) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Шыда, шыда + видео) на казахском языке

Шыда, Шыда,
Шыда
й түс, шыда тағы!
Шыдамдыны мына өмір ұнатады.
Үміттің құлан иек құла таңы
Әйтеуір бір атады, бір атады.
Өкінбе, өкпелеме
Бүгініңе
өмір, өмір!
Болмайды түңілуге.
Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,
Қайта тұрып қақың бар жүгіруге.
Түсінемін жаныңның ауырғанын,
Шыдадың ғой, шыдай түс, дамылдағын.
Иогтардың тәсілін қабылдағын,
Басқасына бас ұрып табынбағын.
Шыда, шыда
Шыдай
түс, тағы шыда,
Тау құлатқан тасқынның ағысына.
Кір жуытпай кіршіксіз намысыңа,
Қарысуға болады, алысуға…