Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Шеше, сен бақыттысың + видео)

0
101
Advertisement

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Шеше, сен бақыттысың + видео) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Шеше, сен бақыттысың + видео) на казахском языке

Шеше
Сен бақыттысың
,
Жыламағың!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағың, жыламағың!

Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасындамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағың,
Байырғы берекеңді қашырмағың.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Шеше» деп жаздым ылғи сөз басына.

(Тәңірім кеше көрсін кесірімді)
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Шеше,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…


Автор: 5 жасар Төрехан Данияр.
ҚАРАСАЗ ауылы

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз