Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Наурыз айы туғанда)

0

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Наурыз айы туғанда) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Наурыз айы туғанда) на казахском языке

Наурыз айы туғанда,
Той болушы еді бұл маңда.
Сақталушы еді сыбаға,
Сапарға кеткен

ұлдарға,
Наурыз айы туғанда.

Наурыз, наурыз, күнгі игі!
Күні игі жердің — түрі игі.
Бауыры жылып науат қар,
Бабымен ғана жібиді.
Шашылып ырыс шанақтан,
Шақырып бір үй бір үйді,
Шаттанушы еді бір игі.

Осынау игі кең жерге,
Наурыз айы келгенде.
Наурыз тойын бергенде,
Көрмегендер де арманда,
Арманда оны көрген де.
Келіп ем өмір-орманға,
Наурыз айы келгенде.