Қазақша өлең: Мергүл Асылханова (Мақпал мұң. . .)
Мақпал ақын, Мақпал сəуле, Мақпал мұң,
Мақпал мұңға құпиямды ақтардым.
Құйып алып жүректегі нұрыңнан,
Келді білем уысымда ап қалғым.
Мақпал мұңға құпиямды ақтардым.
Құйып алып жүректегі нұрыңнан,
Келді білем уысымда ап қалғым.
Дидарыма жап жарық боп түсіп Күн,
Шөлдеппін де кəусарыңнан ішіппін.
Жанарыңнан төгілгенде мейірім,
Тұрған мені жып жылы бір құшып мұң.
Аспан ару, аспан əуен, əридай!
Пенделер көп, адамдар аз фəниде ай.
Кеткеніңде көкке ұшып қалықтап, Өлең болғым келіп кетті Дариға ай!
Мөлдір шығы ағып түсіп ақ таңның,
Ессіздіктен ес жия алмай жатқанмын.
Көгершінін көкірегіме қондырып,
Сүйіп тұрды маңдайымнан Мақпал мұң. . .
Сүйіп тұрды маңдайымнан Мақпал мұң. . .