Home›Білім›Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Атадан туған аруақты ер)
Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Атадан туған аруақты ер)
23 Ақпан, 2019, 13:11
0
Атадан туған аруақты ер Атадан туған аруақты ер Жауды көрсе, жапырар Үдей соққан дауылдай. Жамандарға қарасаң, Малын көрер жанындай. Жүйрік аттың белгісі Тұрады құйрық-жалында-ай. Айтып-айтпай немене, Халық қозғалса, Тұра алмайды хан тағында-ай!