«Алтынкөл» стансасының бастығы парамен ұсталды

0
115
Advertisement

Ол жүйелі түрде жалпы сомасы 17,8 мың доллар көлемінде пара алды, деп күдіктелуде.

«Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ»-на қарасты «Алтынкөл» теміржол стансасының бастығы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюро департаментінің қызметкерлері шұғыл іздестіру шарасын өткізу барысында «ҚТЖ ҰК» АҚ «Алтынкөл» теміржол стансасы бастығы тарапынан пара алу дерегін анықтады.

Ол радиация фонының деңгейі нормадан жоғары болғанына көз жұмып, тұтыну тауарлары тиелген вагондарды кедергісіз өткізгені үшін кәсіпкерлерден жүйелі түрде жалпы сомасы 17,8 мың доллар көлемінде пара алды деп күдіктелуде.

20 ақпан күні күдікті азамат Талдықорған қаласындағы тергеу абақтысына уақытша қамалды.

Тергеу жалғасуда.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз