Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Арғымаққа айдай таға қақтырса)

0

Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Арғымаққа айдай таға қақтырса) казакша Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Арғымаққа айдай таға қақтырса) на казахском языке

Арғымаққа айдай таға қақтырса,
Кілегей қатқан Еділдің
Көкше мұзынан таяр ма?
Ата ұлының баласы —
Асыл ерге малың бер,
Малың бер де басың қос —
Басыңа тарлық түскенде,
Ардақтаған әділ жанын аяр ма?!