Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Бөлектігің)

0

Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Бөлектігің) казакша Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Бөлектігің) на казахском языке

Бөлектігің,-
Көп жұлдыздың ішінде
Көзге бұрын ұшырасқан айдайсың,

Зеректігің
Сен тұрғанда алға кітап жаймайсың,

Сиректігің
Шатыр етіп, баяғыда бір түсіп,
Жер бетіне шығып қалған жайдайсың.

Өлме деймін
Өлмей жүрсің — ризамын,
Білем, бірақ, бір күн тілімді алмайсың!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!