Қазақша өлең: Ескендір Хасанғалиев (Анаға сәлем)

0

Қазақша өлең: Ескендір Хасанғалиев (Анаға сәлем) казакша Қазақша өлең: Ескендір Хасанғалиев (Анаға сәлем) на казахском языке

Мереке күніңмен,
Қарсы алам өзіңді.
Сәбилік сезіммен,
Арнаймын сөзімді.

Қайырмасы
Көргенше алаңмын,
Аңсаймын, толғанам.
Қабыл ал, балаңның,
Сәлемін жолдаған.

Бөбегің оянса,
Ұйқыңнан мың тұрдың.
Гүліңмен балауса,
Көктемдей құлпырдың.

Қайырмасы

Аялап алақан,
Мәпелеп өсірген.
Аяулы жан анам,
Қатемді кешірген.

Қайырмасы

Сырымды ұғатын,
Өзіңсің қуатым.
Күнімсің шығатын,
Айымсың туатын.