Қазақша өлең: Есенбай Дүйсенбайұлы (Қабылдауда)

0
247

Қазақша өлең: Есенбай Дүйсенбайұлы (Қабылдауда) казакша Қазақша өлең: Есенбай Дүйсенбайұлы (Қабылдауда) на казахском языке

– Қайтпайсың ба, ауып кетті екінді?
– Күтем әлі айналғанша іңірге.
Әкіматта есіктер бар не түрлі…
– Ашпадың ба?
– Аша алмадым бірін де.
– Қызметіңді болар ма екен білуге,
Атшымысыз?
– Иә, әрине, атшымыз.
– Кірмейсің бе?
– Рұқсат жоқ деп кіруге,
Жібермейді алдындағы хатшы қыз…
– Мұндай қысың бұрын-соңды болмаған.
– Қалаң анау ақ түтекке оранған.
– Балаң нешеу?
– Үскірікте он балам
Үсіп өліп қалмаса игі бораннан.
– Оңайлықпен тоқтай қоймас бұл еркең,
Кәсібің не, үйің бар ма, шырағым?
– Боқшанамен қоқыс тасып күнелтем,
Бір орыстың падбалында тұрамын.
– Әй, қарындас, кірсін мына кісіміз,
Жанашырлық жасасайшы пақырға-ай.
– Онда сіздің болмасын түк ісіңіз,
Рұқсат жоқ, бастық өзі шақырмай!
– Қой, кетелік, беті бетпақ, қатты екен.
– Қайта бергін, асықсаң сен жүруге.
– Аман боп тұр, бұлар бар ғой, атшекем,
Құдайға да: «Рұқсат жоқ!» дер кіруге.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!