Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Ұстаздардың ұстазы)

0

Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Ұстаздардың ұстазы) казакша Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Ұстаздардың ұстазы) на казахском языке

(Әбікей Зейінұлы Сәтбаевқа)

Қанағат ап қиялдың қанатынан,
асуында арманның таң атырған.
Әбікей ол – ұстазы ұстаздардың
Баянаула тасынан жаратылған.

Әбікей ол – қатардан асып туған,
Жаратушы ілімді нәсіп қылған.
Сөздерінен Баянның самалы есіп,
Шадыраның жұпарын шашып тұрған.

Әбікей ол – торғайдай шырылдаған,
ұлты үшін жан сөлін сығымдаған.
Тораңғыдай тамырын терең тартқан,
сексеуілдей дауылға жығылмаған.

Әбікей ол – тәлімді жетелеген,
асқарына білімнің төтелеген.
Баянтаудай абырой жинаса да,
биіктемей жүріпті бетегеден.

Әбікей ол – Сәкен де даралаған,
сөзін өлшеп,
санасын саралаған.
«Мың өліп, мың тірілген қазағының»
тағдыры ет жүрегін жаралаған.

Тас бұлақтай санасы сарқыраған,
ақ айдындай жүрегі жарқыраған.
Әбікей ол – тумасы табиғаттың,
ұстаздардың ұстазы, Алтын адам!


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!