Рауан Қабидолдин | өмірбаяны

0

Рауан Қабидолдин Ержанұлы – 1989 жылы ШҚО, Өскемен қаласына қарасты Катон-Қарағай ауданында дүниеге келген. Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған мектеп гимназия-интернатының түлегі. Қарағанды қаласындағы ҚарМУ-дің филология факультетін тәмәмдаған. 

Қазіргі уақытта Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК қызметкері, «Жыр-Жауһар» поэзия клубының мүшесі. Сүйікті ісі – кітап оқу. Сүйікті ақындары: Абай Құнанбайұлы, Мұқағали Мақатаев, Жұматай Жақыпбаев. Жыр жазуды метеп қабырғасынан бастаған. Өзінің ардақ тұтып, есімін күні бүгінге дейін қастерлеп келе жатқан ұстазы Жадыра Сейсембаева есімді мұғалім. Ел болашағын қалай елестетесің деген анкета сауалына: «Қарыштаған қазақ елінің қара аспанды қақ жарып бара жатқанын көрем» деп жауап қайырды. 

Республикалық М.Мақатаев мүшайрасының 2 орын иегері.